4. Эстафеталық ойын. Бұл ойында қазақтың ұлттық оюы қошқармүйізді асықпен өрнектеу керек. Мына жерде асықтар санмен белгіленген. Сол асықта жазылған санның ретімен алып қошқармүйіз оюымызды өрнектеуіміз керек. Кім шапшаң оюды өрнектейді,сол жеңіске жетеді.
5. «Бес тас» ойыны шарты. Бес тас – өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған. Жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнайтын ойын. Ойынға керекті зат – бес асық.
Достарыңызбен бөлісу: |