Жүргізуші: Балалар, «Ханталапай» ойыны туралы бейнероликке назар аударайық (Ханталапай ойынын суретті слайд түрінде қарау).
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл, мұрт та жоқ,
Сендерді де алдармын.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендерде мереке, қызықты ойын өткелі жатыр деп естідім. Мен де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендер менімен қызықты қазақтың ұлттық ойынын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Салт –дәстүрім жарасса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарасса өнер көрсетіп,
34
Той тойлайық тамаша
Жаңғырғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Ата салтын бабамның.
Алып келді Ұлыс күн.
Алдар көсе: Ол ойын «Ханталапай» деп аталады. Қанекей сендер шеңбер болып отыра қойыңдар.
Балалар шеңбер болып отырады.
Алдар көсе ойынды бастар алдында: «Талапай –ау, талапай,
Табылды ойын алақай»
деп айтады. Балалармен бірге қайталайды, қоржындағы асықтарды отырған
балаларға шашады. Балалар жарыса «Ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды, әр бала жинаған асықтарын тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бірінші бастайды. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда ойын жүргізушінің тапсырмасын орындайды. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интеллектуалдық тапсырмалар алдын ала дайындалады.
Сұрақтар: 1) Төрт түлікті ата?
2) Сүт тағамдарын ата?
3) Жылқының сүтін не деп атайды?
4) Қазық жылдың қай мезгілі?
5) Көктем мезгіліндегі мерекелерді атаңыз?
6) Қазақтың ою-өрнектерін ата?
7) Асықтардың түскендегі атауы?
Тапсырмаға дұрыс жауап берсе, келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғасады. Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.
Әділқазы әділ төрелігін айтқанша қазақ биі «Керемет» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық,
Ортамызды ашайық.
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық.
Хор: «Мен ауылға барамын» әні.
Би: «Пиала» тобының бүгінгі тойымызға той шашуын қабыл алыңыздар!
Әділқазы қортындысы бойынша «Алғыр бала», «Зерек бала», «Мерген бала» номинациялары беріледі.
35
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойынын еске түсіріп, нақышына келтіріп ойнаған бүлдіршіндеріміздің ойынын тамашаладыңыздар. Келесі жылы да осы қазақтың ұлттық ойындары үрдіске айналып, жалғасын таба берсін. Жылдан-жылға аман-есен жете берейік. Қош сау болыңыздар!
36
Достарыңызбен бөлісу: |