Сұйық биоотын. Сұйық биоотын – биоотынның келешегі бар классы. Биоотындар сұйық түрде іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол және т.б. Оны әр түрлі өсімдіктерден алады: бидайдан, қант қамысы, рапстан және ағаш өңдеу қалдықтарынан.
Оны сұйық немесе мотор биоотыны деп атайды – өсімдік шикізатын өңдеу технологиясы барысында алынатын зат, оның негізінде табиғи биологиялық үрдісі қолданылады мысалы, ашу.
Биоэтанол. Қазіргі таңда биоэтанол өндірісі әлемдік деңгейде артып келе жатыр. Атап айтатын болсақ биоэтанолды ауыл шаруашылық дақылдарының ішінде; бидай, арпа, жүгері, қант қызылшасы, қант қамысы, рапс, картоп, күріш және басқа да агро өнімдерді өңдеу арқылы алуға болады (5 сурет).
Этанолдың танымал себебі оның өндірісінің экономикалық тиімділігінде жатыр, яғни рапстың тұқымының 2-4 т/га егілген өнімінен 1 гектар жерден 1-1,5 тонна биоэтанол және 2-2,5 тонна жоғары сапалы өсімдік азығын алуға болады.
Өсімдіктен алынатын мотор отыны дизель отынының көрсеткішіне жақын. Осылайша биодизельді пайдалану барысында шығарындылар айтарлықтай ауаға аз түседі.
5 сурет – Биоэтанол – сұйық биоотын.
Биоэтанолды өндіру нарығында ең белсенді «ойыншы» - Бразилия, оның үлесінің жалпы көлемі 48,5%. Этанол Бразилияда қант қамысынан өндіріледі.
2013 жылдың желтоқсан айында MnCAR (Миннесота Автокөлік Зерттеу Орталығы) автокөлік транспортарында биоэтанолды қолдану тиімділігі атты зерттеулер нәтижелерін жариялады.
Қарапайым автокөліктердің этанолды пайдалану бойынша зерттеу нәтижелеріне қызығушылық туды. Зерттеуге 2% -15% дейін этанол мен бензин қоспасы талқыға салынды. Іштен жаңу қозғалтқышы бар автокөліктер үшін Е30 (30% этанол және 70% бензин) ең оңтайлы қоспа болып табылды.
Бұл қоспа жанар-жағар май құрамындағы октан санын 95 арттырып, отынды тұтыну 1%-ға төмендеді, отын көліктердің іштен жану қозғалтқышының жұмысын жақсартады. Бұл экономиканың тұрғысынан көп емес, бірақ әлде қайда экологиялық көрсеткіш бойынша маңызды.
Отын ретінде биоэтанолды қолдану көміртек диоксидінің шығуын төмендетеді, яғни парник газын. Әрине, оның шығуының төмендеуі көптеген факторларға байланысты - қолданылатын өсімдік шикізаты, климаттық аймақ, шикізатты өсіру үшін қосымша шығындар, тасымалдау, қайта өңдеу.
АҚШ-та 2008 жылдың жағдайы бойынша бидайдан этанолды өндіру барысында CO2 шығуының төмендеуі орташа есеппен 21% құраған. Егер, спиртті өндіру барысында оны табиғи газға айналдырғанда көмірқышқыл газының шығуы 29-35% төмендеуі мүмкін.
Биометанол. Биометанол – метанол, теңіз фитопланктондарын биотехнологиялық конверсиялау және дақылдандыру арқылы өңдегенде алынатын өнім (6 сурет).
70-ші жылдардың аяғы 80 жылдарың басында Еуропа қалаларында жағалаудағы теңіз фитопланктондарын биотехнологиялық конверсиялау және дақылдандыру арқылы өндірістік жүйеге бағытталған жобасы ұсынылды. Қазір бұл биоотынды өндіру бағытының болашағы бар деп есептелінеді, себебі фитопланктонның жоғары өнімділігі жылына 100 т/га, өнімді өндіру барасында тұщы су мен құнарлы топырақты керек етпейді және бұл процес ауыл шаруашылық өнімдермен бәсекелеспейді, энергия қайтару деңгейі жоғары.
6 сурет – Биоотын ретінде қолданылатын биометанол – метанол
Достарыңызбен бөлісу: |