С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет86/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Өз ойын білдіру қажеттілігі
– адам қажеттілігінің ең жоғарғы деңгейі. Өз ойын 
білдіру қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрқайсысы басқалардан да артық жасадым 
деп сенеді. Біреулері үшін өз ойын білдіру – бұл кітап жазу, басқалары үшін–бақ өсіру, 
үшіншісіне – балаларды тәрбиелеу. 
Мейірбике науқасты күту жоспарын құрғанда, өз біліктілігі аясында көмектесуі 
қажет.
4.2 Науқастың жалпы жағдайы 
Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті 
және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады. Жалпы жағдайының ауырлығы 
ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже 
айқындылығына байланысты анықталады. Дәрігер жағдайының ауырлық дәрежесіне 


100 
байланысты диагностикалық және емдік шаралардың көлемін және шұғыл жасалу 
сұрақтарын шешеді, ауруханаға жатқызу көрсеткішін анықтайды, науқасты тасымалдау 
және аурудың соңы (болжау) туралы айтады.
Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады [29]: 

Қанағаттанарлық 

Орта дәрежесі 

Ауыр 

Өте ауыр (агония алды) 

Терминалды (агония) 

Клиникалық өлім жағдайы
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық
, егер ағзаның өміріне қажетті қызметі 
бұзылмаса, аурудың көптеген симптомдары болуы мүмкін, бірақ олар әлсіз айқындалған 
және науқастың белсенділігіне кедергі келтірмейді. Есі анық, төсектегі қалпы белсенді, 
тамақтануы бұзылмаған, дене температурасы қалыпты немесе субфебрилді. Науқас өзін-өзі 
күте алады. Қанағаттанарлық жағдай аурудың жеңіл түрі ағымында немесе 
реконвалесценция кезеңінде болады (жазылу).
Орта дәрежелі ауырлық жағдайы 
ағзаның өміріне қажетті қызметі бұзылған, бірақ 
науқастың өміріне қауіп төндірмейді. Есі анық, бірақ бел-әлпеті ауырған адамның түрі. 
Негізгі аурудың симптомдарының аздап айқындығы көрінеді: әр жерінің ауыруы, әлсіздік, 
қызба, ентігу және басқалары. Науқастың қозғалыс белсенділігі шектелген. Науқастың
белсенділігіжалпы әлсіздікті және ауырсыну симптомдарын үдетеді, бірақ науқас өзін-өзі 
күте алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет