С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет4/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

Қосымша материалдар........................................................................40 Қорытынды....................……………...……………..............................42 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................45

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» қосымша ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31қазан № 604 қаулысымен бекітілген және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 10 қазан № 556 бұйрығымен бекітілген 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізге алынды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді. Бағдарламаның мақсаты балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікке тәрбиелеу болып табылады. Еліміздің заманауи білім кеңестігіне бет бұруы ұлттық педагогикада, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын»,- деп жазған болатын. Яғни мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру өте өзекті. Асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Асық ойынын біздің батырларымыз да, ақындарымыз да ойнап өскен. Қазір балалар балпаң баса бастағаннан-ақ ата-ана жүйкесі тыныш болуы үшін қолына планшет, телефон беріп қоятынын көріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан баланың зейіні тұйықталады, кө­зінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қисаяды және кәдімгі адами қарым-қатынасты ұмытады.

Олай болса баланың тұла бойындағы даму процестерін дамытуға керемет әсер ететін ойын – асық ойыны. Ендеше, неге балаларымызға асық ойнап, сақа сыйлауды үйретпеске?! Осындай мақсатпен мектепалды даярлық тобына 32 сағатқа есептелген «Мектеп жасына дейінгі балаларды асық ойынына үйрету арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» вариативтік компонент бағдарламасы жасақталды.



Мақсаты:

  • Асық ойыны арқылы өсіп келе жатқан баланың дене күшін арттыру,

4

  • қолын қатайту, денесін шындау. Көзінің қырағылығын жетілдіру, зеректілігін, тапқырлығын, ынталылығын арттыру, баланың ұйымдастырушылық дағдысын қалыптастырып шыңдау. Ұлттық ойының тәрбиелік мәні арқылы баланың дене бітімінің әсем, сымбатты болып бітуіне ықпал жасау.



Міндеті:

  • Балаларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелеу;

  • Топпен жұмыс істеуді үйрету, топтан оза шығу қабілетін арттыру;

  • Асық ойынының барлық ережелерін, қыр-сырларын зертеуге, ізденуге баулу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет