С. Жайлауов физикалық химия


Егер (4) теңдеудегі шамалардың өлшем бірліктерінің мәнін орнына қойсақ, рефракция өлшемінің 1 см



бет7/127
Дата22.11.2022
өлшемі2,46 Mb.
#159355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127
Байланысты:
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

Егер (4) теңдеудегі шамалардың өлшем бірліктерінің мәнін орнына қойсақ, рефракция өлшемінің 1 см3, 1 м3-пен, яғни көлемдік екенін көреміз, олай болса рефракция бір мольдегі заттарға қатысты барлық молекулалардың қосынды көлемін көрсетіп, ондағы әрбір молекула злектрондарының поляризациялану қабілетін жинап, сипаттайды. Молекулалық рефракция заттың температурасы мен агрегаттық күйіне тәуелді емес, яғни белгілі бір таза затты газға, сұйыққа, қатты күйге айналдырып, молекулалық рефракциясын өлшесек, ол тек сол затқа тән бір мәнді көрсетеді. Молекулалық рефракция скаляр шама, ол меншікті салмақ, көлем секілді бағытсыз өлшем, бұл оның дипольдік моменттен өзгешелігі.
Молекулалық рефракция аддитивтілік заңға бағынады. Берілген күрделі химиялық қосылыстың молекулалық рефракциясы оның қүрамына енетін әрбір атомының электрондық рефракцияларының қосындысына тең. Атомдағы электрондық құбылыс тек
10
химиялық валенттілікті сипаттайтынын біз қарастырдык,. Демек, молекулалық рефракция әрбір атом табиғатын көрсетіп кана қой-май, ондағы әрбір валенттілік байланыстарды да сипаттайды. Мысалы, біз жаңадан органикалық қосылыс синтездеп алсақ, оның қайнау температурасын, молекулалық салмақ, кұрамын анықтай-мыз, оптикалық сыну көрсеткішін өлшеп, меншікті салмағын есеп-тейміз. Осы деректерді (4) теңдеуге қойып, оның молекулалык рефракциясын есептеп шығарамыз, мұны тәжірибе нәтижесінде табылған рефракция дейді. Синтездеп алған қосылыстың құрамын, құрылысын болжап, ондағы атомдар арасындағы байланыс бойын-ша, соларға қатынасы бар мәндегі өлшемді анықтамадан тауып, орнына қоямыз да, есептейміз және мұны есептелген рефракция дейміз. Егер осы есептелген рефракция мәні, тәжірибе пәтижесінде алынғанға тең не жуық болса, онда біздің болжауымыздың дұрыс болғаны. Осылайша белгісіз қосылыстың молекулалық кұрамын, кұрылысын анықтауға болады. Осы тұста ескеретін бір жай, зерттелетін қосылыс құрамында, этиленді, ацетиленді байланыстар болса, онда оларға қосымша түзетулер енгізуді ұмытпау керек.
§ 2. МОЛЕКУЛАЛЫҚ СПЕКТР
Молекүлалық спектрдің жалпы сипаты. Спектр — берілген физикалық шаманың қабылданатын әр түрлі мәндерінің жиынтығы. Спектрлі әдісте зерттелетін атомдар мен молекулалардың электро-магнигті толқындарды таңдап, талғап өзіне сіңіру, тарату қабілеті пайдаланылады. Бұл әдістер молекулаларда қатарынан жүретін бірнеше құбылыстарды білуге мүмкіндік береді, атап айтканда, электрондардың бір энергетикалық денгейден басқа деңгейге ауысуы, бүтіндей молекуладағы не оның құрамына енетін атом мен элементар бөлшектерде болатын тербелмелі не айналмалы қозғалыс энергиясының өзгеруі, т. б.
Оқшауланған атомдар мен молекулалардың қозғалысындағы ерекшеліктері олардың спектр құрылымынан көрінеді. Атомдарға сызық-сызық болып көрінетін спектрлер тән. Олардын әрбір сызығы жеке-жеке, анық және әрқайсысы белгілі бір жиіліктегі жағдайды білдіреді. Демек, атомдардағы шығару спектрлері. электрондардын қоздырылған энергетикалық деңгсйден ңегізгіге ауысқан кезінде пайда болады. Ондағы тербелістің жиілігі квантталу шартымен анықталады: ү= (Е, — Е0) : һ; (\v — тербеліс жиілігі; Е{ — қоздырылған деңгейдегі электрон энергиясы; Е0 —негізгі деңгейдегі электрон энергиясы; һ — Планк тұрактысы).
Атомдық спектрмен салыстырғанда, толық молекулалық спектрлер әлдеқайда күрделі. Олар бір-біріне өте жақын, жиі тшті кейде бірігіп, бүтін бір жолақ болып көрінетін көптеген сызықтан тұрады. Мұндай спектрлер молекуладағы өте күрделі және көптеген құбылыстар мен өзгерістерді көрсетеді, мысалы, ядроның тербелуі және оның тепе-теңдік жағдайдан ауытқуы, электрондардың ауысуы, кванттық өзгерістер, т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет