С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет98/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
 
4.7 Тері қабатының жағдайын бағалау 
 
Тері жамылғысы жағдайын бағалау кезінде оның түсіне, пигментация немесе терінің 
түлеуі, бөртпелер, тыртықтар, тырналулар, ылғалдығы және серпімділігі, сонымен бірге 
ойық жараның пайда болуы және басқа да ақаулы элементтердің бар-жоқтығына көңіл 
бөлеміз. Тері жамылғысының түсі тамырлардың қанға толу дәрежесіне, қалыңдығына 
және терінің тұнықтығына байланысты. Дені сау адамдардың терісі бозғылт-қызғылт 
түсте болады. Аурулар кезінде ол бозарған, қызарған, көгерген, сарғайған және т.б. болуы 
мүмкін [26, 32]. 


115 
Тері түсі 
Бозарған 
тері түсі тері тамырларының қанға толуы жеткіліксіз болуына байланысты 
болады (тамыр түйілуі, қан кету салдарынан қан көлемінің азаюы, анемия). 
Терінің қызаруы
(қызарған жер) қысқа уақытқа болуы мүмкін (ұялу, ашулану, 
қобалжу), психикалық қозу әсерінен болады. Бір аймақтың қабыну процесі болғанда, дене 
температурасы көтерілгенде, жылы процедуралардың әсерінен қан тамырлардың 
кеңеюінде және теріге қанның келуінде, бірқатар дәрілік заттарды қолданғаннан кейін 
(никотин қышқылы, нитроглицерин және басқ.) және басқалары кезінде болуы мүмкін. 
Тері жамылғысының көгеруі
(көгерген түс) қанның оттегімен нашар қанығуы немесе 
қанайналымның баялауына байланысты болады. Көгеру жалпы және жергілікті болады. 
Жалпы көгеру өкпе, жүрек аурулары кезінде кездеседі. Бұл кезде терісі көгілдір-көк немесе 
қара-күлгін түсте болады. Жергілікті көгеру тамырда қанның іркілуі мен оның кері ағуының 
қиындауы салдарынан болады. Егер еріннің, мұрын, құлақ ұшының, құлақ қалқанының, 
бетінің көгеруі болса, оны акроцианоз деп атайды. 
Қола тәрізді немесе қошқыл-қоңыр түс 
зат алмасу бұзылыстары (бүйрек үсті безі 
жеткіліксіздігі), инфекциялар, онкологиялық ауруларда кездеседі. 
Пигментация
– күшейген (гиперпигментация) немесе жетіспеушілігі 
(депигментация). Гиперпигментацияға секпіл, қалдар жатады. Пигментацияның болмауы
витилиго деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет