Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау



Дата25.08.2017
өлшемі45,41 Kb.
#27351
түріСабақ
Тәрбие сағаты : Мемлекеттік рәміздерді құрметте!

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.

3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.
Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы. Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау – жинақтау

Бағалау қағазы. Маркер қағаз топқа тарататын рәміз суреттері топ дайын болғанда от шашу қол шапалақтау

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға мемлекеттік рәміздер тарихы туралы жаңа ақпараттар бере отырып, жинақтаған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушыларды өз ойын, пікірін айта алуға дағдыландыра отырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын дамыту.

3. Өз елі мен жерін сүюге, отанын құрметтей білуге, мемлекеттің құндылықтарын қорғай алуға, мемлекеттің жетістіктеріне қуана біліп, мақтан етуге тәрбиелеу.


Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері Ту туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ 
Көрнекілігі: Слайдтар, ҚР Рәміздерінің авторларының портреттері интерактивті тақта, суреттер, парақшалар.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы. Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.
2. Психологиялық дайындық..
Қызығушылықты ояту

Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.


Ендеше мына өлеңді оқиық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Өткен тақырыпқа шолу  Үй тапсырмасын тексеру
«Астана бас қала»» мәтіні

1. (мазмұнын айту) топ бойынша сұрақтар

2. ”Астана – арман қала.” (ойтолғау жазу)

  «Ой қозғау» стратегиясы

Бейнебаян тыңдау «Ән жүректі тербейді» тыңдап сұрақтар беру

1.Ән не туралы ?

-Ендеше, балалар біз бүгін «Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Ту. Елтаңба.» атты тақырыппен танысамыз.

«Сен білесің бе?» Сұрақ - жауап

Қазақстан елінің рәміздері жайлы балалардың білетінін пысықтау.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл күні 4 маусым

2.Еліміздіәң рәміздерін ата

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында нелер бейнеленген

4. Мемлекеттік Елтаңба элементтері туралы не білеміз

5.Таласқа түссе жан мен ту,

6. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков.


7. Елтаңбаның авторлары а вторлары- Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов ан емес маған керегі.
Мағынаны тану
- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
(мемлекеттердің барлығын бір-бірінен ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын нышан - белгілері)

«Еліміздің мемлекеттік рәміздері. » бейнебаяны арқылы білімімізді толықтырайық

Қосымша ақпарат

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Тізбектей оқу

Іштей оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би

Сөздік жұмыс:

Көтерілер шоқтығым - мерейі үстем болу, мәртебесі жоғарылау.

Шартарап – дүниежүзі

Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота – Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов
ҮІ. Сабақты қорыту:
«Ойлан ,бірік, бөліс!»әдісі постер құру дайын болғанда от шашу қол шапалақтау

Әр топ тақтаға шығып алдын - ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.



«Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі

Шарты: Экраннан бірнеше әр түрлі тақырыптағы суреттер көрсетіледі. Көруге 1 минут уақыт беріледі. 1 минуттан соң сурет экраннан алып тасталады. Оқушыларға көрген суреттерінің ішінен бүгінгі тақырып мазмұнына сай келетін есте қалған суреттердің атын алдын ала таратылған қағазға түсіру сұралады.

Өз бетімен жұмыс.

1. Рәміздер туралы жаттаған тақпақтарын ортаға салып айтады. 

2.Отан, ел, жер туралы мақал - мәтел айту

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                         Түсіндей боп көгімнің

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.



Балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер. Отанды сүюге, қорғауға, әрқашан дайын болыңдар.
ҮІІ. Үйге тапсырма: (1 мин)
Теориялық бағытта: мәтінді оқып, мазмұндау
Шығармашылық бағытта: «Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында шығарма жазу
Ізденушілік бағытта: ел рәміздеріне сипаттама жазып келу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет