Бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т б
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі — газет. Журналистикадағы қарым-қатынас екі формада жүзеге асырылады: «бетпе-бет» тікелей, баспасөз, радио, телевидение арқылы жанама түрде. Автордың оның туындысының кейіпкерлерімен қарым-қатынасы бетпе-бет немесе медиа мәтін арқылы болады. Ең бастысы, журналист көп адам ішінен өз кейіпкерін дұрыс таңдай алуы. Сондықтан автордың болашақ кейіпкерге деген қатынасында мәнерлілік міндетті түрде болады. Оның қабылдауы кейіпкердің іс-әрекетін жасырын түрде не қолдайды, не айыптайды. Журналистиканың обьектісі көпқырлы. Баспасөз жазбаған қоғамдық-әлеуметтік өмір саласын табу қиынға түсер. Бұл құбылыс қандай мүддені көздейді? Кейіпкердің адамгершілік – психологиялық портретіне сенімділік ұялату үшін автор текстте кейіпкерді сөйлетеді. Сол арқылы ол оқырмандарға оның ішкі әлемін көрсетуге мүмкіндік алады. Алайда мұндай әдістің де кемшіліктері бар. Егер әңгіме ресми болмаса, мысалы пленкаға жазылмаса онда сыншыл кейіпкер әрдайым өз сөзінен тайынып шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда кейіпкерлер журналист қажет емес деп алып тастаған жерді керек деп, сынай түсетіні шындық.
Хат жанры ықылым заманнан бері бүгінгі күнге дейін әлеуметтік маңызы зор жанрлардың бірі.Хат мәтіні-мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың бірі, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі.
Эпистолярия грекше (epistole) «хат» деген мағынадан шыққан.Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография( грекше жолдау, үндеу) –сан алуан хат түрінде жазылған шығарма.Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады…», деп түсінік береді. Ал, орыс ғалымы Е.М.Виноградова «Функцоналдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген тексті эпистолярлық деп атайды.