БАҒдарламасы осакаровка 2015 мазмұны №



бет4/12
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#32472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сүт өңдеумен жылына 2 880 тонна сүт шамасындағы жобалық күші бар, Мирный ауылдық округінде орналасқан, ауылдық тұтыну бірлестігі «Ақ Мол» (Тонус ШҚ) айналысады.

2009 жылы 545 тонна қышқыл сүт өнімдері өндірілді. Күштің жүк салу деңгейі 2009 жылы - 70 % құрады. Шикізат халықтан сатып алынады. Сүт өнімінің 23 аталымы Қарағанды облысына және аздаған бөлігі Астана қаласына сатылады. Кәсіпорындарда СМК ИСО және ХАССП енгізілген. «Тонус» ШҚ тұрақты түрде субсидиялаудың Республикалық бюджеттік бағдарламасының, айнымалы қаражат есебінен берілетін, несие бойынша марапаттауын жүзеге асыруға қатысады. Айналымнан қалған қаражат өндірісті жаңартуға жұмсалады (1159,5 млн. теңге 2009-2010 ж.ж.).

Ет өңдеу және шұжықтық өнімдер шығару және сүрлеумен Л.М. Зуева жеке кәсіпкерлігі айналысады

Балық сүрлеу және ет өнімдері өндірісі бойынша цехтің жобалық күші – ауысымда 2 тонна. Құрылғының нақты айналымы 0,5 т/ауысымды құрайды, оның ішінде балық- 0,2 т, ет – 0,3 т. Шикізат округтердің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алынады. Өнім Қарағанды облысына және Астана қаласына сатылады. Өндірістік айналым күшінің төмендігі қаржылық қиындықтармен байланысты.

Ауыл шаруашылығы дамының негізгі мәселелері болып табылатындар:


  • өсімдік шаруашылығындағы шаруашылықтардың бытыраңқылығы және шағын көлемдегі жер үлестері ғылыми дәлелденген ауыспалы егісті сақтауға және қазіргі заман технологияларын кеңінен қолдануға мүмкіндік бермейді;

  • суару жүйесінің техникалық жағдайының нашарлауы суарылған егістіктің біркелкі емес қолданылуына және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмендеуіне әкеліп соқты;

  • ауыл шаруашылығы техникасының тозу деңгейі 97,3% құрайды;

  • мал шаруашылығында орта және ірі тауарлы өндірістердің жеткіліксіз дамуы, ірі масштабты сұрыптау жұмыстарын жүргізуді, ауыл шаруашылығы жануарларының теңгерімді тамақтануы бар жайылымды ұтымды қолдану, өнім өндірісі үрдістерінің механизациялану және автоматтану деңгейін бөгейді;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары бойынша техникалық құрылғылардың жоғары деңгейде тозуы, сапалы шикізаттың жоқтығынан, өңдеу және айналым күшінің төмен деңгейі және дайындау – сату желісінің әлсіз дамуы.
Ауданның индустриалдық-инновациялық дамуы

Қазіргі уақытта Мемлекеттік форсирленген индустриалдық-инновациялық бағдарлама аясында «Николаевка ауылындағы бройлер балапандары етін өндіру бойынша құс фабрикасын салу» инвестициялық жобасын дамыту жоспарлануда, жалпы сомасы 2 275 млн. теңге. Жүзеге асыруға жауапты «АгроКусинвест» ЖШС. Жобаның жүзеге асу мерзімі 2011 – 2013 ж.ж. қарастырылған. Қаржыландыру Қазақстан Даму Банкі арқылы жүзеге асатын болады.

Форсирленген индустриалдық-инновациялық даму бойынша Координациялық Кеңес құрылған. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын бақылау мақсатында, Форсирленген индустриалдық-инновациялық даму бойынша жұмыс тобының жүру отырыстары өткізілді.

Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы мониторингі тұрақты жүргізіледі. Индустрализация картасы аясында инвестициялық жобалардың жүзеге асуы Осакаров ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Одан басқа, 120 жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік бередібұл жұмыспен қамту саласындағы мәселелердің шешілуіне әсерін тигізеді, сонымен қатар, бюджетке салық түсімін арттырады.

Бұдан басқа, 2010 жылы жеке қаражаты есебінен, «Жана Ай» ЖШС-де 1000 бас шошқа кешенін құру және «Газель» ШҚ-да кеңейтілген 1000 бас шошқа кешенін құру бойынша жобалар енгізілген.
Құрылыс

Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар, отандық индустрияның ішкілікті дамуына әсер етті. Ондаған жылдар кезеңінде еліміздің өнеркәсібі тұрақты өсімді насихаттайды. Еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруымен мемлекеттік инвестиция есебінен мемлекеттік қызметтерді ұсыну саласын дамыту, автоматтандырылған санақ жасауға, жинау, өңдеу, талдау және қала құрылысы ақпараттарын сақтауға мүмкіндік беретін, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді құру бойынша іс-шаралар мүмкін болып отыр. Елді мекендердің қала құрылысы құжаты түзету немесе жаңа құжат жасауды талап етеді. Осакаров ауданында елді мекендердің кезекшілік жоспарын жүргізу үшін қажетті топографиялық түсірілім материалдары жоқ. Ал бар материалдар қазіргі жағдайға сәйкес келмейді. Осы мақсатпен, қала құрылысы құжатын жасаудан басқа, елді мекендер аумағының топографиялық іздестіруін орындау қажет.

Осакаров ауданының АИС ГГК құру бойынша жобасының сәтті жүзеге асырылуы мақсатында қажет:

- қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттарының жүйеленген жиыны и есебімен, әкімшілік-аумақтық бірлікке (аумаққа) сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде бірыңғай аумақтық бөлінген ақпараттық жүйені қалыптастыру;

- осы салада мемлекеттік басқару вертикалын жүзеге асыруда ақпараттық қамтамасыз етуді қоса отырып, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметі тұлғалары үшін ақпарат ұсынудың мөлдірлігін және қол жетімділігін құру;

- қала құрылысы кеңістігінің дамуын басқару мақсаты үшін, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды максималды тиімділікпен пайдалану;

-мемлекеттік кадастрлерді және мәліметтер базасын қоса отырып, сыртқы ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған ақпарат алмасуды құру,;

- қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттарының талаптарын орындауды бақылауда автоматтандырылған жүйе қалыптастыру.


Сауда

Сауда экономикалық қызметтің ірі саласының бірі болып табылады.

Ауданда 2009 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша 432 нысан сауда қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде 331 сауда нысаны, 24 қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет саласы нысандары, 1 сауда базары.

2011 жылдың 1 тоқсанында «Чолокиди» ЖК сауда үйінің ашылуы жоспарлануда.

2005-2009 жылдар кезеңіндегі бөлшек сауда айналымы 2 есеге артты, жалпылама сауда айналымы 7%.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 2009 жылы 1 387 млн. теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 13,6% артты.

Бөлшек сауда айналымының негізгі көлемін жеке тұлғалар қамтамасыз етті, жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатындар және и базарда саудамен айналысатындар, олардың қызметінің сауда айналымы 1 148 млн.теңгені (бөшек сауда айналымының жалпы көлемінен 82,7%) құрады.

Жалпы сауда көлемінде басым жағдайды жеке тұқлғалар алады жалпы сауда көлемінде басым салмақты 2009 жылы 82,7% құрады немесе 1 148 млн. теңге.

Сауда саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2009 жылы 932 адамды құрады, жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санының 31,6%.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 2010 жылдың 9 айында 1035,2 млн. теңгені құрады және өткен жылдың кезеңіне сәйкес салыстырғанда 7% артты.

Тауар айналымын арттыру үшін және облыс тұрғындарын жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауданда жәрмеңкелер өткізіледі. Солай, базар бағасынан 15% төмен, ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы көлемі 322 мың теңгеге сатылған, 2009 жылы 2 жәрмеңке өткізілді.

Кәсіпкерлік

2010 жылдың 1 қаңтарында тіркелген шағын кәсіпкерлік тұлғаларының саны 1371 құрады, 2009 жылмен салыстырғанда олардың саны 61 бірл. немесе 5% артты, оның ішінде белсенділері -1274 бірл., оның ішінде 34 заңды тұлға және 1240 жеке тұлға.

Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны - 2941 адам, 2009 жылмен салыстырғанда 11% артты және ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының 13% құрайды.

Өндірілген өнім көлемі (жұмыс, қызмет) 2010 жылдың 1 қаңтарында – 6 401,2 млн. теңге, өткен жылдың деңгейінен 49% жоғары.

Әлеуметтік көзқарас жағынан кәсіпкерлік тұрғындардың жұмыспен қамтылу мәселесін шешеуге, кедейшілік және жұмыссыздықпен күресті күшейтуге, қоғамдағы әлеуметтік қысымды жұмсартуға әсер етеді. 2010 жылдың 1 қаңтарында ауданда шағын кәсіпкерлік саласында 113 жұмыс орыны жоспарда 70, орындалу 61,4% құрады.

2011 жылдың 1 қаңтарында тіркелген шағын кәсіпкерлік тұлғаларының саны 1473 құрады, жұмыспен қамтылғандар саны – 3915 адам және өндірілген өнім көлемі 9 468,6 млн.теңгені құрады.

Аудандағы қызмет саласын дамыту мақсатында кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Сарыбел» ӘКБ арқылы 25 бизнес-жобалар 217,5 млн.теңге көлемінде несиелендірілді.

Ауданда Осакаров ауданы әкімшілігінің жанында Эксперттік Кеңес жұмыс істейді, сондай-ақ, Осакаров ауданының Кәсіпкерлер ассоциациясы жұмыс істейді. Эксперттік Кеңес салық мөлшерлемесі мәселесін қарастыру бойынша 2 отырыс өткізді.

2009-2010 жылдары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен, «БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ» жобасының жүзеге асырылуы бойынша жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін, сертификаттар берумен, тренинг-оқытулар жүргізілді.

Мақсаты - тұрғындарды бизнес-жобалар жасауға, кәсіпкерліктің құқықтық негіздеріне үйрету. Тренинг-оқыту курстарын 120-дан аса адам өтті.

Кәсіпкерлік мәселесі бойынша әкімшілік күрестің төмендеуі бойынша түгендеу және шешілетін мәселелердің қайта қаралуы жүргізілді. Түгендеу нәтижесінде аудан бойынша 45 шешілетін мәселелер бекітілді. 20 мәселені оңтайландыру ұсынылды, оңтайландыру проценті – 44.

2010 жылдың тамызында облыстық құрылым және даму институттары басшыларының қатысуымен, ауданда Аудан кәсіпкерлерінің 1 Форумы өтті. Форум қатысушылар көзқарастарымен және оларды қызықтыратын мәселелер: салық салу, несиелендіру, жеке тұлғалармен төленетін электроэнергия төлемдері тарифі бойынша алмасқан, дөңгелек үстел түрінде өтті.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау салық преференцияларын және белгілі қысқа мерзімді пайда әелетін, бірақ, жүйелік емес бастамаларда жүргізілген, мемлекеттік қаржы есебінен жеңілдікпен қаржыландыруға бағытталды. Бұл шағын кәсіпкерліктің даму мақсаттары және тапсырмалары оның тек жеке мәселелерінде ғана, жалпы жүйенің мақсаттарымен және мемлекеттің ұзақ мерзімге бағытталған экономикалық даму басымдықтарымен өзара байланыссыз қарастырылды. Тағы бір сыртқы факторлардың бірі сауда қызметінің дамуына сөзсіз әсер етуші, құнсыздану деңгейінің өсуі болып табылады.

Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін ішкі фактордың бірі, шағын кәсіпкерлік саласының бір бағытта дамуы болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің негізгі бөлігін бөлшек сауда және ауыл шаруашылығы алады. Осындай жағдайда, Осакаров ауданындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі мәселе сауда қызметіндегі бәсекеге қабілетті соңғы өнімдер немесе шалафабрикаттар шығару шығыны, нарық біліктілігі жетіспеушілігі, бизнесті құрайтын инновацияның жетіспеушілігі себебінен және өңірлік тұлғалар қызметіндегі әріптестік қатынастардың тұрақсыздығынан тұрады.

Кәсіпкерлердің көп бөлігінде жеке және айналымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қаржылық ресурстар жетіспейді:

- кәсіпкерлік қызметі үшін жоғары әкімшілік күрестер;

- шағын кәсіпкерлік тұлғаларының өнеркәсіп өнімі өндірісіндегі төмен белсенділігі;

- несиелік ресурстарға енудің шектеулілігі;

- заңнамалық актілердің (тәртіп,ереже, нұсқаулықтар) жиі өзгеруі;

- жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеке ісін құру үшін бастама капиталының жоқтығы.


Экология

Осакаров ауданында аса өткір экологиялық мәселелер жоқ.

Сонымен бірге, Осакаров кенті және Молодежный кентіндегі тозған канализация желілеріндегі жиі апаттарға байланысты, жергілікті рельефке қалдық су төгу орын алады.

Қоршаған ортаның ластануынан түскен төлем қаражаттарының көлемі 2009 жылы 43 млн. теңгені құрады. Су ресурсы және орман аумақтарын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Стационарлық ластану көздеріндегі ластау заттарын тастаудан түскен қаражат көлемі 2009 жылы 35 млн. теңгені құрады.

Қатты тұрмыс қалдықтары (ҚТҚ қоқысын) полигонын орналастыруда меншік иесін анықтау бойынша мәселе шешілмей тұр . Шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер ҚТҚ ауылдық полигонын өз теңгерімдеріне алуға және жөндеуге ат салыспайды. Іс жүзінде полигондардың теңгерім ұстаушылары болып ауыл әкімдері табылады. 1-6 экологиялық көдекстің 288 бабының 2 тармағына, 292 тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар, полигон иелері болмаған жағдайда, оларды анықтау қажет.

Қалдық суды фильтрден өткізу аумағы Молодежный кентінен 3,5 шақырымда орналасқан, картаның жалпы саны 26 дана; оның 18 данасы «Қазақмыс» корпорациясының «Молодежный» көмір қимасы теңгерімінде орналасқан және 28 гектар аумақты алады, бұдан басқа, көмір қимасы өнеркәсіп аймағында аумағы 2 гектар болатын 4 карта бар.

«Қ.Сәтпаев атындағы канал» РМК ҚФ карталарынан тек 2 карта ғана жұмыс істейді, ал қалғандары бос. 2-ші картаның толтырылуы жоба бойынша 94,4 мың метр куб, нақты 56,6 мың метр куб.

«Молодежный» көмір қимасының 8 картасының 6 картасы жұмыста, 2 картасы қорда.

Тазалық қоршаулары: құм алғыш, екі ярустік қалыптар -3 дана (380 метр куб), қайталама қалыптар (165 метр куб), карталар.

Осакаровка кентінде 2 фильтрден өткізу аумағы картасы бар.

Ауданда басты су артериясы «Қ.Сәтпаев атындағы канал» (Ертіс-Қарағанды) болып табылады. Аудан аумағындағы оның ұзындығы 186 шақырым, 10 насос станцисы, 516 млн. куб есептік күші бар, № 13 пен № 22 және 4 су қоймалары бар. Ауданда 8 өзен бар, оның ішінде, өз бастауын «Ишим» (Есіл) өзені де алады, сонымен қатар, Үленті, Шідерті, Қарғалы, Ошағанды, Үлкен Құндызды, Сабын қожа, Шоқай өзендері бар.

«Қ.Сәтпаев атындағы каналдың» 4 су қоймасынан басқа, ауданда Есіл су қоймасы бар.

Сондай-ақ, 7 көл, оның ішінде, Қаракөл, Тоқсымақ, Ағашты көл, Шептікөл, Шебінді және Маржанкөл бар.


Саяхат

Осакаров ауданы аумағы арқылы, халықаралық маңызы бар, Екатеринбург – Астана – Алматы автомобиль трассасы өтеді. Ауданның саяхаттық инфрақұрылымын 4 қонақ үй (59 төсек-орын) ұсынады, жол маңайындағы инфрақұрылымды 5 қоғамдық тамақтану нысандары, 4 ЖЖМ станциялары және 10 астам сауда пукттері ұсынады.

Ауданда, Осакаров кентінде аудандық өлкетану мұражайы, Есіл өзенінің жоғарғы жағында археологиялық қазбалар (мамонт мүйізі), Батпақ ауылындағы тас ғасырының тұрақтары орналасқан.

Аудан аумағы бойынша Есіл, Қарағайлы және Құндызды өзендері ағып өтеді.

Аудандағы саяхатты дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып, спорттық саяхат (жаяу жүріс, таумен жүріс), мәдени таным саяхаты және демалыс күндеріндегі саяхаттар.

Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 2009 жылы, 2005 жылмен салыстырғанда (1 288,8 мың теңге) 7,4 есеге артты және 9 552,0 мың теңгені құрады.

2005 жылмен салыстырғанда ішкі саяхат бойынша саяхаттық лек 2008 жылы 3 есеге (1 720 адамға) артты, 2009 жылы 7,3 есеге және 4 185 адамды (2005 жылы – 568 адам) құрады, ал жолдағы саяхат бойынша саяхаттық лек 2005 жылдан 2008 жылға 363 адамды құрап, 2 есеге артты, 2009 жылы 223 адамды құрап (2005 жылы – 174 адам), 1,2 есеге артты.
2004-2009 жж.саяхаттың даму көрсеткішінің динамикасы


Көрсеткіш атаулары

Бірлік өлшемі

2005

2006

2007

2008

2009

Саяхаттық қызметтің көрсеткен қызметтерінің көлемі

мың теңге

1 288,8

3 437,0

5 562,0

4 160,0

9 552,0

Жолға шығу саяхатының көлемі

адам

174

134

574

363

223

Ішкі саяхаттың көлемі

адам

568

1 985

3 488

1 720

4 185

Саяхаттық іс-шаралар саны

саны

-

-

-

-

1


Еңбек нарығы

2004 жылдан (3,4%) аудандағы жұмыссыздық деңгейі жалпы аудан бойынша 0,пайыздық тармаққа артты және 2009 жылы 4,2% құрады, бұл 1,9% облыстық көрсеткіштен төмен. Өсудің негізгі себебі экономикалық даму қарқынының төмендеуі, ауыл шаруашылығындағы жасырын жұмыспен қамту және төмен еңбекақы, әйел еңбегі өндірісінің жоқтығы, мал шаруашылығы және көкөніс шаруашылығының аздаған мөлшерде дамуы болып табылады. Айта кету керек, жұмыспен қамтуда әрекет етуді өтінгендер санынан, жұмыспен қамтылған жұмыссыз азаматтар 2004 жылдан 84,5%-дан, 2009 жылы 101,1%-ды құрады.

2004 жылдан 2009 жыл кезеңдерінде кәсіптік дайындыққа жіберілген жұмыссыздар саны 220 адамнан 165 адамға азайды, жұмысқа қабілетті тұрғындар жеке меншік немесе жеке шаруашылығындағы жұмысты жөн санап, жұмыспен қамту бөліміне келмейді. Біздің аудандағы жұмыс істеп жатқан жүйенің кемшілігі әлеуметтік пакеттің және жұмыссыздарға кәсіптік дайындықты өту үшін оқу ғимаратын таңдау құқығының жоқтығы.

Қоғамдық жұмыстар жыл сайын төмендеп бара жатыр. 2004 жылы 690 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа қатысуға қабылданды, 486 адам еңбекпен қамтылды; 2009 жылы 470 адамнан 463 еңбекпен қамтылды, жұмыс кезеңі 0,8-ден 1,8 айды құрайды. Уақытша жұмыспен қамтудың өз кемшіліктері бар: азға қанағат ете отырып, жұмыссыздың өзін-өзі бағалауы төмендейді; жаңа мамандық алудан бас тарту; жауапкершілікті қажет етпейтін, кезеңдік істермен айналысуды әдетке айналдыру; сондай-ақ, өзінің еңбек қызметін «терезе» принципі: жазда - жұмыс істеп, қыста – демалу бойынша құру.

Кедейшілік және өте аз қамтылған жұмыссыз азаматтардың жұмыссыздығы, кәсіпкерліктің еңбекке жарамды және есепте тұрған, тұрғындардың жұмыспен қамтылмаған жұмыссыздары арасында дамуы мәселелерін шешу мақсатында өзін-өзі жұмыспен қамтуға материалдық көмек көрсетілуде. Осы жүйе 2003 жылдан бастап жетілдірілді. Егер 2004 жылы көмекке қосалқы шаруашылық сатып алынса (180 адам), онда 2009 жылы 10 жұмыссыз салық комитетінде тіркеліп, сонымен бірге, жаңа жұмыс орындарын ашып, жеке ісін ашты.

Еңбек нарығының аса қажет жұмыскерлері болып табылатындар: медициналық қызметкерлер (дәрігерлер), шалғай елді мекендердегі мұғалімдер, ветеринарлық дәрігерлер; ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар: агрономдар, лаборанттар.

Ауданға келген оралмандар отбасының талдауы көрсетеді, яғни 2006 жылдан оралмандар миграциясы ағымының төмендегені байқалады, оның ішінде, еңбекке жарамды жастағылары: 2006 ауданға барлығы 501 оралман отбасы келген, олардың 1452 адамы – еңбекке жарамды жастағылар, олардың еңбекпен қамтылғаны 749 адам, яғни 51,6% құрайды; 2009 жылы 27 оралман отбасы келген, оның ішінде 52 адам – еңбекке жарамды жастағылар, олардың 27 адам тұрақты жұмыс орынымен қамтылған, бұл 51,8% құрайды.

2010 жылдың 1 қаңтары бойынша аудандағы ұжымдық келісім-шарты бар кәсіпорындар саны 158 құрайды, яғни белсенді әрекет ететін ұйымдар мен кәсіпорындар санынан (173), оның ішінде ірі және орта – 22 және 151 шағында немесе 95,5% (ірі және орта кәсіпорындар саны) 91,3% құрайды.


Әлеуметтік көмек

Осакаров ауданындағы әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек тұрғындардың әлеуметтік - жанды қабатына, әлеуметтік көмектің кең спектріне ұсыну түрінде жүзеге асырылады: ақшалай төлемдер – бұл адрестік әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, сатылымдағы себет құнынан аспайтын, жан басына орта кірісі бар,аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы; мүгедектерге қызмет және қалпына келу қосымша техникалық құралдарын ұсыну; қартаң және мүгедектер және т.б.

Әлеуметтік қорғау бағдарламасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты және бюджеттен тыс қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

2004 жылдан 2009 жылдар кезеңінде тіркелген кедейшілік деңгейі 3,4 пайыздық тармаққа ( 2005 жылдың 1 қаңтарында 5,1%-дан, 2010 жылдың 1 қаңтарында 1,7%-ға) төмендеді.



2010 жылдың 1 қаңтарында ауданда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 123 аз қамтылған отбасы (582 адам), яғни өткен жылдың күніне ұқсас салыстырғанда (2009 жылдың 1 қаңтарында – 867адам) 32,9%-ға төмен.

2009 жылы әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге 48,6 млн.теңге бюджет қаражаты жұмсалды, оның ішінде республикалық бюджеттен 3,3 млн.теңге.

Ауданда жалғызбасты және мүгедек қарттарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға үйге қызмет көрсету бойынша жалғыз әлеуметтік көмек бөлімі қызмет етеді. 204 жалғыз тұратын зейнеткерлерден 148 (72,5%) қызмет көрсетіледі, олардың 90 көмекке зәруінен (65 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан 25 психоневрологиялық аурумен ауыратын балалар) 54 мүмкіндігі шектеулі сәбилерге (60%) көмек көрсетіледі.

2009 жылы Жалпы типтегі мүгедектер и зейнеткерлер үйінен 3 адам (Жезқазған қаласы) бөлінді, 2 адам психохрониктер үшін тихонов үйіне, бір сәби балалардың психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне Қарағанды қаласына. 2010 жылдың 10 айында 2 адам Жалпы типтегі мүгедектер и зейнеткерлер үйіне Жезқазған қаласына, бір адам Шахан қаласына.

Қазақстан Республикасындағы «Арнайы әлеуметтік көмек туралы» Заңының қабылдануына байланысты Салалық министрліктер бойынша әртүрлі типтегі мекемелердің әлеуметтік қорғау саласында Арнайы әлеуметтік көмек стандарттарын этаппен енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде: 2009 жылдан в балалардың психоневрологиялық интернат-үйлерінде, 2010 жылдан психоневрологиялық аурулармен ауыратын, 18 жастан асқан тұлғаларға арналған интернат-үйлерінде, 2011 жылы жалпы типтегі медициналық-әлеуметтік мекемесінде және үйге әлеуметтік көмек бөлімдерінде. 2011 жылдан республикалық бюджет есебінен жоспарлануда:

- үйге әлеуметтік көмек бөлімдерінде жалғыз тұратын зейнеткерлер және мүгедектерге қызмет көрсетумен қамтуды 100% жеткізу, жалпы сомасы 10 131 мың теңге.

- мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан психоневрологиялық аурумен ауыратын балалар үшін үйге әлеуметтік көмек бөлімдерін ашу, жаңа мамандарды енгізу (психолог, логопед, ЛФК маманы) жалпы сомасы 4 695 мың теңге.

- мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, 15 адамдық күндіз болатын бөлім ашу мемлекеттік емес сектордың (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Лучик надежды» реабилитациялық орталығы ҚБ бөлімінің филиалы)

2010 жылдың 1 қаңтарында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 1289 мүгедек есепте тұр, олардың ішінде 1,2 топ мүгедектері - 694 адам, 3 топ 492 адам, 16 жасқа жейінгі мүгедектер 103 адам.



Соңғы жылдары, аудан мүгедектер жағдайының жақсаруынан облыста көрсеткіштерге жетті. Мүгедектерлді белгілі мөлшерде осы санатта өз құқықтарын жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталған қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жасалды. Негізгі мәселе реабилитациялық жеке бағдарламасымен максималды қамту және мүгедектерді қалпына келтіретін техникалық құралдар, протездік-ортопедиялық, сурдо - и тифло көмектер және гигиеналық құралдар, сондай-ақ, әлеуметтік, көліктік және рекреациондық инфрақұрылым нысандарына енуді қамтамасыз ету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Каталог: files -> userfiles
userfiles -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет