С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет9/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

Қорыта айтқанда, асық ойыны:

  • Ептілікке баулиды;

  • Мергендікке баулиды;

  • Тапқырлығы дамиды;

  • Санау қабілеті артады;

  • Шапшаңдыққа, еркіндікке үйренеді;

  • Жылдам ойланады;

  • Жылдамдыққа үйренеді;

  • Бейімді қарым-қатынас жасауға үйретеді.

8

2 Бөлім. Машықтық бөлім
2.1 Перспективалық жоспар

(ересек топ)

Оқудың алғашқы жылы

аптасына 1 сағат, барлығы 32 сағат




№ р/с

Тақырыбы

Мақсаты

Ойынның шарты

Сабақ саны

1

«Атқапыл» ойыны

Ойын арқылы балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйрету.

Мұны кей жерде «Көтеріспек» деп атайды. Бұл ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны иірген баланы өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады. Осылайша, екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді.

2

2

«Қақпақыл» ойыны

Баланың машықтану, әдісқойлық пен ептілігін арттыру.

Бес асықпен, кейде бес жұмыр таспен де ойнайды. Қақпақыл ойнаушыларының әрқайсысы бес асықтан алып, салмақтылау асықты «Құспек» етіп ортаға қояды. Бұдан кейін әр бала қолындағы асығын жоғары қағып жіберіп, оны алақанының сыртымен қағып алады. Кім көп ұстаса, қалған ойнаушылардың бәрі соған асықтарын береді. Ол барлық асықты қос уыстап жоғары көтере тастап, алақанының сыртымен қағып алады. Ұстаған асықтарының санына сәйкес жердегі асықтарды алу үшін «құспекті» биікке лақтырып, қайта түскенше жердегі асықтарды белгілі мөлшерде алып, «құспекті» жерге түсірмей қағып алу керек.

2

9


3

«Шық етерде» ойыны

Балаларды мергендікке, дәлдікке баулу.


Көп бала ойнаса өте қызықты болады. Түзу сызыққа қатар тігілген асықтарды алыстан (бес-алты адам) кезектесіп атады.

2

4

«Өріс» ойыны

Баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдау, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелеу.

Түзу бойына алшы, тәйке кезектесіп тізіледі. Өріске ұзап барып атады. Кімнің бірінші ататындығын анықтау үшін сақаларын қосып, бір ойыншы басынан асыра жерге тастайды. Алшы түскен сақа иесі бірінші, тәйке екінші, бүк үшінші, шік төртінші болып атады. Сақа асықтарды құлатып, сақа бүк түссе, шік жатқан асықтарды ұтады. Ал сақа асықтарға тиіп, шік түссе, бүк түсіп жатқан асықтарды ұтады. Бұзылған асықтарды түзу бойына қайтадан тізіп қояды. Келесі кезектегі ойыншы сақасымен тізілген асықтарды көздеп атады. Атқанда сақа асықтарға тиіп, өзі омпа түссе, онда өрістен атылған сақалар домалап түскен жерінде жатуға тиіс. Келісім бойынша үш рет қайталауға болады. Кімнің сақасы төрге озып кетсе, сол бірінші болып кері атады. Ойыншылар тигізе алмаса, алғашқы ойыншы қалған асықты сақамен қосып, басынан асыра жерге тастайды. Ұтқан асықтарын жинап отырады. Шебер ойыншы қарсыласының асығын түгел ұтып алады.

2

10


5

«Асықты тігіп» ойыны

Асық ойнату арқылы балаларды мергендікке, ептілікке, жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа, дәлдікке баулу.


Бір топ бала, жастар жиылып келіп, тегіс жерді таңдап алады да, оны тазартып, ортадан төрт бұрышты сызық сызады. Сол төрт бұрышты сызықтың ортасынан тең етіп екіге бөледі. Әр жағының қашықтығы баланың жас мөлшеріне қарай белгіленеді. Сонда 1-1,20 сантиметрден 1,5 метрге дейін болады. Мұны «көн» деп атайды. Сонда ойыншылардың өзара келісімі бойынша көннен 4-5 м не одан да көп мөлшерден асық ататын орын белгіленеді. Ойыншылар осы жерден тұрып көндегі асықты ататын болады. Ойынды кім бірінші болып бастайтынын сақа иіру арқылы анықтайды. Сақасы алшы түскен ойыншы бірінші болып ату кезегін алады. Ойыншы асыққа дәл тигізіп, оны көнбе сызығынан шығарса оны алады да, сақасы түскен жерден қайта атады. Сөйтіп көннен шығарғандарын ала береді. Егер оның сақасы көндегі асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал тігілген асықтарды бұзып, бірақ көннен шығара алмаса, қалған ойыншылар асықтарды сол жатқан қалпында атып, көннен шығарып алуға тиіс. Ойын көндегі асықтар біткенше ойнала береді. Көндегі асық біткен соң, ойынға қатысушылар бір-бірден көнге қайта асық тігіп, ойын қайта басталып, жалғаса береді.

2

11


6

«Бес табан» ойыны

Ұлттық ойын арқылы балаларды белсенділікке, тапқырлыққа, мергендікке және күштілікке тәрбиелеу.

Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығу керек. Кім көп асықты атып шеңберден атып шығарса сол ұтады.

2

7

«Асық ату» (Хан ату) ойыны

Балалардың денсаулығын, ой-өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту.

Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншы кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпен (сақамен) қалған асықтарды шертіп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана ату. Басқа асықтарға тигізбей атып алыңған асық ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді.

2

8

«Асық қаршу» (бестас) ойыны

Балаларды асық ойыны арқылы ептілікке, шапшаңдылыққа баулу.


Екі және одан да көп бала ойнайды. Қаршуға ықшам асықтар таңдалынып алынады. Ойыншылар асықтарын иіріп кімнің асығы алшы түссе, сол ойынды бастайды. Бес асықты жерге тастап, бірін жоғары лақтырып, жердегі асықтың бірін іліп алып, жоғарыдағы асықты қағып үлгіреді. Осылай бір-бірден, одан кейін екі-екіден соңында жердегі төрт асықты бірдей сыпырып алу керек.

2

12


9



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет