Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
87.
Дөңгелек бойына тоғыз сан жазылған: төрт рет 1 саны және бес рет 0
саны жазылды. Әр секунд сайын бұл сандарға мынадай операциялар
қолданылады:
-әрбір көрші тұрған сандар әртүрлі болса, олардың арасына 0 саны қойылады.
-әрбір көрші тұрған сандар бірдей болса, арасына 1 саны жазылады.
Сосын бұрынғы жазылған сандарды өшіріп тасталынады. Біраз уақыт өткен
соң, дөңгелек бойындағы сандар бірдей болуы мүмкін бе?
Шешімі: Жоқ. Себебі, бірдей сандарды алу үшін 1 мен 0 сандары кезектесуі
керек. Ал бұл есеп шарты бойынша мүмкін емес.
88.
Қорапта 101 тиын бар. Оның ішінде 50 тиын жалған және олар
шынай тиындардан салмағы бойынша 1 граммға ғана
айырмашылығы бар (артық немесе кем екені белгісіз). Алмат бір
тиынды алып, табақты таразыны бір рет ғана қолданып, оның
жалған немесе шынайы тиын екенін білгісі келеді? Алмат тиынның
қандай екенін біле ала ма?
Шешімі: Ия.
Алмат ол тиынды 101 тиын арасынан алып тастаса, 100 тиын қалады. 100
тиынды 50-ден екіге бөліп, табақты таразының екі жағына салғанда олардың
салмақтарының айрмашылығы:
- жұп
санға айырмашылық болса,
онда Алматтың алып тастаған
тиыны
- шынайы,
- тақ санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған
тиыны – жалған.
Достарыңызбен бөлісу: