С культура Древней Греции



Дата30.12.2021
өлшемі0,84 Mb.
#106676
түріСабақ
Байланысты:
Ежелгі Грекия өнерінде мифтер қандай көрініс тапқан презентация

3С бөлімі. Ежелгі Грекия мәдениеті

Сабақ тақырыбы: Ежелгі Грекия өнерінде мифтер қандай көрініс тапқан

Оқу мақсаты

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің мәдениетіне сипаттама беру

Бағалау критерийлері

  • Неліктен ежелде мифологиялық түсінік болғанын 2-3 себеппен түсіндіру.
  • Ежелгі грек өнеріне мифологияның ықпалын 2-3 мысалмен келтіру.

Пәндік лексика мен терминология

  • Эллиндік, Философия, Риторика
  • Гимнасиялар, Лицейлер, Академиялар
  • Палестра, стиль

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

  • Ежелгі гректер пайымдауларында риториканы қолдануды құнды деп санады, себебі…
  • Біз ежелгі грек білім беру жүйесі мен заманауи білім беру жүйелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын таба аламыз…
  • Біз Ежелгі грекғалымдарының әлемдік ғылымға қосқан үлесін бағалай аламыз, себебі…
  • Ежелгі грек жазба деректерінің … секілді дәлелдерге ие, сол себепті бізге олардың басқа өркениеттерге көзқарасы мысалы, скифтер туралы... айтады.

«Олимпиада алауының эстафетасы» бейнеролигі

  • https://ria.ru/sport/20160421/1416445420.html

Алғашқы олимпиада ойындары б.з.д. 776 жылы Олимпияда (Оңтүстік Грекия) төрт жылда бір рет өткізілді. Ойынға мыңдаған қатысушылар мен көрермендер Грекияның барлық полистері мен отарынан (колония)келді. Ойын кезінде грек мемлекеттер арасында соғысуға тыйым салынатын еді. Барлық ерікті гректер – ерлер (әйелдерге көрермен ретінде де қатысуға тыйым салынған) жарысқа қатыса алатын еді.

Алғашқы олимпиада ойындары б.з.д. 776 жылы Олимпияда (Оңтүстік Грекия) төрт жылда бір рет өткізілді. Ойынға мыңдаған қатысушылар мен көрермендер Грекияның барлық полистері мен отарынан (колония)келді. Ойын кезінде грек мемлекеттер арасында соғысуға тыйым салынатын еді. Барлық ерікті гректер – ерлер (әйелдерге көрермен ретінде де қатысуға тыйым салынған) жарысқа қатыса алатын еді.

Ойындар бес күн жалғасатын еді. Бірінші күні құдайға құрбандық шалып, адал күресуге ант етсе, қазылар алқасы әділ шешім қабылдауға ант беретін. Кейінгі үш күнінде жарыстар өтетін: стадионда жүгіру, ұзындыққа секіру, найза мен диск лақтыру, күрес т.б. Екі аяқты арба (колесница) жарысы ипподрамда өткізілді. Үзілістер кезінде ақындар мен музыканттар шығып өз өнерлерімен тамсандырды. Бесінші күні жеңімпаздарды зәйтүн бұтақтарынан жасалған алқагүлдермен мараппаттады. Туған қаласында салтанатты қошемет көрсетіп, оларға мүсін қойып, өмір бойы тегін тамақтандырды.

Қазіргі олимпиадалық ойындар ХІХ ғасырдың аяғында қайта жаңғыртылды.

Антикалық дәуір тамаша мәдениетке ие болды— фәлсәфә, әдебиет, театр, сәулет өнері, мүсін өнері және т.б. Антикалық ақындар мен драматургтардың: Гомер, Гесиод, Эсхил, Софокл, Еврипид тағы басқалардың көркемдік өңдеуінің арқасында біз аниткалық мифтерді жақсы білеміз.

Антикалық дәуір тамаша мәдениетке ие болды— фәлсәфә, әдебиет, театр, сәулет өнері, мүсін өнері және т.б. Антикалық ақындар мен драматургтардың: Гомер, Гесиод, Эсхил, Софокл, Еврипид тағы басқалардың көркемдік өңдеуінің арқасында біз аниткалық мифтерді жақсы білеміз.

Мифтік түсінік барлық әлем халықтарының даму кезеңінде болды. Мифологические представления существовали на определённых стадиях развития практически у всех народов мира. Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі толық жетілмеген біртұтас ең көне формасы. Мифология гректің mifos – аңыз, ертегі және logos – ілім, білім деген сөздерінен шыққан.

Балкан түбегінде ежелгі эллиндер мекендеген. Олар әлемге бай мұра қалдырды: тек сәулетті ғимараттар, әсем антикалық қабырғаға салынған сурет пен мәрмәр мүсіндір емес, сонымен қатар ұлы әдеби туындылар, ежелгі аңыздар – әлемнің құрылысын, табиғаттағы және қоғамдағы құбылыстарды көрсететін Ежелгі Грекия мифтері.


Аполлон

Афродита



Зевс

Афина, Посейдон, Дионис, Аид


Ежелгі Грекияның мифологиялық кейіпкерлерін атаңыз.

Ежелгі Грекияның мифологиялық кейіпкерлерін атаңыз.

Мифологиялық кейіпкерлердің қайсысы сіздерге жақынырақ, талқылаңыздар?

Неліктен адамдар грек мифологиясына әлі күнге дейін қызығушылық танытады? (5минут)

Топтық тапсырма: құдайлардың бірін таңдап алып, онымен ойша сұхбат жүргізіңіздер:

  • - Сіз не істей аласыз?
  • - Сіз адамдарға не үйреттіңіз?
  • - Құдай болу оңай ма?
  • - Сіз қандай адамдарға көмектесесіз?
  • - Сіздің ішіңіз пысатын кезіңіз бола ма? (10 минут)

Екінші нұсқа

Екінші нұсқа

Өздері басты кейіпкер болғысы келетін бір аңызды таңдап, сол аңыздың жаңа нұсқасын жасау ұсынылады.

Оқушылар төменде көрсетілген мифтік кейіпкерлерін таңдай алады:

  • Зевс – Олимптің бас құдайы
  • Афродита – махаббат құдайы
  • Аполлон – музыка құдайы
  • Посейдон – теңіз құдайы
  • Дионис – шарап құдайы .
  • Аид – жер асты патшалығының, өлімнің құдайы
  • Афина – соғыс, қолөнер . (10минут)

Топпен жұмыс

Топпен жұмыс

Мифтердің өнерге ықпалын айқындау үшін топтарда Ежелгі Грекияда кең таралған өнердің бірнеше түрі жайлы дереккөздер зерттеңіздер :

  • мүсін өнері
  • сәулет өнері
  • поэзия
  • кескіндеме (5минут)

Сыныппен талқылаңыз: неліктен ежелде мифологиялық түсінік басым болды? (сабақ қорытындысы)

Сыныппен талқылаңыз: неліктен ежелде мифологиялық түсінік басым болды? (сабақ қорытындысы)

Үй тапсырмасы таңдау бойынша:

А) Ежелгі грек өнеріне мифтердің ықпалын үш мысалмен жазып келіңіз.

Б) Неліктен замануи адамға мифологиялық дүниетанымнан көрі ғылыми дүниетаным маңызды?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет