С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет24/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2

Модификациялық жұрнақтардың кейбірінің түбірге жалғану шеңбері шектеліп те қалған. Олар грамматикалық сипаты жағынан категориялық түрлену жүйесінің көрсеткіші болу қасиетінен айрылып, сөзжасам қосымшаларына ауыса бастағанмен, сөздің лексикалық мағынасын бүтіндей өзгертіп жібермейді. Сондықтан ондай жұрнақтарды сөз тудырушы қосымшалар қатарында қарамай, тілдің даму барысындағы жұрнақтар мен сөзжасам қосымшалары арасындағы тұлғалар деп қараған жөн. Оларға қазіргі қазақ тіліндегі зат есімнің рендік мәнді жұрнақтарын, сын есімнің шырай категориясына ендіріп жүрген -ғылт -ғылтым, -шыл, -шылтым, -ша, -ше жұрнақтарын жатқызуға болады. Сондықтан да болу керек, модификациялық жұрнақтар арқылы жасалатын категория лексика-грамматикалық категория деп аталады.
Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, грамматикалық категория жасайды және ол категорияның грамматикалық сипаты сөздің түбір тұлғасынан өзгеше болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің таза грамматикалық категорияларының парадигмалық жұрнақтары болып саналады да, түбір тұлғаларды жіктеуге және етістіктің негізгі қызметі – предикат қызметін атқаруға дәнекер және негіз болып тұрады.
Осы тұрғыдан келгенде, зат есімнің көптік категориясының негізгі көрсеткіші деп танылып жүрген көптік жалғауды жалғау деп тану қиын-ақ. Өйткені көптік тұлға сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқармайды. (М-ҚТП-87) Өзі жалғанған сөзге көптік ұғым ғана үстейді. Мысалы, бала отыр, балалар отыр, жақсы бала, жақсы балалар. Көптік форма тек 2-жақта жіктік жалғаумен қабаттасып келгенде, сөз бен сөзді байланыстыруға қатысады: сендер келсеңдер (сендер келсең не сен келсеңдер емес), сіздер оқыңыздар, сіз оқыңыздар емес) т.б.
Форма тудырушы қосымшаларының жалғаулар тобына тәуелдік грамматикалық септік, көлемдік септік, жіктік жалғаулар жатады.
Жалғаулардың сөз бен сөзді байланыстыру қызметінен басқа да ерекшеліктері, атап айтқанда, сөйлемде түсіп қалып, жасырын қолданылу, нөлдік форма (М-ҚҚТ-ЛТ-74-76; и ГМФ-92-93) қасиеті бар. Мысалы, атау септіктің (ІІ-ЕИП-33-43; О.Б-ТАС, 6-11; В.Г.-ОНП), 3-жақ жіктік жалғаудың (көсемше формаларынан кейін жалғанғанда және бұйрық райдан басқа) арнайы жалғау тұлғасы жоқ, нөлдік форма болып саналады. Ілік, табыс септік жалғаулардың түсіп қалып жұмсалуы тілімізде жиі кездесетіні белгілі. Сонымен бірге басқа септік тұлғалары да, жіктік, тәуелдік жалғаулардың да түсіп қалуы кездесіп отырады. Біздің, сіздің, өзіміздің деген сөздермен тіркескен екінші сөздегі 1,2-жақ тәуелдік жалғаулары түсіріліп те айтылады. Қазақтың ақын-жыраулары тілінде, жыр үлгілерінде Базарбайдың Төлеген (І) Қобыландының Тайбурыл (ы) тәрізді конструкциялар буын санына сәйкес болу үшін ғана қолданылған үлгілер емес. М. Қашғаридың сөздігінде, О. Баласағұнның „Құтадғу білігінде" де бұндай құбылыстар кездесіп отырады. Мына мысалдарға да назар аударайық. -Мен сөз білмейтін қазақ деді тағы да Олжабек (Ә. Мұстафин). Менің ендігі байлығым -жалғыз сен! (Ғ. Мүсірепов). Мәскеу бардым, не көрдім (Жамбыл). Үркімбай босағаннан кейін, олар жосытып шапқылап, тау асып кетті (М. Әуезов). Бұл сөйлемдерде қазақ сен деген сөздер бірінші (қазақпын), екінші (сенсің) жақтың жіктік жалғаулары, Мәскеу, тау деген сөздер барыс (Мәскеуге), шығыс (таудан) септік жалғаулары түсіп қалып қолданылған. Сөйтіп, жалғаулар сыртқы формалық сипаты жағынан ашық және жасырын, нөлдік болса, мағыналық жағынан заттық, субстантивтік (тәуелдік, грамматикалық септіктер), субстантивтік-адвербиалдық (көлемдік септіктер) және предикаттық (жіктік жалғау) мәнде қолданылады.
Қазақ тіліндегі қосымшалардың осылай жіктелуі олардың түбірге (сөзге) жалғану тәртібінен де байқалады. Сөзжасам қосымшалары форма тудырушы қосымшалардан сөзге бұрын жалғанады. Тек функциялық қосымшалар ғана ондай орын тәртібін бұзуы мүмкін. Форма тудырушы қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі мынадай: әдетте ең алдымен модификациялық жұрнақтар, одан кейін грамматикалық жұрнақтар жалғанып, ең соңында жалғаулар қосылады. Қосымшалардың жіктелуін схемалық түрде былай беруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет