Мектеп: «№17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектебі» кмм



Дата22.08.2017
өлшемі49,51 Kb.
#24663
Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп: «№17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектебі» КММ

Тәлімгер:

Пәні: математика

Тақырыбы: Көлемді қалай өлшейміз?


Күні: 07.11.16 жыл

1 «А» сынып

Оқу мақсаттары:

“Литр” түсінігін көлем өлшемінің стандартты өлшем бірлігі ретінде енгізу. Көлем шама екенін түсінуге әртүрлі жағдайлар туғыза отырып жаттықтыру.

Әр оқушы санағанда еркін қолданатын сан шекараларын анықтау; 10 көлеміндегі заттарды санау дағдыларын жетілдіру.



Бағалау критерилары:

1.1-10-ға дейінгі сандарды қосу, азайту, компоненттерін атау. -3 балл

2.Көлемді өлшеу,өлшем бірліктерді қолдану-3 балл

3.Салыстыру-3 балл



Дискрипторлар:

А. шамалардың мәндері мен өлшем бірліктерін салыстырады (ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) және амалдар орындайды;

В. ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін құралдар таңдап, өлшемдер жүргізеді;

С. өлшем бірліктерді (см/кг/л) қолданып өлшейді.



Тілдік мақсат:

Литр

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Мұғалімнің іс –әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

5минут

Сабақтың басы

1.Орындарынан тұрғызу, бір-біріне қарап тұру.

2.Топқа бөлу, түстерді атату

3.1-10-ға дейін тура, кері санату.

4. 10-ға дейінгі қосу, азайту



1.Хормен бір-біріне математика сабағы сәтті өтуін тілейді.

2.3 топ болып отырады.

3. Санайды, көршілерін атайды
4. Мәнін табады


Түсті қағаз,

сандар

кеспелер



Сабақтың ортасы
10 минут

Ұзындықты немен өлшейміз?

Массаны қалай өлшейміз?

Ал көлемді қалай өлшейміз?

-Дұрыс, литр өлшем бірлігімен өлшейміз.

Оқушылармен талқылай отырып түсіндіремін.

Оқулықпен жұмыс.

70-71 бет

Литр –өлшем бірлігі, қысқаша л әрпімен белгілейміз. (Сыйымдылық)


Сызғышпен, см –мен өлшейміз.

Таразымен, кг-мен өлшейміз.

Стаканмен , текшелермен, банкамен, шелекпен өлшейміз.

Мұғаліммен талқылайды.


Тыңдайды.

4 л сумен көк шелек толады 1+1+1+1

6л сумен сары шелекті толтыруға болады.1+1+1+1+1+1

5л су -1л-1л=3л қалды

5-(1+1)=3л

Стаканға сыймайды, бөтелкеге сыяды.

4л су бар.



екі әртүрлі өлшеуіштер (бір литрлік құты және екі литрлік құты);

көлемі бір литрден кем ыдыс;

көлемі бір литрден артық ыдыс;

1 литр минералды суы бар бөтелке;

1 литр сүті бар пакет;

құйғыш (воронка).



Сергіту сәті

2 минут


Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн.




Шумақты айтып, қимылдар жасайды

қимыл

Қызықты тапсырма

8 минут





Құмыраға шырын құй.


Ыдыстардың көлемін тап.

1. Оқушылар бірінші құмыраны “1 л” белгіден асырып бояйды.

Екіншіні — “1 л” белгіден төмен бояйды. Үшіншіні — “1 л” белгімен дәл бояйды.

2. 1 л өлшеуіш ыдыстарды санап, әр ыдыстың көлемін табады.

Дәптер

Түрлі қарындаштар




Аяқталуы

10 минут


Қосу мен азайтуға мысалдар шығартамын

Әр қатарға 10-ға дейін санатамын, санап жатқанда тоқтатамын.




Сол сан мысалдың мәні болады

Оқу құралдары

есепшот


Сабақтың соңы

10минут



— Көлемді қандай өлшем бірлікпен өлшейді? (Литрмен.)

— Аквариумды суға толтыру үшін оған 1 литрлік ыдыспен 10 рет су құйды. Аквариумның көлемі қандай?

— Сыныпта қандай ыдыстардың көлемі 1 литрден артық болуы мүмкін?

— Дүкенде көлемі 1 литр ыдыстармен қандай азық-түлік сатылады?


«Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау



Рефлексия

Жоспарланған әрекет тиімді болды ма?





Жоспарланған әрекетте не тиімсіз болды?





Келесі сабақта нені жетілдіру қажет?






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет