Білім деңгейін бақылаудың қорытынды нысанын бағалау
Емтихан 1 кезеңнен тұрады: Ауызша сауалнама
Ауызша сауалнама билет бойынша (әр билетте 2 сұрақ), әр сұраққа максималді 100 балл қойылады. Барлық бағалардың орташа арифметикалық мәні алынады.
Кіруге рұқсат рейтингісінің бағасы - 60%-ды құрайды, қорытынды бақылаудың бағасы - 40%-ды құрайды.
Егер білім алушылар қорытынды бақылаудан кіруге рұқсат рейтингісіндегідей оң баға алған болса ғана, (ИО)пәндері бойынша білім алушылардың академиялық рейтингісі есептеледі. (ИО)- ның есебін емтихан алушы формулаға сәйкес шығарады:
ИО = ОРД*0,6 + ОИК*0,4
Емтиханда студенттердің білімін бағалау критерийлері. «Өте жақсы» (100 балл)
Қойылған сұраққа толық жауап берілді;
Жауабында ашылған ұғым мен тұжырымдардың жүйелілігі байқалады;
Пән бойынша көрсетілген білімді пәнаралық қатынастар аясында қолдана білу;
Морфологиялық түзілістер препараттарда жылдам және сенімді көрсетілді;
Анатомиялық терминологияны еркін пайдалану;
Қосымша сұрақтарға қысқа және нақты жауап беру;
«Өте жақсы» (95 балл)
Қойылған сұраққа толық жауап берілді;
Жауабында ашылған ұғым мен тұжырымдардың жүйелілігі байқалады;
Пән бойынша көрсетілген білімін осы ілім жүйесінің аясында түсінеді;
Морфологиялық түзілістер препараттарда толық көрсетілді;
Анатомиялық терминологияны еркін пайдалану
«Өте жақсы» (90 балл)
Қойылған сұраққа толық жауап берілді;
Жауабы жұйелі;
Пән бойынша көрсетілген білімін осы ілім жүйесінің аясында түсінеді;
Морфологиялық түзілістер препараттарда дұрыс көрсетілді;
Анатомиялық терминологияны еркін пайдалану
«Жақсы» (85 балл):
Қойылған сұраққа толық жауап берілді;
Негізгі белгілерді бөліп шығару қабілеті көрсетілген;
Анатомиялық құрылымдарды демонстрациялау кезінде сенімсіздік бар;