С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет141/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Дәрумендер
(от лат. vita – өмір) – олар ағзада синтезделмейтін (немесе аз 
синтезделетін) тамақпен түсетін төменгі молекулалы органикалық қосылыстар. 
Дәрумендер алмасу үдерісіндегі реттеуші болып табылады және адам ағзасының барлық 
өмір сүру үдерісіне қатысады. Дәруменнің бір түрінің ағзаға аз мөлшерде түсуі 
гиповитаминоз тудырады, ал бірнеше түрінің аз түсуі полигиповитаминоз, ағзада дәрумен 


171 
ресурсының толық жойылуы –авитаминоз, ал керісінше дәрумендердің көп мөлшерде 
болуы – гипервитаминоз тудырады.
Дәрумендер 3 топқа бөлінеді:

Суда еритін (С, В
1
, В
2
, В
6
, РР (никотин қышқылы), Р, В
12
, В
3
, фолий қышқылы, 
биотин). 

Майда еритін (A, D, E, K). 

Дәрумен тәрізді қосылыстар (холин, инозит, U дәрумен, липой қышқылы, 
оротат қышқылы, В
15
дәрумені). 
С дәрумені (аскорбин қышқылы) қан түзуді, орталық жүйке жүйесінің жұмысын 
және иммунитетті реттейді.Тәуліктік қажеттілік 70 мг. С дәруменінің жеткіліксіздігі тез 
шаршағыштық, ал иммунитеттің төмендеуінен жиі сырқаттану байқалады. С дәруменінің 
нағыз көзі – бақша жасылы, жаңа піскен шикі көкөністер, жемістер және жидектер. Әсіресе 
итмұрын және қарақатта.
B

дәрумені (тиамин) жүйке жұмысының (орталық және шеткері) дұрыс қызмет 
атқаруына маңызды көмірсу және амин қышқылы алмасуын реттейді, В дәруменің 
жеткіліксіз болуы тітіркендіргіштікті жоғарлатады, жүрек-қан тамыр бұзылыстарын 
тудырады, асқорытуды бұзады және ұйқысыздық пайда болады. В дәруменінің тәуліктік 
қажеттілігі 1,8 мг. В дәруменінің ең бағалы көзі — құрғақ сыра ашытқысы, шошқа етінде, 
бидайда, нанда.
В

дәрумені (рибофлавин) ақуыз, май алмасу және тіндердегі қышқылдану үдерісін 
реттейді, көрудің жарыққа өткірлігін жақсартады, жүйке жүйесінің қызметіне жақсы әсер 
етеді, тері, бауыр қызметін жақсартады, қан түзуге қатысады. В
2
дәруменінің тапшылығы 
шырышты қабаттарда қабыну өзгерістерін тудырып, шаштың түсуін күшейтеді. Тәуліктік 
қажеттілік - 2 мг. Рибофлавин етте (бауырда), балықта, жұмыртқада, құста, нанда, 
қарақұмық жармасында және сүт өнімдерінде болады.
В

дәрумені(пиридоксин) ағзадағы көптеген алмасу үдерістеріне қатысады, жүйке 
жүйесінің, бауыр, қан түзу қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 2 мг. Дәруменнің 
жеткіліксіздігі жүйке бұзылыстарына, терінің тітіркенуіне әкеледі. В

дәруменінің көзі – ет, 
балық, жұмыртқа, картоп.
В
12
дәрумені(цианкоболамин) қан түзуге қажетті, жүйке жүйесінің жағдайына әсер 
етеді, бауырдағы май алмауға қатысады. Тәуліктік қажеттілік – 2-3 мкг. В
12 
дәруменінің 
жеткіліксіздігі кезінде жалпы әлсіздік, бас айналу, тәбетінің төмендеуі, тыныс алудың 
қиындауы, көрудің нашарлауы байқалады. Бұл дәрумен жануар текті тағамдарда әсіресе 
бауырда кездеседі. Өсімдік текті тағамдарда бұл дәрумен тіпті болмайды.
РР дәрумені(никотин қышқылы) жасушаның тыныс алуына қатысады, жоғарғы 
жүйке, асқорыту, қан түзу мүшелерінің қызметін реттейді, жүрек-қан тамыр жүйесіне, 
холестерин алмасуға әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік – 20 мкг. Жеткіліксіздік кезінде – 
депрессия, бастың ауырсынуы, аяқ-қолдың ауырсынуы, теріде жарылуылар байқалады. 
Етте және балықта болады.
А дәрумені ағзаның өсуіне және көруге жауап береді, тіндік тыныс алуға эндокринді 
бездердің қызметіне әсер етеді. Тәуліктік қажеттілік - 1 мг. Дәрумен жеткіліксіздік кезінде 
көру нашарлайды («соқыр тауық»). Көп мөлшерде мына тағамдарда болады: сәбіз, сиыр 
бауыры, балық майы, қызанақ, жасыл жуа, қызыл бұрыш, сары май.
D дәрумені кальций және фосфор алмасуды реттейді, олардың ішектен сіңіріліп 
сүйекке өтуі жүзеге асырады. Тәуліктік қажеттілік ерексектерде – 2,5 мг. Ана сүтін еметін 
балаларда дәрумен жеткіліксіз болса рахит ауруын тудырады. D дәруменінің көзі балық 


172 
майы, балық уылдырығы, жұмыртқа сарысы, сары май, ірімшік, сүт, шамалы мөлшерде 
саңырауқұлақта.
Е дәрумені жыныс жүйесінің қалыпты қызметін реттейді, бұлшықеттің жұмысын 
нығайтады, ақуыз және көмірсу алмасуға қатысады, А және D дәрумендерінің, майдың 
сіңірілуін жақсартады. Тәуліктік қажеттілік 10 мг. Е дәрумені жеткіліксіз болса 
бұлшықетте әлсіздік, жүйке жүйесінің күйзелуі, теріде өзгерістер болады. Е дәрумені 
жеткілікті мөлшерде салат жапырағында, бидайда, мақта майында, барлық жасыл 
көкөністерде, жұмыртқа және жануар майында, ең көп мөлшерде өсімдік майында 
кездеседі.
К дәрумені қан түзуді реттейді. Тәуліктік қажеттілік - 60-140 мкг. Дәрумен 
жеткіліксіз болса қан кетулер, қызыл иектен қан кету, анемия байқалады. Мына тағамдарда 
болады: шпинат, қырыққабат, асқабақ, қызамық, бауыр. 
Сондықтан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ас өнімдеріндегі 
ингредиенттердің құрамын және олардың адам ағзасына қатынасын, әсерін ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет