С. Н. Саденова А. Ж. Мукантаева


жылдағы баға белгілеудің стратегиясы



бет5/9
Дата19.02.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10647
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2001 жылдағы баға белгілеудің стратегиясы

2001 жылдың аяғында фирма баға белгілеудің стратегиясын ойластырды. Ол келесідей схемаға бағытталды, оның өткізу құнына мыналар кірді:



  • сатып алу құны (одан басқа өзгермелі шығынды қосқанда);

  • НДС және басқа да салық түрлері (сатып алу құнынан 44 %);

  • тұрақты шығындар (сатып алу құнынан 17 %);

  • пайда (сатып алу құнынан 30 %)

Фирмамен өткізілетін негізгі өнім ол экологиялық таза Anchor сары майы 250 грамм қорабында, көтерме саудагерлер 0,88 АҚШ долларынан өткізді.

Импортталған сары май нарығында негізгі бәсекелесі болып – финдік компания Villio және оның дистрибьютері қазақстандық «Продпоставка» фирмасы болды. Ол финдік Sunbutter сары майын сол бағада өткізетін. Тұрақты шығындар мен салықтарға сондай-ақ қатынаста болды. Жалғыз ерекшелігі сатып алу құны 9 %-ға қымбат еді.

Финдік сары май сондай-ақ қорапта, сапалық қасиеттері бойынша жаңазеландиялықтан ерекшеленбеді. Сол уақытта бөлшек саудада түпкі тұтынушылар бағаның тепе-теңдігіне қарамастан Anchor-ды сатып алатын.

«Картик» фирмасының алғашқы бағалық шабуылы

Алматы облысының нарығындағы негізгі бәсекелесті нарықтан шығару үшін баға құрлымының салыстырмалы талдауы негізінде «Картик» фирмасының директоры А.М.Джуманиязов мырза бағалық саясатты өзгертіп, өз өнімін өткізудегі бағаны біртіндеп төмендетуді көздеді.

Шешімді қабылдау қиынға түсті. Фирманың көптеген қызметкерлері бағаны төмендетуді ерте деп есептеді. Майды сатудан түскен айлық пайда 2001 жылдың аяғында 36400 АҚШ долларын құрады. Бағаның төмендетілуіне негізгі қарсы аргументтер келесідей болды:


  • Алматы сары май нарығы соншалықты үлкен, бағаның төмендетілуі көрініс таппайтын еді;

  • фирманың сауда айналымын тұрақты ұлғайтылуда және бағаның төмендетілуі негізгі қаржы көрсеткіштерінің динамикасының нашарлауына әкеліп соқтыруы мүмкін, складтық ауданын ұлғайтуға мүмкіндік бермеу тиім еді;

  • бағаның төмендетілуін тұтынушылар тауар сапасының төмендеуімен байланыстыруы мүмкін, сол себептен тұтынушылар саны қысқаруы мүмкін еді.

Осыларға қарамастан ақырғы сөз директордың сөзі еді. Оның интуициясы бойынша бағаның төмендетілуі нарықтағы жалғыз үлкен бәсекелестің болуы шартында, оның нарықтағы орнын тартып алып және өзінің сату көлемін оның өнімін алатын тұтынушылар арқылы көбейтуді көздеді. Оған қарасмастан «ЖМӨ» компаниясы 2002-2003 жылдар аралығында Алматы нарығындағы сату көлемін 2 есеге көбейтуді жоспарлады. Бұл жағдайда нарықтың толықтырылуына қысқа мерзімде сату көлемін ұлғайтатын агрессивті бағалық саясатты қажет етті. Сонымен қатар А. М. Джуманиязов тәуекелдің барын сезді. Сәтсіздік жағдайында бағаны орнына қою сол жағдайда сату көлемінің азаюына және қаржы жағдайының нашарлауына әкеліп соқтырар еді. Бар артықшылықтар мен кемшіліктерді таразылап ол өзінің ойында қалды сонымен қатар ол өзінің қалтасынан бағаның төмендетуі жөніндегі баспа жарнаманы қаржыландыруды алды. Оның беделі мен дағдысы қызметкерлерге әсерін тигізді және олар да директордың қабылдаған шешімімен келісті.

Бағаның алғашқы төмендетілуі 2002 жылдың 1 қаңтарында жасалды, ол бағадағы пайданың 21,4 %-ға төмендетілуі арқылы жүзеге асты.

Нәтижесінде «Картик» фирмасының көтерме саудасы 5% өсіп, яғни 74,75 тоннаға (299000 қорап) жетті. Бірақ сату көлемінің өсуі пайданың өсуіне әкелмеді. Соған қарамастан пайда қысқарды, қабылданған шешімнің дұрыстығына ойландырды.

Бәсекелестің басқа шешімі болмады, оның қымбат өнімі сондай-ақ сапасымен бөлшек сауда фирмаларын қызықтырған жоқ. «Продпоставка» фирмасына бағаның төмендетілуі пайданың төмендеуіне әсерін тигізді. Алғашқыдағы көтерме сауданың үлкен емес уделді пайдасы деңгейінде бағаның төмендетілуі ондағы пайда мен валдық пайданы көзге анық түрде қысқартты. Оны біліп, жеңісті сезген «Картик» тағы да бір шешуші «бағалық соққы» жасауды көздеді.



Бағалық нокаут

Акцияның басты мақстаы бәсекелесті өзіндік құнымен сатуға итеру болды. Басқа сөзбан айтқанда бәсекелеске өз өнімін нөлдік пайдамен сату болып табылды. Бұл мақсатпен 2002 жылдың 1 сәуірінде Anchor-дың бағасы тағы да 4 центке төмендетіліп, 1 қорабына 0,81 АҚШ долларын құрады.

Сату көлемі лезде ұлғайып, бірақ жалпы шығындар мен оның құрамын сол деңгейде ұстап тұрды. 2002 жылдың аяғында фирма айына орташа есеппен 225 тонна майды сатты.

«Продпоставка» фирмасының Алматы нарығындағы халі нашарлай түсті, сату көлемі 40 %-ға қысқарды. Сатып алушылар одан сайын азая түсті. Не күшті жарнама, не қысқа мерзімді сатуды зачетті купондар мен бонустар арқылы стимул беру жағдайды жақсартқан жоқ.

Бірақ «Продпоставка» бағаның төмендетілуіне барған жоқ, көтерме сауда нарығындағы нөлдік пайдамен жұмыстың мәні болған жоқ. Сонымен қатар орташа нарықтың бағасынан үлкен бағамен сату келешекте бизнестің қысқаруына әкелетін еді. Фирманы сақтау шараларын қолдану қажет болды. Мүмкін әрекеттердің варианттарымен бағаның төмендетілуінің мүмкін еместігін талқылағаннан кейін «Продпоставка» сатуды ұйымдастырудың кардиналды өзгерту жөніндегі шешімге келді.

«Продпоставка» мақсатты сегменті мен тұтынушылары мен сауда формасы ауыстыруда

«Продпоставка» фирмасының басшылығы көтерме саудадан бөлшек саудаға ауысу туралы бір шешімге келді. Көтерме нарығы сегментіндегі сатып алушылардың қысқаруы көтерме сауда нарығында «Картиктің» бағалық қысымы арқасында бизнесті жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Сол уақытта Алматы облысындағы сары май нарығында анық лидерлері болған емес, ол көптеген кішігірім фирмалар арасында бөлінген еді және ең бастысы ол «ЖМӨ» бақылауында емес еді. Бұл жағдайлар бағалық саясат облысында қызық салдарға ие еді. Сары майдың құны көтерме бағаға үлкен үстеме қосылу арқылы қалыптасты. Егер көтерме сауда нарығында майдың бағасы қорабы үшін 0,81-0,85 АҚШ доллары арасында толқыса, көтерме саудагерлердің пайдасы бұл бағада 0,07-0,10 АҚШ долларын, ал бөлшек сауда құны тұрақты және 1 АҚШ долларын, яғни көтерме бағаға үстеме қосу 0,15 АҚШ доллары мөлшеріне тең еді.

2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Продпоставка» сары майдың партиясына бөлшек саудада өткізуді бастады. Бірақта ол өзіндік бөлшек сатуды ұйымдастырған жоқ. Өзіндік бөлшек сатуға қарсы аргументтер келесіге келтірілді:


  • бөлшек дүкендерді жасау капиталдың көп жұмасалуын қажет етті;

  • өзіндік бөлшек дүкендер желісін ұйымдастыру кем дегенде 2 жылға созылады, ол уақыт ішінде стратегиялық инициативаны жіберіп алуға болды.

Өнімді сатудың бөлшек фирмаларға сату баламасы тиімдірек көрінді. Бұл жағадайда өнімді өткізуден келген табыс бір тоннасына – 3600 АҚШ долларын құрайтын еді. Бұл мақсатпен «Продпоставка» сату процессін қайта ұйымдастыруды ұйғарды. Штатқа 10 сауда агентімен толықтырылды, олардың басты міндеті «Sunbutter» сары майын сатуды бөлшек саудагерлер мен жеке бөлшек дүкендері мен әмбебаптар мен супермаркеттерге өткізу болды. Сол себепті Алматы қаласы мен облысын 10 географиялық сегментке және әр сауда агенті жеке басты өз сегменттерінде сатуды іске асыру юолды, жалақылары сатылған өнім көлеміне тәуелді болды. Жылдық жалақылары окладтан (6000 АҚШ доллары) және комиссиондықтан (120 АҚШ доллары әр сатылған тоннасынан) шығарылатын.

Сауданың жаңа ұйымдастырылуы жақсы нәтиже берді. 3 ай ішінде фирма айлық сату көлемін 110 тоннаға жеткізді, өткізу құнын 1 қорабына 0,85 АҚШ доллар деңгейінде сақталды.

Келесі айларда қабылданған шешімнің дұрыстығы дәлелденді. 2003 жылдың ортасында «Продпоставка» жоспарланған айлық пайданың көлемі 35000 АҚШ долларына жетті. Өнімі сатудың бөлшек формасы келесі орта таразыланған бөлшек бағасы Алматы облысы бойынша 2% төмендеді, содан «Картик» фирмасы саудасынаның әсерін тигізді.

«Бағалық соғыс» аяқталған жоқ және осы уақытқа шейін жалғасуда.



Талқылауға берілген сұрақтар
1. Қай өсу стратегиясы (И. Ансоффа өсу матрицасына сай) «ЖМӨ» компаниясы Қазақстан нарығында 2001 жылға дейін және кейін қолданды?

2. «Картик» сауда айналымының орташа жылдамдығы 2001 жылдың қаңтарында 1,2 –ге жетті. Ол нені көрсетеді. Қандай құраушы шығындар айналымдық шығындарды құрайды?

3. «Картик» фирмасы баға белгілеудің қандай әдісін қолданады?

4. Anchor сары майын 2001 жылы сатып алу құнын есептеу керек?

5. Anchor өткізу бағасының құрамын анықтаңыз?

6. Sunbutter сары майын көтерме саудадан түскен пайданың уделді мөлшерін және 2001 жылдағы бағасының құрамын анықтаңыз?

7. Кейстің текстінде бағаны төмендетуге қарсы аргументтері келтірілген. Сіз онымен келісесіз бе?

8. 2002 жылдың қаңтарында Anchor өнімін өткізуде қанша %-ға бағасы төмендетілді?

9. Anchor сары майына сұраныс баға бойынша икемді ме? Сұраққа жауап беру үшін 2002 жылдың қаңтарындағы сатуды негізге алыңыз.

10. 2002 жылдың қаңтарында өткізуден түскен жалпы пайда қандай факторлар әсерінен азаяды? 2002 жылдың қаңтарында сатудан түскен пайданы есептеңіз?

11. Неліктен Anchor-дың бағасының 4 центке төмендетуі нарықтағы бәсекелесті пайдасыз саудаға шығарды?

12. «Картик» фирмасының айлық пайдасының мөлшері 2002 жылдың аяғында қандай болды?

13. Импортталған сары майдың бөлшек және көтерме нарықтары бәсекелестіктің қандай 4 моделіне сай?

14. Шығынсыз сауда бөлшек дүкендері үшін «Продпоставка» фирмасының сауда агенттерінің аппараты, қандай минималды жылдық сату көлемін бере алады?

15. «Картик» фирмасының бөлшек құнының төмендетілуі көтерме құнына қалай әсер етті?

16. Алматы нарығындағы импорттық сары майдың бәсекелестік жағдайының дамуына мүмкін сценарийлерін келтіріңіз.


6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы

Сабақтың мақсаты: теориялық материалдарды бекіту және инфляция жағдайныдағы бағаны есептеуден тәжірибелік дағды алу, тұрақсыз баға түсінігі, баға қалыптасуындағы жеңілдіктер көлемін анықтау.

Сабақтың жоспары:


  • бағалық тактика, жеңілдік түсініктеріне анықтама беру;

  • тәжірибеде негізгі жеңілдіктер түрлерін қолданудың мүмкіндіктерін анықтау (артықшылықтары мен кемшіліктері);

  • 1-5 есептерін есептеу.

1-есеп

Келісім шартты жасау барысында тауардың данасына 60 мың теңге, оның 40 % материалдың құны, 30% - жалақы және 20% пайда болған. Бір айдан соң материалдың құны өндірісте қолданылған 10%-ға өсті, ал жабдықтаушының орташа кәсіпорындағы жалақысы 15%-ға өскен. Тауарды өткізу құнын анықтаңыз.



2-есеп

2006 жыл мен 2005 жылды салыстырғанда көтерме баға, жалпы алғанда зерттелген өндіріс саласында 20,5 есеге өскен. Сонымен қатар қара метал өндірісінің өнімі 29,9 есе, труба өндірісі 35 есе өсті. Көтерме баға индексін есептеңіз.



3-есеп

2006жыл мен 2005 жылды салыстырғанда көтерме баға жалпы алғанда зерттелген өндіріс салалары бойынша 20,5 есеге өскен. Сонымен қатар алюминий өндіру өндірісі 21,6 есеге өскен. Көтерме баға индекстерін есептеңіз.



4-есеп

Трактор бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 17584 теңге/данасынан 286300 теңге/данасына дейін өскен. Ір-инфляция индексі, 20,5 тең деп алынған. Трактордың салыстырмалы бағасының өзгерісін есептеңіз:



  • алғашқы период базасына;

  • ақырғы период базасына;

  • бағаның орташа пайыздық өзгерісі.

5-есеп

Дизильді жанармайға 2001 жылдағы бағасын 2000 жылмен салыстырғанда оның құны 167 теңге/данасынан 6170 теңге/данасына дейін өскен. Ір-инфляция индексі, 20,5 тең деп алынған. Дизильді жанармайдың салыстырмалы бағасының өзгерісін есептеңіз:



  • алғашқы период базасына;

  • ақырғы период базасына;

  • бағаның орташа пайыздық өзгерісі


7-тақырып. Маңызды салалық кешендердің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: әртүрлі экономика саласында баға қалыптасуының ерекшеліктерін бекіту.

Сабақтың жоспары:


  1. «Құрылыс өнімдеріне баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  2. «Ауыл-шаруашылық комплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  3. «Отын-энергетика коплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  4. «Машина жасау комплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  5. «Өндіріс техникасы тауарларына баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  6. «Тұтынушылық тауарларға баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;

  7. «Қызмет көрсетуге баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау.


9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары

Сабақтың мақсаты: импортталған және экспортталған өнімдерге бағаның қалыптасуының ерекшеліктерін бекіту.

Сабақтың жоспары:


  1. импортталған және экспортталған өнімге түсінік беру;

  2. импортталған және экспортталған өнімге баға белгілеудің негізгі ерекшеліктерін анықтау;

  3. 1-2 тапсырманы орындау.

1-тапсырма

Талқылауға берілген сұрақтар:



  1. ТМД елдерінің мүшелері арасындағы есеп айырысуды әлемдік баға деп есептеу дұрыс па?

  2. Неліктен халықаралық аукциондар бағаларын мамандар көбінесе әлемдік баға деп есептемейді.

  3. Контракты қабылдау алдында:

а) келешекте фиксацияланатын бағалар;

б) тұрақсыз бағалар

Келесі қасиеттері бойынша салыстырыңыз:

а) баға деңгейі шектеусіз;

б) шығындардың өзгеруі контракттың барысында есепке алынауы;

в) бағаны анықтау формуласы қалыптасуы;

г) баға контрактты іске келтіру барысында қалыптасады;


  1. Экспорттық бағаны қалыптастыру баға белгілеудің қай әдісіне сай келеді? Қазақстан фирмалары өздері үшін баға белгілеудің қай әдісін ұстанады?

  2. Неліктен көптеген елдерде толық импорттық тарифтердің болуы экспорттық кеден тарифінің болмауы тән.

2-тапсырма

1-есеп

Импорттық өнімнің данасына келісім көрсеткіштері келесідей: кедендік құны ҚР ұлттық банкінің курсымен ауыстырылғанда 1000 теңгеге тең, кедендік импорттық пошлина 20% құрайды, кедендік ставка жинағы – 0,2 %, акциз ставкасы – 10 %, НДС – сыз шығындары – 100 теңге. Импортшының ішкі нарықта өткізудің мүмкін құны – 1500 теңге. Импортшының келісім жасауға мәні бар ма?



2-есеп

Импортталған өнімнің контракт бойынша мүмкін құны партиясына 1000 АҚШ доллары (партиясында – 100 дана); доллардың курсы 155 теңгеге тең, импортталған пошлинаның ставкасы партиясына 4 евроны құрайды, евроның курсы 160 теңгеге тең, кедендік жинақ – 0,3 %, импортшының ішкі нарықтағы НДС-сыз шығындары – 12,5 мың теңге, НДС ставкасы - 16%. Бір импортталған өнімнің партиясына есептесу құны қанша? Егер өткізу мүмкін құны ішкі нарықта 1 данасына 2500 теңгені құраса, импортшыға келісім жасаудың мәні бар ма?



3-есеп

Экспортталған өнімнің данасының өзіндік құны 10 мың теңге, өндірушіге пайданың рентабельдылығы 20% құрайды, НДС ставкасы – 16 %, акциз ставкасы – 10 %; экспортшының ішкі шығындары 1 дананы кеденге жеткізуімен 25 мың теңгеге жетеді кедендік жинақтың есептесу көлемі 175 теңге, контракттың мүмкін құны 10 данасынан тұратын партиясына 5 мың АҚШ долларын құрайды, курс бойынша 1 доллар 155 теңгеге тең. Экспортшыға келісім жасаудың мәні бар ма?



3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Жұмыстарды орындау мазмұны


Жумыс түрі


Жұмыстың орындалуына дайындалу мазмұны

Дәрістерге қатысу

Студенттердің өзіндік дайындықтарына арналған тақырыптар

Дәрісті қарастыру

Тәжірибелік сабақтарға қатысу

Теориялық сұрақтарға дайындық

Тапсырмаларды орындау

Бақылау жумыстарын орындау (сырттай оқу түріне арналған)

Теориялық және практикалық материалдарды менгеру

Нұсқа бойынша тапсырмаларды орындау

Межелік бақылау жұмыстарын тапсыру

Межелік бақылау сұрақтарын қарастыру

Емтихан

Емтихан сұрақтарын қарастыру


Пән тақырыптарының тізімі
1-тақырып Баға белгілеудің теориялық негіздері

Тақырып сұрақтары

- баға нарық категориясы ретінде;

- баға белгілеудің әдістемесінің ғылыми негіздемесі;

- бағаның функциялары;

- баға белгілеудің мақсаттары;

- баға белгілеу принциптері;

- баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы.



Негізгі түсініктер

Баға – бұл тауар құнының ақшалай көрінісі;нақты ұсыныс пен сұраныстың ара қатынас.

Баға белгілеу – бағаның тауарлар мен қызметтерге баға белгілеу процесі. Баға белгілеудің моделдері: нарықтық, мемлекеттік.

Баға функциялары:өлшенгіш, салыстырмалы, төлем құралы, ақпараттық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық, есептік, ынталандырушы, бөлуші, реттеуші.

Баға белгілеу үрдісі: әдістемесі, маңызы. Нарықтық баға белгілеу шарттарындағы кәсіпорын: баға белгілеу бойынша жұмысты ұйымдастыру мен реттеу.

Баға белгілеу принциптері: сұраныс пен ұсыныс заңдарының талаптарын сақтау, ішкі және әлемдік бағалардың ара байланысы, ауылшаруашылығы және басқа да салалар арасындағы бағалық пааритетті сақтау.


Әдебиет__[1-5]___3-тақырып._Баға_деңгейіне_әсер_ететін_факторы'>Әдебиеттер__[1-5]___2-тақырып._Баға_жүйесі_және_оның_классификациясы'>Әдебиеттер__[1-5]___4-тақырып._Баға_белгілеу_әдістері'>Әдебиеттер

[1-5]


2-тақырып. Баға жүйесі және оның классификациясы

Тақырып сұрақтары

- баға жүйесінің түсінігі;

- бағаның құрылымдық элементтері;

- баға жүйесінің құрылымы;

- бағаның классификациясы, олардың критерилері және қасиеттері.



Негізгі түсініктер

Баға жүйесінің құрылымы: көтерме бағалары, құрылыс өнімдерінің бағалары, сатып алу бағалары, бөлшектік бағалар, көлік пен байланыс тарифтері.

Бағаның әртүрлі блоктарының арасындағы арабайланысы мен арақатынасы.

Тауар қозғалысы кезеңдеріне қатысты баға құрылымы: кәсіпорынның көтерме бағасы, өнеркәсіптің көтерме бағасы, бөлшектік баға.


Әдебиет

[1-5]


3-тақырып. Баға деңгейіне әсер ететін факторы

Тақырып сұрақтары

- бағаға әсер ететін сыртқы факторларды талдау;

- бағаға әсер ететін ішкі факторларды талдау;

- шығындар және олардың түрлері;

- бағалық және бағалық емес бәсекелестік;



  • - бағаларды мемлекеттік реттеу;

- баға мен тұтынушының сатып алынған заттарының арасындағы байланыс.

Негізгі түсініктер

Бағаға әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды талдау: шығындар, тұтынушылар, бәсекелестер, өтім каналының қатысушылары, мемлекет. Бәсекелес ортаның негізгі түрлері:бағаны нарықпен бақыланатын орта; бағаны бін немесе бірнеше фирмалармен бақыланатын орта; бағаны мемлекет арқылы бақылайтын орта.

Баға белгілеудің мемлекеттік негізгі бақылау әдістері: жоғарғы және төменгі деңгейдегі бағаны бекіту; бағаларды бақылау; нормативті рентабельділікті регламенттеу.

Сатыпп алушылардың негізгі түрлері: экономды, персонифиционалды, этикалы, апатикалы.

Сатып алушылардың бағаға сезімталдығы: 10 эффек.



Әдебиеттер__[1-5]____8-тақырып._Дүниежүзілік_бағалар_және_оларды_құрудың_механизмі'>Әдебиеттер__[1-5]___7-тақырып._Маңызды_салалық_кешенінің_өніміне_баға_белгілеудің_ерекшеліктері'>Әдебиеттер

[1-5]


4-тақырып. Баға белгілеу әдістері

Тақырып сұрақтары

- тауар мен қызметке қалыптасатын баға белгілеу;

- баға белгілеудің шығын әдістері;

- параметрлік әдістер;

- бәсекелестікке бағытталған әдістер.



Негізгі түсініктер

Шекті шығындарды талдау – баға белгілеу стратегиясын жасап шығаруға және негіздеуге қажетті шарт.

Бағаны анықтайтын ежелден келе жатқан әдіс – толық шығындар; инвестиция рентабельділігі.



Әдебиет

[1-7]


5-тақырып. Баға саясаты және баға стратегиясын таңдау

Тақырып сұрақтары

- баға саясаты және фирманың бағалық стратегиясы;

- бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері;

- баға саясатының түрлері.


Негізгі түсініктер

Фирманың баға саясаты – фирманың экономикаға қалыптасуын қамтамасыз.

Баға саясаты – фирманың жоспарланған уақытта максималды пайда табу үшін,бағаны бірнеше варианттардан тандау .

Бағалық стратегияны әзірлеу кезеңдері: алғашқы ақпаратты жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияның құрылуы.

Бәсекеге қабілеттілік саясаты – нарыққа шығу, географиялық саясат.

Баға белгілеудің ассортименттік саясаты: «теру», «комплект», «номиналадан жоғары», «имидж».


Әдебиеттер

[1-5]


6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы

Тақырып сұрақтары

- бағалардың ынтамен өзгеруі;

- жеңілдіктер жүйесін қолдану;

- жеңілдіктер түрлері ;

- баға белгілеудегі тәуекел;

- инфляция шарттарында баға.


Негізгі түсініктер

Баға белгілеу тактикасы – ағымдағы бағаны коррекциалау.

Баға ауысудың сыртқы және ішкі салдары.

Бағаның төмендеу және жоғарылау проблемалары.

Жеңілдіктер түрлері: қолмақол төлеу үшін, маусымдық, бонусты, Сатып алудың үлкен көлеміне жеңілдіктер: некумулятивтік және кумулятивтік жеңілдктер.



Әдебиеттер

[1-5]


7-тақырып. Маңызды салалық кешенінің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері

Тақырып сұрақтары

- өндірістік – техникалық бағыттағы өнімге баға белгілеудің негізгі мәселелері;

- жанармай-энергетикалық, металлургиялық, машинажасау, көлік кешенінде баға белгілеу;

- сметалық құжаттардың құрылымы. Бағаны құрылыс-монтаждық жұмыстарға белгілеу;

- агроөнеркәсіптік кешен жүйесінде баға белгілеуа: баға жүйесі, бос сатып алу бағалары;

- тауарлар мен қызметтерге бөлшектік бағалар;

- баға белгілеу позициясымен тұтыгушы тауарларының құрылымы;

- тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеудің спецификалық приемдері;

- тұтыну тауары мен қызметіне баға белгілеу



Әдебиеттер

[1-5]



8-тақырып. Дүниежүзілік бағалар және оларды құрудың механизмі

Тақырып сұрақтары

- дүниежүзілік бағалар түсінігі;

- дүниежүзілік бағалардың негізгі түрлері;

- дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары;

- халықаралық келісім-шарттардың бағалары.



Негізгі түсініктер

Дүниежүзілік баға – халық аралық нарықтық деңгейде тауарлар бойынша келісім жүргізілетін баға.

Дүниежүзілік бағаларды құрудың негіз құрушы факторлары: өндіріс шығындары және айналымдар, сұраныс пен ұсыныс арсындағы қатынас және олардың баға белгілеудегі реттеуші ролі. Дүниежүзілік бағалардың құрылуына және қозғалысына әсер ететін басқа факторлар: инфляция, саяси өзгерістер, спекуляция, валюталық курс.



Әдебиеттер

[1-5]


9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары

Тақырып сұрақтары

- сыртқы сауда бағаларын құрудың негізгі принциптері;

- экспорттық және импорттық тауарларға ұлттық және сыртқы сауда бағаларының жүйесі;

- сыртқы сауда бағалары және олардың классификациясы;

- экспорттық және импорттық тауарларға ішкі бағалар, оларды құрудың принциптері мен әдістері.



Негізгі түсініктер

ҚР сыртқы сауда саясаты, кедендік пошлина, кедендік тариф, кедендік құн, импорт, экспорт.

Экспорттаушы тауарларға бағаларды құру ережелері.

Импортталынатын тауарларға бағаларды құру ережелері.


Әдебиеттер

[1-5]



4 Дәріс кешені
1-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері
1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы

Кәсіпорын қызметінің ең негізгі мәселелерінің бірі – олардың өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу. Бағалар қызметтермен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорынның және кәсіпкердің табысты болуы , олардың өздерінің тауарлары мен қызметтеріне бағаны дұрыс белгілеуіне байланысты. Бірақ оны жасау оңайға соқпайды, себебі бағаға саяси, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені әсер етеді. Бүгін баға тауарды өндіруге кеткен шығынның санымен анықталса, ал ертең оның деңгейі сатып алушының мінез-құлық психологиясына қатысты болуы мүмкін. Сөйтіп, кәсіпкер тауарға баға белгілеген кезде, оның (яғни бағаның) деңгейіне әсер етеін бүкіл факторларға көңіл бөлуі тиіс, және бағаны пайда табатындай етіп белгілеу керек.

Жалпы бағаның екі негізгі теориясы бар:

- бірінші теорияның жақтаушыларының ойлары бойынша – тауар бағасы оның құның көрсетеді (Баға = Шығындар + Пайда) – өндіруші жағынан.

- екінші теорияның жақтаушыларының ойлар бойынша – тауар бағасы дегеніміз сатып алушының тауар үшін төлеуге дайын ақшасының соммасы – тұтынушы жағынан.

Экономикалық категория ретінде бағаның бірнеше анықтамалары бар:

- фундаменталдық категория, ол тауар бірлігі үшін сатушының сатуға,

- ал сатып алушының сатып алу үшін беруге келісетін ақша саны;

- тауар құнын ақшалай белгілеу;

- қоғамдық жұмыс уақытын қажет ететін тауарды өндіруге кеткен

- өлшемдерді жаналай өлшеу үшін қызмет ететін экономикалық категория;

- факттік сұраныс пен ұсыныстың сандық қатынасы.

Бағаның маңызы екі түрлі рөлде көрінісін табады:

- баға экономикалық категорияның, нарықтық конъюктураның индикаторы ретінде жүреді. Баға деңгейі, оның динамикасы қоғамдық өндіріс саласында өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Баға сұраныс пен ұсыныстың баланстану жағдайлары туралы, кірістің өсуі туралы, ақшалы эмиссия туралы және т.б. ақпарат береді;

- баға маркетингтік реттеуші болып табылады (маркетинтік кешеннің «4Р» элементтерінің бірі), және оның көмегімен өндіріске, ауысымға, тұтынуға әсер іске асырылады. Баға мемлекет экономикасының маңызды пропорцияларының баланстануына, нарық көлеміне, халықтың сатып алушылық қабілетіне тура әсерін тигізеді;

Баға белгілеу – бұл тауарлар мен қызметтерге баға құру (жасау) үрдісі. Баға белгілеудің екі негізгі моделдерін белгілеп атауға болады:

Нарықтық баға белгілеу, ол нарықта қандайда бір тауарға сатып алушылардың сұранысының және сатушының ұсыныстырының ара қатынастарының негізінде іске асады;

Мемлекеттік баға белгілеу (орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу), мұнда шығындық баға белгілеу шекарасында баға негізіне өндіріс шығындары мен айналымдар енеді(кіреді).

Бағалар және баға белгілеу бірігіп баға механизмін құрайды. Ол екі бөліктен тұрады: баға, оның түрлері, құрылымы, өлшемі өзгеріс динамикасы; және баға белгілеу, белгілеу ережелері, жаңа бағалар құру және қатысушыларын өзгерту әдістері.

2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері

Баға белгілеудің әдістемесі – бұл баға белгілеудің концепциясын әзірлеуге қатысты; бағаларды анықтауға және негіздеуге қатысты; баға жүйелерін құруға қатысты; баға белгілеуді басқаруға қатысты жалпы ережелер, принциптер және әдістер жинағы.

Жалпы әдістемелеу (ол баға белгілеу стратегиясын ойлап табуға көмектеседі) және әдістемені (ол әдістемелеу элементі болып табылады және онда бұл стратегияны іске асырудың нақты ұсыныстары және құралдары болады) бір – бірінен айыру қажет.

Баға белгілеудің принциптері ( бұл бүкіл баға жүйесіне тән болатын және оның негізінде жатқан тұрақты жұмыс істейтін жайлар) әдістеменің маңызды элементі болып табылады:

- бағаны негіздеудің ғылымилығының принциптері – баға белгілеуде нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын үйрену және есептеу қажеттілігінен тұрады;

- мақсатты бағытталған принцип – шешу үшін бағаларды қолдану керек болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелрді айқын анықтауынан құралады;

- баға белгілеу үрдісінің үздіксіздік принципі – баға белгілеу үрдісінің динамикалығымен анықталады (мысалы, «шикізаттан дайын өнімге дейін» қозғалысы – тауар қозғалысының әр кезеңінде өзіндік баға қойылады);

- баға белгілеу үрдісінің және бағалардың сақталуын бақылау үрдісінің бірлік принципі – ол баға белгілейтін және басқаратын мемлекеттік органдар оларды (бағаларды) бақылауы тиіс деген принциптерінен тұрады.

Баға белгілеудің міндеттері. Экономикалық тәжірибе көрсетуі бойынша баға белгілеудің негізгі міндеттерінің тізімі кез келген қазіргі заманғы мемлекетке жалпы болып табылады, бірақ экономика дамуының типтері мен кезезеңдерінен байланысты өзгеріп отырады.

Келесі міндеттер баға белгілеудің негізгілері болып саналады:



    1. өнімді өндіруге кеткен шығындары жабу (немесе оны іске асыруға көмектеседі) және өндірушінің (делдалдың) жақсы жұмыс істеуіне жеткілікті болатын пайданы қамтамасыз ету. Өндіруші үшін нарық конъюктурасы неғұрлым ыңғайлы болса, яғни ол өзінің өнімін неғұрлым жоғары бағамен жөнелтетін болса, соғұрлым ол үлкен пайдаға ие болады;

    2. баға құру кезінде өнімдердің бір-бірін алмастыруын есепке алу. Берілген өнімді өндіруге қанша шығын кеткені тұтынушыға қызық емес. Егер бір өнім нарықта әр түрлі бағалармен ұсынылса, тұтынушы, әрине, төмен бағамен ұсынылған өнімді таңдайды. Егер бірдей бағамен сапасы жоғары және сапасы төменірек өнімдер ұсынылса, тұтынушы сапасы жоғары өнімді тандайды;

    3. әлеуметтк мәселелерді шешу;

    4. экологиялық саясатты іске асыру;

    5. сыртқы саяси сұрақтарды шешу.

Ақырғы үш міндеттер баға белгілеудің қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған, оларды әсіресе дамымаған апатты нарықтан басқарылатын нарыққа өту кезінде шешу маңызды.

3 Бағаның функциялары

Бағаның негізгі функциялары:

- өлшеуші – баға тауар құнын өлшеуге, анықтауға мүмкіндік береді, яғни, сатып алушының қанша ақша санын төлеуге, ал сатушының сатылған тауар үшін алатын ақша санын анықтау;

- салыстырмалы (соизмерительная) – әр түрлі тауарлардың құндылықтарын саластарудан құралады;

- төлем құралы – баға ақшаларға сатып алу-сату актісінде сандық анықталуына мүмкіндік береді;

- есептік – физикалық бірлікте өлшенетін материалдық – заттық анықталған сан және сапа көрсеткіштерін (шт., литр, кг., тонна, метр…) ақшалай өлшенетін көрсеткіштерге ауыстырады. Баға есептің көмекші құралы болады;

- бөлуші – қандай да бір өнімге деген, оның бағасына байланысты, сұранысты қайта бөлу арқылы тауардың ұсынысына әсер етуге, дефицит тауарын өндіруді кеңейтуге және артық мөлшердегі тауар өндірісін қысқартуға, артықшылықтарды немесе жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді;

- әлеуметтік – бағалармен және олардың өзгеруімен қызметтерді тұтынудың, өмір деңгейінің, күнкөріс минимумы, жанұяның тұтыну бюджеті байланысты болады;

- сыртқы экономикалық – баға сауда келісімдердің, сыртқы төлемдердің, елдер арасындағы алмасу есептерінің міндетті құралы ролін ойнайды;

- ақпараттық – сатып алушылар мен сатушыларға сұраныс пен ұсыныс өзгерістері туралы, қандайда бір тауарға деген қажеттілік туралы және т.б. ақпарат береді. Солай сатып алушылар және сатушылар өздерінің іс-әрекеттерін бағыттайды;

- ынталандырушы, түрткі болушы – өндірушілердің өндіруіне және өнім сапасына қызығушылығына әсер етеді; сатып алушыларды тауар санын оның бағасының төмендеу (жоғарылау) әсерінен көп (аз) мөлшерде сатып алуға итермелейді.
2-тақырып. Бағалар жүйесі және олардың классификациясы

1 Баға жүйесі түсінігі

Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.

Бағалар жүйесі – нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.

Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.

Әр блок және әр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені әкеледі.

Қазіргі бағалар жүйесінде әр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, және олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)

Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.

Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.



1-сурет – Қазіргі заманғы нарықтың қызмет көрсету масштабы мен ерекшеліктеріне байланысты жалпы бағалар жүйесі

Ұлттық (ішкі) бағалар - ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын және елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.

Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар - кәсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.

Сыртқы сауда бағалары - импортталатын және экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.

2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы

Әр бағаның өзінің белгіленген элементтері болады:



      1. өнім бірлігінің өздік бағасы;

      2. кәсіпорын табысы (рентабельдік нормасына);

      3. жанама салықтар (акциз, қосымша құнға салық салу).

Мұнда баға түріне қатысты бұл элементтердің құрамы өзгеруі мүмкін. Проценттер немесе бірлік бөлігі ретінде көрсетілген бағаның жеке элементтерінің қатынасы баға құрылымын құрайды.

Баға құрамы және құрылымы 2 суретте көрсетілген.

Бірнеше көтерме делдалдар болған кезде оған қатысты сондай мөлшерде (санда) бір тектік элементтер пайда болады: көтерме делдалдың сатып алу бағасы, көтерме делдалдың сату бағасы.

Оның нәтижесінде баға құрамындағы снабженческо-сбытовой қосымшасының саны өседі, ал тауар бағасының құрылымы күрделенеді.

Кәсіпорын өндіретін өнімнің бағасын біле тұра, бағада шығындар, табыстар және жанама салықтар қандай роль ойнайтынын анықтауға болады.

Оның негізінде өздік құнның төмендеуінің резервтері анықталады, баға стратегиясы жасалып шығады, сонымен қатар кәсіпорынның қазіргі мезетіне және мақсатына байланысты баға белгілеу әдісі таңдалады.




Өнімнің өздік бағасы

Кәсіпорынның пайдасы (рентабельдік нормасы)

Жанама салықтар (акциз, ҚҚС)

Қамтамасыз ету-өтім (Снабженческо-сбытовая) үстеме (делдалдық үстеме)

Саудалық үстеме

Делдалдың шығындары

Делдалдың табысы

Делдалдың жанама салықтары

Сауда шығындары

Сауда табысы

Сауданың жанама салықтары

Өндіруші кәсіпорынның көтерме бағасы (ҚҚС-сыз кәсіпорынның көтерме бағасы)










Өндіруші кәсіпорынның шығару (жөнелту) бағасы (делдалдың көтерме сатып алатын бағасы, көтерме сату бағасы)

Көтерме делдалдың сату бағасы (көтерме делдалдың сатып алыңған бағасы, көп мөлшерде сатып алудың көтерме бағасы)

Бөлшек баға

2-сурет – Баға құрамы және құрылымы


3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)

Бағалар біріңғай баға жүйесін құрайды және оның өзінің классификациясы болады (3-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет