46
- жалпы кәсіпорын, цех және участоктармен құрастырылған электрмен
жабдықтаудың жалпы сұлбасы.
Электрлік сұлбалар келесі типтерге бөлінеді:
- структуралық сұлбаларда электр құрылғысы жайындағы жалпы
мәліметтер бар, онда қызметтік бөліктері, олардың тағайындамасы мен өзара
байланысы көрсетіледі;
- принципиалды сұлбада бұйымның барлық элементтері бар, олардың
белгіленуі мен арасындағы барлық байланысы көрсетіледі;
- функцианалды сұлбалар барлық құрылғылардағы немесе кейбір
бөліктердегі болатын процесті түсіндіреді;
- қосылулар сұлбасы (монтаждық) электр құрылғылардың құраушы
бөліктерінің қосылуы мен жобамен орналасатын жерін көрсетеді;
- сыртқы қосылулар сұлбасы сол электр құрылғысының барлық
бөліктерін, қосатын сымдарын көрсетеді;
- бөлменің жоспарындағы сымдар сұлбасы бөлме ішіндегі электр
сымдарын орнатқанда қолданылады.
Әрбір кәсіпорында, цехта, учаскіде қызметтік және пайдалану
нұсқаулары болы керек, онда жауапты адамдар мен қызметкерлердің құқығы
мен міндеттері көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: