БАҒдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №



бет3/12
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#32472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сонымен бірге, өндірістік өнімнің белгілі деңгейде өсуі 2011 жылы пайдалануға берілген, бройлерлер етін өндіретін шаруа қожалығы «Колосок» құс фабрикасы есебінен қамтамасыз етіледі, күші жылына 4,0 мың тонна ет, 120 жұмыс орыны құрылатын болады, жоба құны 2 млрд. теңгені құрайды.

Жобада үздіксіз тұйық цикл қолданылады, яғни жыл бойғы инкубация, төл өсіру, өндірістік табынды бес циклға дейін жыл бойғы топтастыру.

Жеке меншік тұқымдық табынды ұстау, бройлерлердің күндік балапандарын сатумен және табындағы бас көлемін болжаумен байланысты, шығындарды белгілі деңгейде қысқартуға мүмкіндік береді, .

Құс фабрикасының үлкен мүмкіндіктеріне байланысты бәсекелеске қарағанда өнімнің құнын түсіруге мүмкіндік бар.

Қазіргі заман техникасының бар болуы сапаны көтеруге және өнімнің құнын түсіруге мүмкіндік береді.

Жоба өңірдің қажеттілігін және жалпы Қазақстанның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Шыққан кейін толық қуатына енгеннен кейін, ТМД елдеріне сапалы құс өнімін экспорттауға бағытталып отыр.


Электроэнергия, газ және су өндірісі

Осакаров ауданы өнеркәсібінің негізін Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды филиалы «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті №13 насос станциясынан «Қарағанды Су» ЖШС бірінші көтеріміне дейін, жалпы ұзындығы 186 шақырым, каналды пайдалануға беруді жүзеге асырады.

2005 жылдан 2008 жылдарда аудандағы өнекәсіп өндірісінің көлемі әрекет етуші бағаларда 1 216,5-ден 1 291,1 млн.теңгеге дейін немесе 6% өсті. Қарастырылған кезеңде өндірісте өсу беталысы байқалады..

2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1467,8 млн.тенгені құрады, 2008 жылдың деңгейіне шығарылым көлемі 114%-ға артқан.

Жұмыспен қамтылғандар саны 2005-тен 2008 жылдар кезеңінде өндіріс көлемі 786 адамға дейін немесе 2 пайыздық пунктке артты.

Қарастырылған кезеңде өндірісте өнеркәсіп жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу қорының 274 млн.теңгеден 4 355 млн.теңгеге немесе 30% артқаны байқалады. Еңбек өндірімділігі 2005 жылы 1 579 мың теңгеден, 2008 жылы 1 643 мың теңгеге немесе 4% артты.
«Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК

өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн.теңге

1216,5

1240,9

1265,7

1291,1

1467,8

Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге

273989

291525

322734

355011

410861

Орта есеппен жылға жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

770

781

786

786

791

Еңбек өндірімділігі, мың тг.


1580

1589

1610

1643

1856

Аудан аумағындағы ауыз су берумен, канализация жүйесі және жөндеу жұмыстарымен айналысатын, «Жәрдем» КМК кәсіпорыны 2005 жылдан бастап жұмыс жасайды.

2005 жылдан 2009 жылдар кезеңінде қызмет көрсету көлемі әрекет етуші бағаларда 12,4-ден 22,7 млн. теңгеге немесе 1,8 есеге көтерілді.

Кәсіпорындағы жұмыспен қамтылғандар саны 35-тен 38 адамға артты, еңбек өндірімділігі 2005 жылы 354,3 мың теңгеден, 2009 жылы 597,4 мың теңгеге дейін немесе 67%өсті.



«Жәрдем» КМК

өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн.теңге

12,4

17,6

25,3

31,1

22,7

Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге

5040

6300

6480

7752

8664

Орта есеппен жылға жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

35

35

36

38

38

Еңбек өндірімділігі, мың тг.


354,3

502,9

702,8

818,4

597,4

2011 жылдан 2015 жылдарда ауданда «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК кәсіпорыны су құбыры желілерін ауыстыру, электр жіберу желілерін қайта жаңарту, қосымша ретрансляторлар орнату этап бойынша жүргізілетін болады.

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын «Жәрдемнің» 2015 жылға дейінгі жобасында орталық канализация жүйесінің құрылысы, су құбыры желілерін бөлшектеп ауыстыру.

Сондай-ақ, «Ауыз сулар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Молодежный, Осакаровка кенттеріндегі, Родников, Озерный, Ақбұлақ селолық округтерінің су тартқыштары құрылысы жоспарлануда.



Инвестициялық қызмет

Осакаров ауданы экономикасына 2005 жылдан 2009 жылдар кезеңінде 11,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынды.

Олардың инвестицияның жалпы көлемінен 76% – жеке меншіктің меншік формасындағы кәсіпорынның капиталдық салымы, бюджет қаражатының үлесі 24%.

2005 жылдан 2009 жылдар кезеңінде негізгі капиталға, инвестицияның негізгі бөлігін «Қазақмыс» корпорациясының «Борлы» КД кәсіпорыны және ауыл шаруашылығы құрылымы салды.

Негізгі капиталға инвестицияның қаржыландыру көздері болып, негізінен, негізгі қаражатты табу, құрылыс және қалпына келтіру, ғимаратты капиталдық жөндеуге бағытталған кәсіпорынның жеке қаражаты болып табылады, бюджеттік қаражаттың үлесі және аздаған қарыз қаражаты салымы бар.

Негізгі мәселе ретінде біріккен өңір аралық инвестициялық жобаның жоқтығын белгілеуге болады, инвестиция негізінен ұдайы өндіріс және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейтуге салынады, инновациялық бағыттағы инвестжобалар жоқ.



Жалпы, аудандағы инвестициялық қызметтің дамуы оң серпінмен сипатталады: қаржылық емес активтердегі инвестиция түсімді өсуде, негізгі басым салмақты жеке инвестициялар алады.
2005-2009 жылдары

негізгі капиталға салынған инвестиция серпіні


Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

% 2009ж 2005 жылға

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн.теңге

1887,3

2192,2

2886,6

2056,4

2600,3

138

Оның ішінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен, млн.теңге

283,0

308,5

487,1

323,4

554,5

196

Жергілікті бюджет қаражаты, млн.теңге

84,2

126,2

159,9

132,2

221,1

263

Кәсіпорындар, ұйымдар және тұрғындар қаражаты, млн.теңге

1520,1

1757,5

2239,6

1600,8

1824,7

120


2005-2009 жылдары сала бойынша

негізгі капиталға салынған инвестиция серпіні


Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

% 2009ж 2005 жылға

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн.теңге

1520,1

1757,5

2239,6

1600,8

1824,7

120

Оның ішінде, кен өндірісі, млн.теңге

997,3

1046

1259,7

1272

1296,8

130

Өңдеуші сала, млн. теңге

65,6

68,9

71,1

74

77,3

118

Ауыл шаруашылығы, млн.теңге

395

642,6

908,8

254,8

450,6

114

2009 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция - 2600,3 млн.теңге, ал 2004 жылы – 1 664,0 млн. теңге, орындаудың 156% құрады.

2011-ден 2015 жылдары «Колосок» шаруа қожалығы құс фабрикасы құрылысын жоспарлауда. Жобаның жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгені құрайды. Жоба кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асады.

2010 жылы «Чолокиди» ЖК сауда үйі ашылды, жобаның жалпы сомасы 70,0 млн. теңгені құрады.

2012 жылы «Транзит» ЖШС өз қаражаты есебінен, бұрынғы аурухана ғимаратының көкөніс қоймасын қайта қалпына келтіруді жүргізуді жоспарлауда, инвестицияның салым сомасы 30,0 млн.теңгені құрайды, сондай-ақ, ауданның жүйеөзгертпелі кәсіпорындары «Борлы КД» және «КиКС» РМК, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен жыл сайын 1,0 млрд. теңгеге дейін негізгі капиталға инвестиция бағытталады. Қаражат құрылғы және арнайы техникаларды сатып алуға салынатын болады.
Өңірдің индустриалдық - инновациялық дамуы

Экспортқа бағытталған өнім шығару қажеттілігі инновацияның өндіріс үрдісіне енгізілуі болып табылады, сондай-ақ, отандық тауар өндірушілерді шығарылатын өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіруге ынталандыру.

Берілген мәселенің индикаторларының бірі болып, менеджмент жүйесі халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификатталған, кәсіпорындар мен ұйымдар санының артуы болып табылады. 2007 жылдан бастап, ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінде ХСЖ енгізу бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

Нәтижесінде бүгінгі күнде 38 кәсіпорын сапа серии ИСО 9001-2001 менеджмент жүйесін, оның ішінде 36 мемлекеттік мекеме және екі жеке меншік кәсіпорын: «Тонус» ш/қ (өндірісті өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату) және «Андреев Н.П.» ЖК (көліктік қызметтер).

«Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» АҚ арқылы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында жеті жоба 54 млн.теңге сомасына қаржыландырылды, оның ішіндде:

Ауыл шаруашылығын дамытуға 3 жоба 35 млн. теңге сомасына, автожуу қызметтері - 1 жоба 1 млн. теңге сомасына, тағам өнімдерін бөлшектеп сатуға - 2 жоба 3 млн. теңге сомасына және көмірді тасымалдау және сату қызметтері бойынша - 1 жоба 15 млн. теңге сомасына.

«Сарыбел» несиелік бірлестігімен 25 бизнес-жобалар 217,5 млн.теңге сомасына қаржыландырылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығын дамытуда 17 жоба 183 млн. теңге сомасына және 8 жоба мал шаруашылығын дамытуда 35 млн. теңге сомасына.
Жергілікті мазмұнды дамыту

2009 жылдан бастап мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнды арттыру, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілердің қолдауы бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстандық мазмұн үлесін арттыру мәселесі аудандық басшылықтың тұрақты бақылауында болады.

Қызметтер көрсететін және халық тұтынатын тауар өнімдерін шығаратын, ауданның барлық кәсіпорынының ірі және орта бизнеске қатысты куәліктері, Қарағанды облысының отандық тауар өндірушілері Каталогына қосу үшін, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданды, бүгінгі күні каталогке 2 кәсіпорын тіркелген «Қ.Сәтпаев атындағы канал» РМК және «Тонус» шаруа қожалығы.

2009 жылы ауданның тауар өндірушілерін Отандық тауар өндірушілер реестріне қосу тауардың тегі бойынша СТ-KZ сертификатын алу бойынша жұмыстар басталды.

Ағымдағы күндері СТ-KZ сертификатын ауданның 2 кәсіпорыны алды және и «ҰҚФ» «Самұрық – Қазына» Отандық тауар өндірушілер реестріне қосылды: «Қ.Сәтпаев атындағы канал» РМК – су шығару және тарату, «Н.П.Андреев» ЖК - көліктік көмектер.

Ауданның ірі кәсіпорындарының сатуындағы қазақстандық мазмұн деңгейі 100% құрайды. Тауар сату, жұмыс және қызметтердің жоспардағы жалпы көлемі 2010 жылға - 1,7 млрд.теңгені құрайды.

Кәсіпорындар бойынша көтерме сату көлемі ағымдағы күнде 1,3 млрд.теңгені құрады, қазақстандық мазмұн үлесі 76% құрады, , оның ішінде тауарды көтерме сату, жұмыс және қызметтердің көлемі бойынша – 1,3 млрд.теңге.

Мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұн үлесін дамыту және арттыру мәселесі және қызметтері өңірдің экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады, жүйе жасаушы ірі кәсіпорындар жөніндегі мониторинг қызметі ай сайын жүргізіледі, осындай мониторингтер ары қарай ауданның орта кәсіпорындары бойынша да жүргізілетін болады.

Осы бағдарламаның дамуында нысаналы индикаторларға сәйкес, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы тауарды көтерме сатуда қазақстандық мазмұн үлесін арттыру жоспарлануда, жүйе жасаушы кәсіпорындар тауары - 60%, жұмыс және қызметтер - 90 % жоғары.


Агроөнеркәсіптік кешен

Осакаров ауданының аграрлық секторы 597 ауыл шаруашылық құрылымының ішінде: 553 шаруа қожалығы немесе 93% , 37 – ЖШС (6%), 7- өндірістік бірлестіктер және мемкәсіпорындар және 7 мың шамасындағы жеке қосалқы шаруашылықтар (ары қарай –ЖҚШ). Үш ауылдық тұтынушылар бірлестігі ұйымдастырылған: «Ишим» АТБ, «Жастар» АТБ, «Ак Мол» АТБ.

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,9 есеге өсті және 2009 жылы 10320,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде, өсімдік шаруашылығы – 5901,7 млн.теңге және мал шаруашылығы – 4419,2 млн.теңге. Физикалық индекс көлемі 133% құрады .

Ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыттары болып астық, картоп, көкөністер, сүт, ет өндірісі болып табылады. Аудан аумағында өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісі үстемдік етуде. 2009 жылы өсімдік шаруашылығы үлесі 7,1 % артты және 57,2 % құрады. Ауданда дәнді дақылдар өнімін артығымен шығарады, оған өсімдік шаруашылығы өнімдерінің барлық жалпы көлемі 77,2 % келеді, сонымен қатар, 92 % егістік жер бидай егісіне келеді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және фермерлік шаруашылықтары өсімдік шаруашылығы өнімі өндірісіне мамандандырылған, ал ЖҚШ мал шаруашылғы өнімі өндірісіне мамандандырылған (98%). ЖҚШ өсімдік шаруашылығы құрылымында айқын басымдық картоп (24,1%) және көкөністерде (58,3%). 2007 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және фермерлік шаруашылықтары өнімі өндірісі құрылымында, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің артуы байқалады (1.8%), ЖҚШ ірі қара мал басының және шошқалардың азық бағасының өсуіне байланысты азаюы байқалады.

2009 жылы барлық шаруашылық санатында дәнді дақылдардың 219,3 тыс.га егістік жері жиналды, 2008 жылдың деңгейіне 130,1% құрады немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп. 10 ц/га орташа өнімділікте 219 мың. тонна дәнді дақыл, оның ішінде - 202,7 мың. тонна бидай, 2008 жылдың деңгейімен 214,9 % құрады.

Ауыл шаруашылық құрылымының картоп отырғызу көлемі 170,7 га құрады, 2008 жылғы 137 га деңгейіне қарсы, жалпы жиын 3,7 мың. тоннаны немесе 2008 жылдың деңгейіне 148 % және 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Өнімділік 194 ц/га құрады, 2008 жылдың деңгейіне 106,6 % құрады (2008 ж.-181,2 ц/га) және 2007 жыл деңгейінен 1,1 есеге көп.

Көкөністердің егістік жері жиналды - 77 гектар, 2008 ж.- 84 га қарсы, жалпы жиын – 2,1 мың. тонна, 2008 және 2007 жылдың деңгейіне. Орташа өнімділік - 276,1 ц/га (2008 - 249 ц/га) немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп.


2009 жылы арам шөптерге қарсы және өсімдік ауруларына қарсы 40 мың гектар аумақты гербицидпен өңдеу жүргізілді, 60 мың гектарға парды өңдеу жүргізілді.

Аудан аумағында 2 «Алтай» ЖШС және «Найдоровское» ЖШС тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

Механизация саласы. Машина-трактор паркін жаңарту бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдарда (2007-2009 жж.) ауыл шаруашылығы техникасының 221 бірліктен астамы сатып алынды, оның ішінде 20 егістік кешені және 15 жоғары өндірісті комбайндар. Жоғары өндірісті, энергияға қаныққан алыс және таяу шығыс елдерінің техникасы энергиямен қамтамасыз етушілікті 2007 жылмен салыстырғанда 2,4 % көтеруге мүмкіндік берді.

2010 жылы өз қаражаты есебіннен және қаржы институттарының арқылы лизингке 255 млн. теңге сомасына 63 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.



Өсімдікті қорғау және карантин. Халықаралық талаптарға сәйкес фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға, оның ішінде аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы күресті жүргізу үшін, 13,5 млн. теңге (өңделгені – 24 мың.га) бөлінді және толықтай игерілді.

Зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау, оқшауландыру және жою үшін, өсімдіктердің ауруларын және арам шөптерді анықтау, оқшауландыру және жою үшін 1,2 млн. теңге. (өңделгені – 0,8 мың.га) бөлінді және толықтай игерілді.

2009 жылы тұқымдық және егу материалының сұрыптық және егу сапасы зерттелді, 23 мың тонна көлеміндегі тұқымдық материалдың егу сапасына талдау жүргізілді.

Ауыл шаруашылық өңдеуде алдыңғы қатарлы ресурс сақтаушы технологиялар енгізілуде: ылғал сақтаушы және тамшылық суару.

2009 жылы енгізудің бұл көлемі 40,0 мың гектарға жетті, ал 2010 жылы -140 мың гектар.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тұрғындардың жеке ауласында жүзеге асады. Саланың негізгі даму бағыты сүт шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, қой шаруашылығы.

2009 жылға жеке меншік шаруашылықтардың барлық түрлерімен өндірілді:

- ет 9 мың тонна немесе 2008 жылдың деңгейіне 69,2 %;

- сүт – 44,3 мың тонна немесе 2008 жылдың деңгейіне 103%;

- жұмыртқа – 6,3 млн. дана немесе 2008 жылдың деңгейіне 103,2 %;

- жүн 5,2 мың тонна 2008 жылдың деңгейіне 101%.

2009 жылы ірі қара мал басының саны 100 % құрады 2008 жылдың деңгейіне ( 28,7 мың бас ) немесе 2007 жылмен салыстырғанда 82 %, табынның ұдайы өндірісі үшін аналық бастың өсуі 18,0 мың бас немесе 2008 және 2007 жылдың деңгейіне 126 % (оның ішінде сиырлар - 12,4 мың бас немесе 2008 жылдың деңгейіне 56%), жылқылар (4,6 мың бас) немесе 2008 және 2007 жылдың деңгейіне 105%, қой және ешкі - 2008 және 2007 жылдың деңгейіне 114,2% (22,6 мың бас), шошқа - 2008 жылдың деңгейіне 100% ( 11,2 мың бас) және 2007 жылмен салыстырғанда 72,4 %, құстардың барлық түрлері - 99 % (54,4 мың бас) 2008 және 2007 жылдың деңгейіне.

Ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар өз уақытында өтеді. Ауыл шаруашылығы жануарлары бірсүлезі бойынша жануар індетінің алдын алу үшін өткен жылы 46,6 мың бас ірі қара мал және 25,7 мың бас ұсақ мал зерттелді. Вакцина және ревакцинация егу тұрғындардың 100,5 мың бас үй құстарына жүргізілді. Аса қауіпті сібір язвасы, ящур сияқты жануарлар ауруы бойынша ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар жоспары орындалды.

Ауданда 24 мал көмбесі бар (әрбір ауылдық округте), оның ішінде 2004-2005 жылдары типтік салынғандары және 12 қолданыстағы 15 жыл бұрын салынғандары бар. 2011 жылдан жылына 4 бірліктен мал көмбесін салу және қалпына келтіру жоспарлануда.

Инвестициялық мүмкіндіктері шектеулі ұсақ тауарлы өндірістердің санының көптігі және олардың бірігу мақсаттарының жоқтығы.

Нарықтың негізгі қатысушылары ЖҚШ болып табылады, яғни, шектеулі өндірістік мүмкіндіктері бар және даму перспективасы бар ұсақ өндірістер, бірақ нақты өнім тауашасы бар. Олардың бірлестік негізінде бірігуі олардың өндірістік мүмкіндіктерін арттырар еді, бірақ бірлестік механизмдері жұмыс істемейді.

Қазіргі уақытта азықтық базаның негізін табиғи жайылым мен шабындық, егістік азық өндірісі құрайды. Аудандағы жайылым аумағы 258 мың га құрайды, шабындық –0,2 га, көп жылдық шөптер – 61,1 мың га, бір жылдық дақылдар – 1,4 га. 2009 жылы 88,6 мың тонна шөп дайындалды, оның ішінде көп жылдық шөптерден 31,7 мың тонна шөп, табиғи шабындықтан- 52,7 мың тонн шөп, 4,2 мың тонна сенажа және жасыл азық.



Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Бүгінгі күнде өңдеуші өнеркәсіп облыстың азық өнеркәсібі дамуын құрайтын кілттің бірі. Өңдеуші өнеркәсіп дамуының катализаторы жаңа цехтардың енгізілуі, технологиялар, экспортқа бағытталған өнімнің шығарылуы болып табылады. Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуші цехтардың негізгі үлесін өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар құрайды.

Ауданда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеумен, жалпы күші жылына 113 тоннадан аса астық өңдейтін 3 ұн шығарушы кәсіпорындар айналысады. Кәсіпорындар Осакаровка кеннтінде орналасқан ( «Дамир» ЖШС және «Транзит» ЖШС) және Есіл селосы («Ясная поляна ШҚ). Астық ауданның және облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алынады.

2009 жылы олар 85 тоннадан аса ұн шығарды. Күштің жүк салу деңгейі 2009 жылы орта есеппен 75 %. Кәсіпорындар ұнның жоғарғы, 1-ші және 2-ші сұрыптарын шығарады. Сату нарығы – Қарағанды облысы және басқа да облыстар. Астық өңдеуші кәсіпорындар өнімдері бәсекеге қабілетті .

Ауданда 18 шағын наубайхана жұмыс істейді, 2009 жылы шығарылған өнімнің жалпы көлемі 9 мың тонна нан өнімін құрды. 2013 жылға дейін әрбір ауылдық округте наубайханалар салу туралы бағдарлама жасалды .



Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу тұрғындар үшін дәстүрлі қызмет түрі болып табылады

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет