Асықтың атаулары:
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы, яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағынан жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай –асықтың омпаға қарсы жағынан тік түсуі.
Асық ойыны барысында қолданылатын құралдар мен әдістер:
Көн киіз – асықтың «тақта» ойыны барысында қолданылатын жұқа әрі икемді, асық атуға, қаржуға қолайлы құрал. Бұл асық ойынының түрлеріне байланысты елу де елу, сексен де сексен, жүз де жүз см көлемінде болады.
7
Көн киізді дөңгелек шеңбер түрінде қолдануға болады. Ондай жағдайда көн
киіздің диаметрі 50, 80, 100 см. Көн киіздің жиегін жіңішке ұлттық нақышты оюлармен көмкерген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |