С. Н. Дошанова Р. Р. Айтмагмбетова Бірлестік жетекшісі Қ. А. Тасжанова



бет36/37
Дата21.05.2020
өлшемі122,97 Kb.
#70211
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
асық ату ойыны - 02.08.19-1

«Кім шапшаң?»

Мақсаты: Түстерді атай білу, асықтарды санай білу, ой өрісін дамыту.

Көрнекіліктер: Карточкалар, төсеніш, түрлі түсті асықтар.

Ойын шарты: Карточкада берілген сандарды түсіне қарай жайылған төсеніштерге шапшаң орналастыру.

41

ҚОРЫТЫНДЫ


Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан дәстүрлерінің бірі – асық ойыны. Асық ойыны біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен, өмір сүру салтынан алынған. Асық ойынын ойнату арқылы біз балаларға өзіміздің салт-дәстүрімізді насихаттап қоймай, олардың ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беруіне септігімізді тигіземіз. Ойын – баланың ең басты еңбегі. Ойын ойнау арқылы балада ертеңгі өміріне қажетті еңбек сүйгіштік, батылдық, алғырлық, ептілік, Отан сүйгіштік қасиеттері қалыптасады. Біздің халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің көбісі төрт түлікпен байланысты болған. «Ат жарыс», «Бес тас», «Ханталапай», «Өріс», «Бәйге», «Тас қала» сияқты т.б. ұлттық ойындар бар. Осы ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтап ойынның тұп нұсқасын бұзбай үйретуге көп көңіл бөлемін. Тек қана мереке, ертеңгілік, ашық оқу қызметінде ғана ойнатылмай, күнделікті оқу қызметінде, жеке жұмыстарда ойнауларына мүмкіндік жасаймын. Қазіргі таңда рухани жаңғыру деп көп айтамыз, бірақ аса мән бермейміз.

Ұлттық салт-дәстүрімізді балалардың бойына сіңіре отырып, соның бір тармағы ұмытылып бара жатқан асық ойынын балаларға үйрете отырып, кешегі ата-бабаларымыздың өткен өмірлерінен, тұрмыс-тіршілігінен хабардар болады. Болашаққа көз тастау еліміздің тарихын терең танудан басталады. Халықтың өткен өмірі дегеніміз әрбір жаңа ұрпаққа үңіліп, одан рухани күш пен ғасырлардың ақыл ойын қалқып алып отыратын айнабұлақ. Осы айнабұлағымызға кір түсірмей, кіршіксіз күйінде болашақ ұрпаққа аманаттау жолында еңбек етемін. Осы бағытта мен «Арай» балалар шағын орталығында жұмыс атқардым. Қызмет атқарған жылдар ішінде балалардың асық ойнына деген қызығушылықтарын, бар жан-тәндерін сала ойнайтындарын байқадым. Ұлттық ойынымыздың қажетті құралы асық болғандықтан табиғи таза, балалардың денсаулығына еш зиянын тигізбейді. Сонда да олардың қауіпсіздік ережелерін сақтап ойнауларын көп көңіл аударамын.

2017-2018 жылдар аралығында ата-аналар жиналысы кезінде асық ойынының жоспарымен танысты. Сол кезде «Асық ойыны ұрпаққа аманат», «Ханталапай», «Мерекелік ойындар » спорттық іс-шаралар қезең-кезеңімен атқарылды. Бұндай іс-шараларға балалар ғана қатыспай, сонымен қатар ата-аналар да ат салысты. Наурыз мейрамы қарсаңында «Ханталапай», «Асық ату», «Төрт асық» ойыны ойнатылып ерекше ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

Осындай іс-шаралар арқылы салт-дәстүріміздің ұмытылмауына септігімді тигіздім. Балаларға оқу қызметінен тыс уақытта «Мектеп жасына дейінгі балаларды асық ойынына үйрету арқылы танымдық қабілеттерін дамыту» атты вариативтік бөлімін жүргіздім. Бұл деген әр балаға жеке көңіл бөліп, ойын элементтерін дұрыс үйретуге үлкен мүмкіндік. Вариативтік бөлім 4-5 жас аралығындағы балалармен күннің екінші жартысында жүргізілді.

42
Асық ойыны баланың бойында жақсы сақталуы үшін олардың құралдарының жеткілікті болуына, эстетикалық жағынан жоғары болуына көңіл бөлемін. Бұл бір жағынан баланың дене бітімінің мінсіз болып өсуіне әсер етеді. Асық ойынын балалармен ойната отырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп жатқанына кішкене де болса септігімді тигізгеніме қуанамын. Асық ойындарымыз ғасырдан ғасырға мұра болып, қаймағы бұзылмай жетсе екен деп тілеймін. Өйткені асық ойыны тек қана ойын емес, біздің денсаулығымыздың мықты болуына әсер беретініне сенімдімін. Ал адамзат үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет