Сабақ түрі: Ойын-сабақ.
Ойын барысы: Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме! Балалар!
Балалар: ( амандасады) Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Бар адамға құрметпен, бас иеміз біз!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше сәтті күн, ауа-райы да тамаша екен.
Жайлауға барып, асыр салып, ойнап келейік.
Жайлауда балалар ата-әжені көріп, көрісіп (ассалаумағалейкум), балалар амандасады.
Ата-әже балаларды ағаш үйге кіргізеді.
Ата: Балалар қайдан келдіңдер?
-Пригород жалпы білім беретін бастауыш мектебінен келдік.
Ата: Бәрелді, келіңдер, төрлетіңдер.
Тәрбиеші: Біз балалармен жайлауға қыдырып шығып едік.
Ата: Ия, дұрыс қой, біздер де бала кезімізде ұлтық ойындар ойнағанбыз.
Тәрбиеші: Ата, біздің балабақшаның балалары да қазақтың ұлттық ойындарын біледі. Ал, балалар, біз қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Достарыңызбен бөлісу: |