2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ОСАКАРОВКА 2015
МАЗМҰНЫ
№
|
Бөлімнің атауы
|
беті.
|
1
|
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
|
3
|
2
|
АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ САРАПТАУ
|
13
|
3
|
АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫН ПАЙЫМДАУ
|
79
|
4
|
НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТКІШТЕРІ, БАҒДАРЛАМАНЫҢ АЛҒА ҚОЙҒАН БАҒЫТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
|
84
|
5
|
ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР
|
127
|
6
|
БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ
|
128
|
БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Атауы
|
2011 - 2015 жылдарға арналған Осакаров ауданының даму Бағдарламасы
|
Әзірлеме үшін негіздеме
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.
|
Аймақтың негізгі сипаты
|
Аймақтың жалпы көлемі 1126,1 мың га. құрайды. 01.01.2014 жылғы Осакаров ауданының әкімшілік-аумақтық бөлінісі : 2 кент, Осакаровка және Молодежный, 22 ауылдық округ: Батпақ, Сарыөзек, Дальний, Звездный, Ертіс, Қаратомар, Есіл, Құндызды, Мирный, Маржанкөл, Николаевский, Озерный, Карағайлы, Акбұлак, Пионерский, Родниковский, Садовый, Сұңқар, Тельман, Трудовой, Чапаевский, Шідерті. 2014 жылғы 1 қаңтары бойынша тұрғындар саны 33 000 адамды құрайды. Осакаров ауданы ежелгі Сарыарқа аумағында орналасқан. Аудан орталығы - Осакаровка кенті. Аудан рельефі – ұсақ шоқылы жазық. Климаты ауыспалы континентальды, қысы суық, аз қарлы, жазы құрғақ, ыстық. Өңірдің салалық мамандануы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп. 2013 жылғы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 17 млрд. 772 млн теңгені құрады, 2008 жылы 8 524,7 млн. теңгені, нақты көлем индексі – 138,1 % өткен жылдың мерзіміне сәйкес. 2013 жылы Осакаров ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі 14 млрд. 460 млн теңгені құрады. Өнеркәсіптің негізгі саласы тау-кен өндірісі және қайта өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Аудан аумағында флюстік әктас өндірісімен «Қарағанды Арнайы Ферроқорытпа» ЖШС, суды өндіру және таратуымен Қ.Сәтбаев атындағы Канал АМК, көмірді өндірумен Қазахмыс Корпорациясының Молодежный «Борлы» КК айналысады.
|
Бағыттары
|
Аймақтың экономикасы
Әлеуметтік сала және адам әлеуеті
Инфрақұрылымдық кешен
Ауылдық аймақтарды, экология және жер қорларын дамыту
Мемлекеттік қызметтер
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
Ауданның экономикасын дамыту мақсатында:
Өңдеу және тау-кен өндірісі өнеркәсібінің қызмет етіп тұрған өндірістерін қолдау және дамытуға қолғабыс көрсету жолымен өндіріс көлемін арттыру;
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін өсіру;
Бизнестік ортаны қалыптастыру;
Негізгі капиталға инвестиция көлемі индексін өсіру.
Әлеуметтік сала және адам әлеуеті:
Білімнің сапасын мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқығын қорғау және заңдық мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін көтеру;
Аудан халқының денсаулығын жақсарту және тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету;
Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі;
Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
Мемлекеттік тілді және халықтың лингвистикалық қорын дамыту;
Жаппай спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту және туристік өндірісті құру;
Мемлекеттілікті және ұлттың бірлігін одан әрі қарай нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп сақтығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;
Ауданның ескерту және техногенді және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою жүйесі көрсеткіштерінің нәтижелілігін көтеру.
Инфрақұрылымдық кешен:
Байланыс және коммуникация саласындағы қызмет сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру;
Тұрғын үй құрылысын дамыту;
Экономикалық кеңістіктің байланыстығын жақсарту;
Халықты тиісті сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету.
Селолық аумақтарды дамыту, экология:
Ауылдың қалыпты өмір сүру жағдайын жасау;
Қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендету және табиғи ортаның сапасын тұрақтандыру.
Мемлекеттік қызметтер:
Жергілікті деңгейде мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырудың тиімділігін арттыру.
|
|
Аймақтың экономикасы:
Өнеркәсіптің әр тараптандырылуы мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту;
Аймақ кәсіпорындарының төмен түсу қуаттылығын толықтыру;
Электроэнергия, газ және судың бөлінуі;
Агроөнеркәсіптік кешен саласының тұрақты дамуы, олардың бәскеге қабілеттілігінің өсуі және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Кәсіпкерлік ортаны жақсарту;
Сауда инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету;
Негізгі капиталдағы инвестицияның нақты көлемін тұрақты дамыту;
Тауар сату, жұмыс және қызметтің жалпы көлемі мазмұнында қазақстандық үлесті арттыру.
Әлеуметтік сала және адам әлеуеті:
Білім сапасы және қолжетімділігіне халықтың қанағаттануын арттыру;
Балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуын арттыру;
Медициналық қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі ;
Жалпы өлімнің азаюы;
Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
Жеке сектор субъектілерімен ұсынылған (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдармен), арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалар үлесін арттыру;
Мәдениет саласын танымалдандыру;
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктірушілік функциясын кеңейту;
Ауданда жаппай спортты және дене шынықтыру -сауықтыру қозғалысын дамыту;
Туристік қызмет саласында қызметтер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін арттыру;
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жастарды белсенді қатыстыру;
Этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту;
Қоғамдық тәртіпті нығайту және өмір қауіпсіздігінің қажетті деңгейін, денсаулық, азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау; қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы алдын алу құрамдастарын арттыру;
Техногендік қауіптер, апаттар және стихиялық қатерлерден болған шығындарды азайту және қауіпті азайту бойынша жағдайларды жасау.
Инфрақұрылымдық кешен:
Байланысты және коммуникацияны дамыту;
Тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Көліктік құралдардың қауіпсіз және кедергісіз өтуі үшін қазіргі талаптарға сәйкес көлік жолдары саласының инфрақұрылымын дамыту деңгейін арттыру;
Автобустық және теміржол бағытындағы ауданаралық, қалааралық, қаламаңындағы көлік қатынасын ұйымдастыру;
Электроэнергетиканы дамыту;
Тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді модернизациялау және дамыту.
Селолық аумақтарды дамыту, экология:
Ауыл өмірін қамтамасыз етудің қалыпты жағдайын жасауға қолғабыс ету;
Қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту және табиғи орта сапасын тұрақтандыру;
Аумақты және елді мекендерді тиімді дамыту және салу;
Мемлекеттік орман қорының орман алаптарын арттыру.
Мемлекеттік қызметтер:
Электронды түрде көрсетілетін әлеуметтік маңызды қызметтер санын арттыру.
|
Іске асыру кезеңдері
|
I кезең – (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі шараларды жүзеге асыру.
II кезең – қорытынды (2 жыл) - 2014-2015 жылдар –Бағдарламасында қойылған тапсырмаларды шешу үшін жоспарланған шараларды жүзеге асыру.
|
Нысаналы индикаторлар
|
Аймақтың экономикасы:
Өнеркәсіп өнімінің нақты индекс көлемі 2015 жылы 100,2%;
Өңдеу және тау-кен өндірісі өнеркәсібі өнімінің нақты индекс көлемі 2015 жылы 100%;
Өңделген өнім шығаратың өнімінің нақты индекс көлемі 2015 жылы 100,1%;
Ауыл шаруашылық өнімін өндірудің НКИ 2015 жылы 100,1%;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылатын өнімдер 2015 жылы -13432,7 млг теңгені құрады;
Негізгі капиталдағы инвестицияның нақты көлем индексі 2015 жылы 100%;
Инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 2015 жылғы пайызы 13 %
Әлеуметтік сала және адам әлеуеті:
Білім саласы бойынша үш аусымды және апаттық мектептердің саны азайды;
2015 жылы мектептегі үлгерімі (жақсы/үздік) түлектердің пайзы -70 %
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 2015ж. – 85,9%;
Медициналық қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 98,2%;
Халықтың жалпы өлім-жітімінің төмендеуі 2015 жылы 1000 адамға шаққанда 9,7;
Халықтың болжамды өмір сүру ұзақтығы 2015 жылы 68 жасқа дейін (2009 жыл - 63 жас), %;
Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылы – 3,6 %;
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың басым салмағы (оларды алуды керек ететін тұлғалардың жалпы санымен), 2015 жылы 100%;
Мәдениет саласының қызмет сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 65%;
Мемлекеттік тілде сөйлейтін халықтың басым салмағы 2015 жылы - 60%;
Туристік қызмет саласында қызметтер ұсынатын ұйымдардың жиынтық кірісін арттыру, млн.теңге, 2015 жылы 6 млн.теңге;
Дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысатын барлық жастағы халықты қамтудың өсуі 2015 жылы 26%;
Азаматтық қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң деп бағалаған халықтың үлесі 2015 жылы 50%;
Ішкі істер органдарына тұрғындардың сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жыл 50%-дан төмен емес деңгейде (2009 ж. - 50%);
Төтенше жағдайлардан адам және материалдық шығынның төмендеуі 2015 жылы 1,5%.
Инфрақұрылымдық кешен:
- Байланыс және коммуникация саласындағы қызмет сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 2015 жылы 100%;
- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2015 жылы 108%;
- Тұрғын үй ғимаратын қалпына келтіруді енгізу, жалпы ауданы мың шаршы м., 2015 жылы 7200 мың шаршы метр;
Жергілікті маңызы бар қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі, % 2015 жылға 59%;
Жүк айналымының көлемі, тонна-км, 2015 жылы 2954,8 тонна-км;
Жолаушылар тасымалының көлемі, жолаушылар-км, 2015 жылы 1784,4 жолаушы-км;
Коммуналдық қызметтің сапасы тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі, %, 2015 жылға 62%;
Халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жетімділік деңгейін арттыру, %, 2015 жылы 75%;
Жылу қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру,%, 2015 жылы 20%;
Халықты су қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру, %, 2015 жылы 24%;
Селолық аумақтарды дамыту, экология:
Дамудың жоғары әлеуетті селолық елді мекендердің санын арттыру, бірл.;
1 адамға шаққандағы есепте тұрғын үйлерді салу 2015 жылы 0,3 кв.м-ден төмен емес (2009 жыл-0,1 кв);
Зиянды заттардың жалпы шығындарын азайту, тонна;
Мемлекеттік орман қорының жабық орман алаптарының ауданы, га
Мемлекеттік қызметтер:
Әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсету сапасы халықты қанағаттандыру деңгейі, %, 2015 жылы 100%
|
Қаржыландыру көздері және көлемдері
|
Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық, аудандық бюджет және инвесторлардың өз қаражаттары.
Қаржыландыру көлемдері:
-2011 ж. 783,3 млн. теңге:
республикалық бюджет – 381,6 млн. теңге;
облыстық бюджет - 48,2 млн. теңге;
аудандық бюджет - 130,7 млн. теңге;
инвесторлардың қаражаттары – 222,8 млн. теңге;
- 2012г. – 1753,4 млн. теңге:
республикалық бюджет – 587,1 млн. теңге;
облыстық бюджет - 24,3 млн. теңге;
аудандық бюджет - 131,5 млн. теңге;
инвесторлардың қаражаттары – 1010,5 млн. теңге.
- 2013г. – 2014,1 млн. теңге:
республикалық бюджет – 349,9 млн. теңге;
облыстық бюджет - 121,1 млн. теңге;
аудандық бюджет - 155,0 млн. теңге;
инвесторлардың қаражаттары – 1344,0 млн. теңге.
- 2014г. – 5348,2 млн. теңге:
республикалық бюджет – 1650,3 млн. теңге;
облыстық бюджет - 758,4 млн. теңге;
аудандық бюджет -411,9млн. теңге;
инвесторлардың қаражаттары – 2 527,6 млн. теңге.
- 2015г. – 3412,8 млн. теңге:
республикалық бюджет – 346,5 млн. теңге;
облыстық бюджет - 93,1 млн. теңге;
аудандық бюджет - 298,7 млн. теңге;
инвесторлардың қаражаттары – 2674,5 млн. теңге.
Жалпы: 13 311,8 млн. теңге.
|
|
|
*- Қаржыландыру көздері мен көлемі 2011-2015 жылдардың бюджетінде қаралған қаржылар көлемінде нақтылануы және өзгеруі мүмкін.
**- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шегінде.
*** - 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шегінде.
2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ САРАПТАУ
2.1. Өңір жағдайының оң және теріс жақтарының бағасы, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері.
Әлеуметтік-экономикалық даму бағасы аудан өнеркәсібінің түсімімен сипатталады.
Осакаров ауданы өнеркәсібінің негізін 2 кәсіпорын Қарағанды филиалының «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» және «Молодежный» көмір кеніші құрайды.
Аудан өнеркәсібінің базалық саласы өндіріс, газ және судың бөлінуі және ҚР Статистика бойынша агенттігі тоқсан сайын есептеу жүргізетін өңдеу, тау-кен салалары болып табылады.
Осакаров ауданының өнеркәсіп өндірісі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге өсті және 1 574,5 млн.тенгені құрады, нақты көлем индексі 101,8% құрады, облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңірдің басым салмағы 0,32% құрады.
Аудан өнеркәсібінің базалық саласы өндіріс, газ және судың бөлінуі және ҚР Статистика бойынша агенттігі тоқсан сайын есептеу жүргізетін өңдеу, тау-кен салалары болып табылады.
Өнеркәсіп өндірісі талдау кезеңінде тұрақты өсім беталысымен үстемдік етеді, сонымен қатар, есепке алуға болатын дәстүрлі және ескірген технологиялардың үстемдік етуі, негізгі өндірістік қордың баяу жаңаруы, инвестицияның жетіспеушілігі мәселелер қатары бар.
Бүтіндей алғанда, экономикаға салалық теңгерілмеушілік сипатты: өңдеуші өнеркәсіптің өндіріс және инвестиция көлемінде үлесінің өсуі, шағын бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі.
2013 жылдың қортындысы бойынша жалпы өнім көлемі 17,5 млрд теңгені, нақты көлем индексі 135,4 % құрады.
Осакаров ауданы экономикасының негізі, өңірдің 60%-ға таман жалпы бағаны үстемелеуді құратын ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі болып табылады. Жыл сайын өсімдік және мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемінің өсу беталысы байқалады.
Осакаров ауданының 2009 жылы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы өндіріс көлемі, өткен жылдың кезеңіне сәйкес 121% құрайтын ағымдағы бағада 10 320,8 млн.теңге немесе 2007 жылдың деңгейіне қатысы бойынша, өсім 1,1 реттен көп өсімді құрайды. (2007 жыл-9 565 млн.теңге).
Ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, 2008 жыл деңгейінің 118% құрайтын, «Осакаров ауданының АӨК тұрақты дамуының өңірлік бағдарламасы» бойынша, жалпы көлемі 861 млн.теңге мемлекеттік көмекті алды.
Ауыл шаруашылығының әлеуеті аудан және облысты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге және экологиялық таза өніммен сыртқы нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығындағы шаруашылықтардың ұсақ тауарлылығы және шағын жер үлесі көлемі, ірі масштабты іріктеу-асылдандыру жұмыстарын жүргізуге және ғылыми негізделген ауыспалы егіс, қазіргі заман технологиясын кеңінен қолдану, өндіріс үрдісін механикаландыру және автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.
Суғару жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауы суғарылған егістік жерлердің тиімсіз қолданылуына және ауыл шаруашылығы мәдениеті өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады. Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы 92% құрайды, бұл еңбек өндірімділігінің төмендеуіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына және бәсекеге қабілеттілік деңгейінің құлдырауына әкеледі.
2007 жылдың 20 тамызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты, халықтың кең ауқымын тұрғын үйдің қол жетімділігімен қамтамасыз ететін, тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін кешенді шешу болып табылады.
Осакаров ауданы бойынша «Қарағанды облысы бойынша Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылуы аясында, барлық қаржыландыру көздері тұрғызылды және пайдалануға берілді:
- 2008 жылы жоспар маңында 5900 ш.м енгізілгені 5900 ш.м немесе жоспардан 100 %
- 2009 жылы жоспар маңында 7100 ш.м. енгізілгені 8468 ш.м. тұрғын үй немесе жоспардан 119,3 %.
2008 жылы енгізілген тұрғын үй құрылымының негізгі көлемі жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 100 % (5596 ш.м) орындалды, республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған жалдамалы тұрғын үй – 100% (304 ш.м).
2009 жылы енгізілген тұрғын үй құрылымының негізгі көлемі жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 100,38% (6000 ш.м) орындалды, республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғызылған жалдамалы тұрғын үй – 100% (1100 ш.м)
2008 жылы тұрғын үй құрылысы инвестициясы 22.0 млн.теңгені құрады , 2009 жылы -63,837 млн.тенге.
Тұрғын үйлер салу аудандарындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда 2008 жылы 4 млн.теңге игерілді, 2009 жылы 4,0 млн.теңге игерілді.
2008 жылы 304 ш.м. жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй (4 пәтерлі) енгізілді, жоспар маңында 304 ш.м. немесе 100%.
2009 жылы 1100 ш.м. жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй (22 пәтерлі) енгізілді немесе 100%.
Осакаров кентінде 2008 жылы Почтовая көшесі 33, Колхозная көшесі 24 мекен-жайлары бойынша екі жалдамалы-коммуналды тұрғын үй тұрғызылды үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілері: су құбыры, канализация, электроқұрылғы, байланыс салынды.
2009 жылы Осакаров кенті, Почтовая көшесі 6 мекен-жайы бойынша жалдамалы-коммуналды тұрғын үй тұрғызылды инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілген.
2010 жылы тұрғын үйді пайдалануға беруді енгізу жоспары 3000 ш.м құрайды, оның ішінде, 340 ш.м – екі пәтерлі жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер және 2660 ш.м жеке тұрғын үйлер.
Екі пәтерлі жалдамалы-коммуналды тұрғын үйлер құрылысына республикалық бюджеттен 22000 мың теңге және үйге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның орнатылуына 39.000 мың теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта тұрғын үйді пайдалануға беру құрылымы жеке меншік және қаржыландыру көздері нысандары бойынша өзгерді.
Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесінде үлкен өзгерістер орын алды, негізгі рөлді жеке тұрғын үй салушылар ойнайтын болды.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың тапсырмасы заңнамаға сәйкес, олардың тұрғын үй мәселелерін шешуде мемлекеттің нақты міндеттері бар, жеке санаттағы азаматтардың көмегі болды.
Аудандағы тұрғын үй құрылысы баяу қарқынмен жүргізілуде. Қазіргі уақытта коммуналдық тұрғын үй құрылысына қажеттілік туындады.
2012 жылдың 1 қазанына коммуналдық тұрғын үй алу тізімі кезегі 608 адамды құрады, кезектегілерді тұрғын үймен қамтамасыз үшін 33 500 ш.м.тұрғызу қажет.
Осы бағдарламаға сәйкес үш жылға жоспарланған құрылыс, тұрғын үйдің жалпы ауданы 21 200 ш.метр, оның ішінде:
- жалдамалы тұрғын үй құрылысы есебінен пайдалануға беруді жоспарлау 1 744 ш.м;
-жеке тұрғын құрылысы 16 000 ш.м.
Жыл сайын екі пәтерлі жалдамалы тұрғын үйлердің біртіндеп салынуы ағымдағы жылда «Қолжетімді баспана 2020» өңірлік бағдарламасының жасалуына байланысты, барлық тұрғын үйді қажет етушілерді қанағаттандыра алмайды. Жасалған бағдарламаға байланысты: 33 500 мың ш.м. жалдамалы (коммуналды) тұрғын үй немесе 585 абаттандырылған пәтерлер, Молодёжный ауылындағы 3 238 ш.м, 5 қабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру, атап айтқанда, бағасы 180000 мың теңге тұратын 60 пәтерді тұрғызуға және пайдалануға беруге жоспарлануда.
2008 жылы «Архитекторлық-жобалық бюросы Ақ-Ниет» ЖШС-мен, жалпы сомасы 8 900 мың теңге, 2008 жылдың 24 желтоқсанында аудандық мәслихатпен бекітілген № 96, Осакаров ауданының бас жобасы жасалды.
Құрылыс саласының тұрақты қызмет етуі үшін, құрылыс жабдықтарын шығаратын өнеркәсіптердің дамуы, бұйым және құрылым, құрылыс индустриясы жоғарғы технологияларға және мемлекеттік сапа стандарттарына ауысуы қажет.
Республикамызда қазіргі заманғы құрылыс жабдықтарының жеке түрлерін шығару жоқ.
Әрлеу құрылыс жабдықтары және жабдықтау, негізінен импортталады.
Қазіргі уақытқа дейін құрылыс индустриясын дамытудың артта қалып бара жатқанына бөгет болу мүмкін болмай тұр.
2007 жылдан ауданда «Адрестік тіркелім» ИС-те жұмыс жүргізілуде.
2010 жылдың қаңтарынан «Осакаров ауданының құрылыс, архитектура, қала құрылысы бөлімі» ММ-де Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының базалық деңгейін жүргізу үшін құрылғы орнатылды. Ауданның елдімекендерін дамыту бас жобалары, схемалары түзетілмеген.
Әлеуметтік саланың аумағы жағдайы, халықтың табиғи өсімінің оң қарқынды қолайлы демографиялық жағдайымен, сонымен қатар, сапалы білім қызметін ұсынумен сипатталады.
Осакаров ауданының тұрғын үй-коммуналдық секторының әлеуметтік-экономикалық жағдайының соңғы жылдардағы бағасы, инфраструктуралық кешен- су құбыры, канализация, жылу, электрлік желілер және жергілікті маңызды жолдардың дамуымен сипатталады.
Тұрақты даму – бұл қазіргі заманның өміршең идеологиясының бірі. Тасымалдау ұйымының елеулі жүйелерін жетілдіру, елеулі маршруттік желілерді оңтайландыру, қызмет көрсету мәдениетін көтеру, жолаушылар тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сумен жабдықтау саласында, үстеме су шығынының 9,2%-ға төмендеу оң беталысы және Осакаров ауданы халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету байқалады. «Ауыз сулар» салалық бағдарламасының іске асуын жалғастыру 11 мың шамасындағы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оның аясында ауданның 8 елдімекенінде, жалпы ұзындықтың 24,2% құрайтын 92 км су құбыры желілері тұрғызылды және қайта жаңғыртылды. «Ауыз сулар» бағдарламасын дамыту Ислам Банкінің қаржыландырмауына байланысты, аудан бойынша су шаруашылығы құрылысын қайта жаңғырту және салу бойынша, әлі 10 жоба іске аспаған.
Қатты жабыны бар жергілікті маңызды жолдардың үлесі 49,2% құрайды. Жол инфраструктурасы аумағындағы басты мәселе, аудандық маңызы бар және елдімекендердің ішіндегі жолдардың апаттық жағдайы, ағымдағы жөндеу мәселені шешпейді.
Жылу және электр желілерінің қатты тозуы, энергияны жіберу қабілетінің төмендеуіне, апаттың өсуіне, коммуналдық қызмет ұсыну сапасының нашарлауына және жоғалуына әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |