С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет59/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2

Пысықтау үшін сұрақтар
1.Сан есім деген не, ол қандай мағыналарды білдіреді?
2.Күрделі сан есімдер қалай жасалады?
3. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
4. Сан есім қалай түрленеді?
5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 92-104-беттер.

  2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 82-103-беттер.

  3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских

языков, морфология. М.,1956.

  1. Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А.,1988.

  2. Ә. Хасенов. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. А.,1957.



ХYІІІ. Есімдік


1. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
2. Есімдіктердің қалыптасуы.

  1. Есімдіктердің мағыналық түрлері: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, жалпылау есімдігі, болымсыздық есімдігі.

  2. Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.

  3. Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану – есімдікке айналу процесі.

  4. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.



Сабақтың мақсаты
Есімдіктің семантикалық сипатын, басқа сөз таптарының орнына жүретін мәнін түсіну арқылы жеке сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін біліп, қай сөз табының орнына жүрсе, солай түрленетінін, сондай қызмет атқаратынын меңгеру.

Есімдік – лекска-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.


Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет