С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет6/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
 
 
 
 
 
 



 
АЛҒЫ СӨЗ 
Медицина – халыққа жақсы сапалы, уақытылы медициналық көмекті 
және азаматтардың денсаулығын қорғау құқығын қамтамасыз ететін 
мемлекеттің қызметтік саласы. «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың денсаулығын 
жақсартуға бағытталған, денсаулық сақтау саласын дамытудағы стратегиялық 
міндеттемелерді анықтайды. Халықтың денсаулық жағдайының деңгейі, өз 
кезегінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриалды дамуының 
өлшемін анықтайды. 
Денсаулықсақтау саласындағы мемлекеттік шаралар 
жиынтығы 2020 жылға қарсы ана және нәрестелік өлімді екі есе төмендетуі, 
жалпы өлімді 30% азайтуы, туберкулезбен ауруды 20% қысқартуы қажет [1, 
9].
 
Қазақстан Республикасындағы жаңа заман денсаулық сақтау жүйесінің 
реформалаудың бірден бір бағыты – отбасылық маңызға сүйемелденген 
алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту мен жаңашаландыру 
болып табылады. 
Осыған байланысты алғашқы медициналық көмекті көрсету деңгейіндегі 
басты тұлға – жалпы тәжірибелі дәрігер (отбасылық дәрігер). Жалпы 
тәжірибелі дәрігер – кең салалы маман, госпитальға дейінгі деңгейде жедел 
жәрдем мен түрлі ауруларда кең салалы көмек көрсете алатын әмбебап 
дәрігер. Обасылық дәрігер қызметін қалыптастыру – ауруды ерте сатысында 
анықтау, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мемлекеттің 
еңбекке қабілеттілік әл-ауқатын сақтау, ерте жастағы өлім деңгейін 
төмендетуге бағытталған 
[1, 2, 3]. 
 
Денсаулық сақтау жүйесіндегі реформалардың орындалуы әсерлі болуы 
үшін алдымен мамандандырылған медициналық білім беру жүйесіне 
өзгертулер енгізу қажет. Студент 1-2 курстағы іргелі пәндермен қатар, 
болашақ 
дәрігердің 
мамандардырылған 
қызметінде 
қолданылатын 
медициналық білімдердің негізін де ұғынуы керек. Осыған орай, 
Қазақстанның барлық медициналық ЖОО-ның істегі оқу жоспарына 
«Клиникаға кіріспе» атты жаңа пән енгізілген болатын. 
Бұл медицина университеті студенттеріне арналған алғашқы клиникалық 
пән. Клиникадағы бірінші қадамға көп нәрсе байланысты. Осы пәнмен студент
мамандықты таңдау шешімінің дұрыстығы, кәсіби этика ережелері мен 
нормаларын орындау қажеттілігі жайлы түсінік қалыптасуы керек. Клиникаға 
келген студент - оған қоршаған қауым медициналық мамандық өкілі, болашақ 
дәрігерлердің жаңа заманы ретінде қарап жатқанын ұмытпауы тиіс 
[4].
Бұл пән негізгі пәндерге жатқызылып (жалпы кәсіби), «Жалпы медицина» 
мамандығы бойынша бакалавриаттың 1-2 курс студенттеріне арналады. 
«Клиникаға кіріспе-1» пәні студенттерді емдеу-алдын-алу мекемелердің 



жұмысын ұйымдастыру негізімен, ондағы санитарлық-эпидемиологикалық 
тәртіпті қамтамасыз ету, науқастарды күту мен бақылаудағы білім мен 
әдістермен таныстырады. Ал, «Клиникаға кіріспе-2» пәні студенттерді 
клиникадағы науқастарды бақылау мен күтім көрсетудегі қажетті 
манипуляциялық техниканы үйрену, дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің негізгі 
қағидаларын үйретеді. 
Науқастарды күту үрдерісін екінші реттік, «медицинаның өгейі» деп 
қабылдауға болмайды. Бұл шартсыз – аурумен күресудің нәтижелі болуы 
екіталай. Науқасты күту оларға қарасты көмектің бірқатар аспектілерін 
қамтиды. Бұл науқастың функционалдық жағдайын бақылау ғана емес 
(жалпы жағдайды бағалау, антропометриялық зерттеулер, тыныс алуды, қан 
айналым жүйесін бағалау), сонымен қатар танымал медициналық 
манипуляциялар (егулер, асқазан жуу, клизма қою, термометрия және т.б.). 
Дәрігер қызметіндегі маңыздысы – аурулардың синдромдық диагностикасын 
жүргізуді анықтау мен науқас жағдайын динамикалық бақылау болып 
табылады [5-8, 24].
Реанимация негіздерін оқыту да медициналық білімнің кез келген 
деңгейінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы оқу әдістемесінде 
студенттер түсінікті түрде терминалды жағдайлар, клиникалық және 
биологиялық өлім мен науқастардың осы санатына ургентті көмектің 
тәсілдерімен танысады.
Дәрігер өзінің болашақ кәсіби қызметі барысында тек нұсқауларына ғана
жауапкершілік алмай, сондай-ақ медициналық ұжымның көшбасшысы 
ретінде кіші және орта персоналдың жұмысын ұйымдастыруы керек. Жалпы 
тәжірибелі дәрігер қызметінің ерекшелігі кешенді медициналық көмек 
көрсетуге қажетті оңтайлы кәсіби даярлықты талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет