С. К. Кабиева, Н. Г. Амантаев, Л. П. Ивлева, С. Н



бет4/5
Дата17.11.2016
өлшемі3,87 Mb.
#1962
1   2   3   4   5

Биодизель. Биодизель – өсімдік, жануар, микробтан шыққан майлар және олардан алынатын эфирден өндірілген биоотын түрі. Шикізат ретінде рапс, соя, пальма, кокос майы немесе кез-келген басқа да майлар, сондай-ақ тамақ өндірісіндегі қалдықтары, теңіз балдырлары қолданылады (7 сурет).

Биодизель автокөлік қозғалтқыштарында пайдаланылады және ол таза күйінде немесе кәдімгі дизель отыны бар қоспалар ретінде пайдаланылуы мүмкін. Мұндай қоспалар қозғалтқыштың құрылымдық өзгерістерін қажет етпейді.

Биодизельді қолдану экологиялық тиімді екені дәлелденген және күмән келтіремейді:

-биодизельдің суға түсуі жануарлар мен өсімдік әлеміне зиян келтірмейді;

-топырақта және суда биодизель 25-30 күн аралығында толығымен ыдырайды;

-биодизельді жағу барысында өсімдіктерге қажетті көмірқышқыл газының көлемі жағу мөлшері бойынша бөлінеді;

-классикалық дизель отынына қарағанда биодизельдің құрамында күкірт болмайды;

-құрамында күкірт қосылыстарының болмауы кезінде кәдімгі минералдық дизель майлау қабілетін жоғалтады, ал құрамында күкірт аз биодизель майлайтын қабілетке ие болады.



7 сурет – Биодизель – дизельді алмастырушы биоотын
Газ тәрізді биоотын. Газ тәрізді биоотын (биогаз, биосутегі) биомассаны ферменттеу немесе термиялық және биохимиялық процестерді пайдалану арқылы өңдеу нәтижесінен алынған өнім. Газ тәрізді биоотын түрінің ең көп таралған түрі - биогаз, ал өзгеше бір түрі биосутегі болып табылады. Биосутегі – термохимиялық, биохимиялық және басқа да әдістермен, мысалы балдырлар биомассасынан алынған сутегі.

Биогаз - көмірқышқыл газы мен метан қоспасынан тұратын органикалық қалдықтарды (биомассалар) ашыту арқылы алынған өнім (8 сурет).

Биогазды өндірудің қазіргі технологиясы бойынша бактерияның үш түрін қолданады:

- гидролизды бактериялар;

- қышқыл түзуші бактериялар;

- метан түзуші бактериялар.

Биогазды алу үшін қажетті шикізат өте кең. Негізінен бұл органикалық қалдықтар: фекальды тұнбалар, қи, құс қиы, сыра астығы, қызылша сығындысы, өсімдік, тұрмыстық қалдықтар және т.б. яғни биогазды өндіру үшін тамақ өнеркәсібінің және ауылшаруашылық қалдықтарынан алына береді, сондай-ақ арнайы өсірілген энергетикалық өсімдіктер- сүрленген мал азығы, балдырлар.



Қолданылып отырған технология және шикізаттың түріне байланысты 1 тонна қалдықтан 350 м³ газ бөлінеді. Мысалы, бір тонна ірі қара мал қиынан 70 м³ дейін биогаз, әр түрлі өсімдік қалдықтарынан 400 м³ биогаз, майдан 1400 м³ дейін метан алуға болады –бұл ерекше «биогазды рекорд» болып табылады.

8 сурет – Биогаз – биомассаның ашуы барысында алынған газ
Биогаздың басты артықшылықтары оның жаңартылуы, жанармай алу үшін жергілікті шикізат көздерінің болуы, көшет әсерін және органикалық қалдықтарды жинау жүйесінен экологиляқ зардапты төмендету, экологиялық томаға-тұйық энергетикалық жүйесін қамтамсыз ету болып табылады. Биотыңайтқыштар артықшылықтар қатарына, мысалы, өсімдіктердің қоректенуін, олардың әр түрлі ауруларға және қолайсыз топырақ пен климаттық жағдайларға төзімділігін береді. Биотыңайтқыштарды пайдалану топырақтың жоғары тұздылығы, сонымен қатар химиялық тыңайтқыштарды қолданбауды, жер асты суларының ластанбау мәселелерін шешуге көмектеседі.

Кәдімге табиғи газ қолданылатын жерде биогазды барлық салада қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет