Асықты дұрыс ұстау техникасын үйрету:
- Асықтың өзіндік болмысына және жату қалпына сай атаулары: алшы, тәйкі (тәуке, тәйке), бүк, шік (омпа және томпа).
- Асықты ойын түрлеріне сай қолға ұстау әр түрлі. Көбіне асықпен ойналатын ойындар иіру арқылы ойналады. Асықтың тәйкі тұсы – басбармаққа, алшы жағы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады (бұл оңқай асықтарды дұрыс ұстау). Ал
30
солақай асықты ұстағанда: алшы тұсы – басбармаққа, тәйкі тұсы – сұқ саусаққа, бүк тұсы – алақанның ішкі жағына, шік жағы – сыртқа қарап тұрады.
- Асық туралы біраз ой түйіп, мәлімет алдық.
Әділқазылар алқасымен танысып отырайық.
1. Әділқазылар алқасының төрайымы балабақша меңгерушісі:
2. Балабақшамыздың дене шынықтыру пәні мұғалімі:
Ұлттық салт-дәстүрді ұрпаққа өнеге ете отырып, «Асық ойыны – ұрпаққа аманат» атты сайысымызды сіздерге сәттілік тілей отырып, ашық деп жариялаймыз! Құрметті ата-аналар, біздің алға қойған мақсатымыз ата-бабадан ұмыт болып бара жатқан асық ойынын баланың бойына сіңіріп, сана-сезіміне құйып, көзіне көрсете отырып, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулу болып табылады. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
Таныстыру (эмблема, ұран)
Сұрақтар
Тапсырмалар орындау
Эстафеталық ойын.
Бес тас ойыны
Үй тапсырмасын қорғау
Достарыңызбен бөлісу: |