С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар



бет41/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2
ввя лекции, ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
Қазақ тіліндегі нолдік формалар мыналар:
1.Атау септік. Ол зат есімнің түбір тұлғасынан бөлек, мағынасы субстанттық, иелік мәнді білдіреді. Қызметі жіктік жалғаулы сөзбен (баяндауышпен) жақ арқылы байланысып, бастауыш болады.
2.Ілік және табыс септіктердің жасырын түрі. Бұларда да меншіктілік-қатыстық және тура объектілік мағына сақтала отырып, тілде ілік, табыс септіктерінің жасырын түрі үлгі (конструкция) ретінде жеке қолданылады.
3.Тәуелдік жалғаудың нольдік формасы: біздің үй, сіздің ауыл, өзіміздің бала, Базарбайдың Төлеген, т.б.)
4.Жіктік жалғаудың 3-жағы. Көсемшенің –а,-е,-й,-ып,-іп,-п, бұйрық рай тұлғаларынан басқа сөздер 3-жақты жіктелгенде, арнайы жалғауы болмайды, бірақ бастауышпен 3-жақ арқылы қиыса байланысып тұрады.
5.Бұйрық райдың жекеше анайы 2-жағы. Бұл сырттай етістіктің түбір тұлғасымен сәйкес келеді, бірақ екеуі бір емес. Бұйрық рай – етістіктің таза грамматикалық формасы. Бұйрық райдың 2-жағындаы көпше түріндегі (-ыңыз, іңіз,-ңыз,-ңіз) қосымшаның алғашқы –ың,-ің, -ң бөлегі осы бұйрық райдың 2-жақ көрсеткіші болып, кейін түсіп қалған болу керек.
Грамматикалық тұлғалардың ішінде нөлдік тұлғаның (форманың) сипаты ерекше. Сондықтан да көпке дейін өзіне тән грамматикалық мағынасы бар, белгілі қызмет атқаратын, солар арқылы ерекшеленетін арнайы грамматикалық тұлға ретінде танылмай, тілдің грамматикалық құрылысында омоформалардың жүйесі, әсіресе түбір тұлғалар немесе белгілі сөз табының сөз түрленіміне негіз болатын бастапқы тұлғасы мен парадигмалық сипаттағы сөз түрленімнің нөлдік тұлғасы бір-бірінен ажырамай, бірінің мағынасы мен қызметі екіншісіне телініп, жеке тұлғалар мен грамматикалық категориялар ғана емес, сонымен бірге тіліміздің грамматикалық жүйесі де шатастырылып келді. Мысалы, зат есімнің атау септік тұлғасы әрі зат есімнің түбір тұлғасымен, әрі 3-жақ жіктік тұлғасымен шатастырылып, тек бастауыш қызметін атқаратын атау септікті сөз әрі анықтауыш, әрі есім баяндауыш қызметтерін атқарады деп қате талданып келді. Атау септік тұлғасы-септік категориясының бір түрінің көрінісі, ал баяндауыш қызметін атқаратын сөз – жіктік тұлғасында тұрады, сондықтан жақ категориясының бір түрінің көрінісі болса, зат есімнің түбір тұлғасы грамматикалық категория тұлғалары емес, соны жасауға негіз болады. Сондай-ақ етістіктің бұйрық райының 2-жақ жекеше арнайы тұлғасы етістік түбірімен ұқсас болғанымен, екеуі бір емес, бұйрық рай – рай категориясының бір түрінің көрінісі де, етістіктің түбірі – оның (етістіктің) грамматикалық түрлену жүйесіне, соның ішінде грамматикалық категорияларға, мысалы, рай категориясына да, негіз болатыны белгілі. Сондықтан нөлдік тұлғаның мәні мен мәнісін танудың, қолданылу аясы мен қызметін анықтаудың мәні зор. Сонымен бірге қазақ тілінде нөлдік тұлғаның жалғаулар жүйесінде болатыны, оның басты себебі сөйлемде сөз байланыстыру қызметін атқаратын тұлға жалғаулардың әр түрлі себептен, мысалы, түсіп қалуы немесе әуел бастан тұлғасыз қалыптасуы, арнайы тұлғасы болмаса да өзі білдіретін грамматикалық мағынасы және әсіресе атқаратын қызметі (сөзді байланыстыруы) арқасында болатыны анықталып отыр.
Нөлдік форма да грамматикалық форма болып санала ма?
Нөлдік тұлға өзінше грамматикалық форма бола алатынын тіл зерттеуші ғалымдар атап көрсеткен болатын. Яғни тілімізде нөлдік тұлға деген тілдік (грамматикалық) құбылыс бар екендігінде дау жоқ. Бірақ нөлдік тұлғаға нелер жатады деген мәселеге келгенде, ғалымдардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, академик И.И.Мещанинов: „Бір топтағы сөздердің нөлдік тұлғалары морфологиялық көрсеткіштері тұлғаланған түріне қарама-қайшы оларды жеке бөліп қарауға критерий бола алады", — дейді (М - 22). Сондай-ақ О.П.Суник те атауыш сөздердің негізгі түбір күйінде формасыз тұлғалардың бәрін нөлдік грамматикалық форма дейді, - „Мысалы, іс сөзі іс деген түбір зат есім мен бұл жерде жекешелікті білдіретін нөлдік форма тудырушы қосымшадан тұрады. Сөздің бұндай құрылымдық типі барлық алтай тілдерінде ғана емес, үнді-еуропа тілдерінде де бар: орыс тілінде стул, қол сөздері түбір мен еркек тектің (мужской род) атау септік нольдік формасында тұр (МСС,66,77)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет