С. Н. Саденова А. Ж. Мукантаева


I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы



бет6/9
Дата19.02.2017
өлшемі1,43 Mb.
#10647
1   2   3   4   5   6   7   8   9

I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы


Ұлттық экономикаға қызмет көрсету сферасы бойынша бағалардың дифференциациясы экономика сферасының әр түрлі ерекшеліктерінің есебі негізінде құрылады.

Берілген топтың бағалары төмендегідей жіктеледі:

1) көтерме бағалар өнеркәсіптік кәсіпорындар немесе олардың делдалдары бөлшектік саудалық ұйымдар қызметтерінсіз өзінің тауарларын үлкен мөлшерлерде сататын бағалар. Өнім көтерме бағамен кәсіпорындар, салалар араларында, сауда ұйымдарына сату арқылы көтерме саладан бөлшектік салаға сатылады, бірақ ол ұсақ партиялармен сатып алатын халыққа сатылмайды. Көтерме бағалармен тауарларды жөнелту қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысады;

2) бөлшектік бағалар - тауарларды соңғы тұтынушы - халыққа сататын бағалар, өйткені бұндай тауарлар негізінде тұтынушылық өнімдер болып табылады. Бөлшектік бағаларды қолдануда көбінесе қолма-қол ақшамен есеп айырысады;

3) сатып алу бағалары (закупочные) - ауылшаруашылық өндірушілер ауылшаруашылық өнімдерін үлкен көлемде мемлекетке және кәсіпорындаға сататын бағалар. Егер мұндай өндірушілер ауылшаруашылық емес өнімді сататын болса (мысалы, артық техника), онда бұл бағалар көтерме болады. Көбіне ауылшаруашылық өнімін үлкен көлемде мемлекеттік саясаттың материялдық базасы ретінде фондтар құру үшін мемлекеттік органдар сатып алады. Сонымен қатар сатып алу бағалар деп ауылшаруашылық өнімдерін үлкен партиялармен мемлекеттік емес кәсіпорындар және ұйымдар (мысалы, ет комбинаттары) сатып алатын бағаларды атайды. Егер ауылшаруашылық өнімі халыққа сатылатын болса, онда «бөлшек баға» деген ұғым қолданылады. «Сатып алу бағалар» ұғымынан «мемлекеттік сатып алу бағалары» ұғымын айыра білу керек. Мемлекеттік закупка бағалары – орталықтанған мемлекеттік фондттар құру үшін мемлекеттік органдар әртүрлі өнімдерді (тек қана ауылшаруашылық өнім ғана емес) сатып алатын бағалар. Мемлекеттік сатып алу объектісі болатын өнімдер халықшаруашылық, стратегиялық және әлеуметтік маңызға ие болады (шикізаттың негізгі түрлері, жанармай, бидай, мақта және т.б.

Бағаның басқа түрлеріне қарағанда, мемлекеттік сатып алу бағалары арқылы ең алдымен жалпы ұлттық мәселелер шешіледі, сондықтан мемлекет сатушыға белгіленген жеңілдіктер береді;

4) құрылыс өнімдерінің бағалары. Құрылыс өнімдеріне қолданылатын сметалық бағалар туралы айтылады. Оның екі түрі болады: жалпы құрылыс объектісінің сметалық құны және типтік құрылыс объектісінің шекті өнімі бірлігінің орташаланған сметалық құны (мысалы, 1шаршы метр тұрғын ауданы үшін, 1 шаршы метр бояу жұмыстары және т.б.);

5) Тарифтер – ерекше түр тауарларының бағалары - қызметтер бағалары. Қызметтеің ерекшелігі - оның нақты материалдық-заттық формасы болмауында. Осыған байланысты сатып алушы қызметті сатып алуы кезінде оның (қызметтің) сапасы туралы толық түсінігін алуға мүмкіндігі болмайды. Сатып алушы сатып алатын қызметі туралы ақпаратты тек оның сатушысы арқылы біледі. Қызмет көрсету кезінде өндіріс мерзімі тұтыну мерзімімен дәлме-дәл келеді, яғни мұнда делдалдың көмегі қажет емес. Бұл қызметті бағалаудың ерекшілігін шарттайды және «қызметтерге арналған тарифтер» ұғымын түсіндіреді, бірақ «қызметтерге арналған бағалар» ұғымын қолдану дұрысырақ болар.

Қызмет көрсету саласына байланысты көтерме тарифтер (ауыр жүк транспорты, байланыс және юридических лиц арналған қызметтердің басқа түрлері) және бөлшектік, яғни халыққа арналған қызметтерге тарифтер;

6) сыртқы сауда бағалары - жоғарыда айтылғандай, ұлттық тауарлар мен қызметтердің экспорты, ал шетел тауарлары мен қызметтерінің импорты іске асатын бағалар. Бұл топтың бағаларының құрылуы ұлттық бағаларды құрудан ерекшеленеді. Сыртқы сауда бағаларын есептеуде бәсекелестік материалдарды қолдану пайдалы, яғни дүниежүзілік нарықта ұқсас өнімді немесе өнімнің технико-экономикалық параметрлері бойынша жақын өнімді өндіретін және сататын фирмалардың бағалары туралы ақпарат.

Экспорттық бағалар - дүниежүзілік нарықта өндірушілер немесе сыртқы саудалық ұйымдар ұлттық тауарларын (қызметтерін) сататын бағалар. Бұл бағалар келесі түрде анықталады:

- дүниежүзілік нарықта ориентир – бағаны таңдау;

- бұл бағаны шарттасудың (келісудің) нақты шарттарына әкелу (сапасын, тасымалдауын, төлемін, сақтандыруын, сақтауын және т.б. ескере отырып);

- экспорттық пошлинасын еңгізу;

- ҚР Ұлттық банкінің курсы бойынша келісімді жасаған күнге экспорттаушы – ел валютасына ауыстыру.

Импорттық бағалар - фирмалар тауарларды (қызметтерді) шетелден сатып алатын бағалар. Импортталатын өнімдерге бағаларды кедендік импорттық баж салығына, валютаның курсы және бұл тауардың мемлекет ішінде жөнелту шығындарының негізінде белгіленеді. Импорттық бағалар құрылымында жанама салықтар маңызды орын алады.

II Мемлекет басқаруының қаталдығы деңгейі бойынша бағаларды топтастыру:

1) нарықтық бағалар (бос) - мемлекеттің тура бағалық қатысуынан бос болатын бағалар. Сонымен қатар, олар бағаның деңгейі мен құрылымына әсер ететін басқа да рычагтардың іс-әрекеттерінен бос болмайды;

2) басқарылатын бағалар - өзгерулерінің белгіленген шекаралары бар болатын бағалар және өзгертулері мемлекет бекітетін белгілеген әдістеме бойынша іске асады. Нарықтық экономика шарттарында бұл түрдің бағалары жеткілікті таратылған және дәстүрлі жоғарылатылған мемлекеттік бақылау объектісі болып табылатын тауарлар мен қызметтерге белгіленеді (шикізаттың, жанармайдың, магистральді көліктің, байланыстың негізгі түрлері, әлеуметтік мағынадағы өнімдер және т.б.).

III Баға белгілеудің сатылары бойынша бағаларды топтастыру

Баға белгілеудің кезеңдері бойынша бағалардың дифференциациясы өндірушіден шекті тұтынушыға дейінгі тауар қозғалысы үрдісінде пайда болатын бағалар арасындағы сандық байланысты көрсетеді. Тауар қозғалысының әр алдыңғы кезеніндегі баға келесі кезеңнің элементі болып табылады. Тауар қозғалысы үрдісінде бағаны құру жоғарыда 2 суретте қарастырылды:

1) Өндірушінің көтерме бағалары тауар өндірісі кезенінде пайда болады, аралық мінездемесі бар және өнімді өндірушінің өндіруге және жөнелтуге кеткен шығындарды қайтаруға және кәсіпорынның ойлаған пайдасын әкелуге арналған.

Дайындаушының бағаларын қарастра отырып, ішкі шаруашылық бағаларға тоқтамауға болмайды.

Ішкі шаруашылық, немесе трансферттік бағалар - бір шаруашылық құрылымның бөлімшешелінің өзара есеп айырасатын баға. Бұл бағалар жиі сыртқы нарықтық конъюнктураға бағытталмаған, олар берілген шаруашылық құрылымның жалпы саясатына қатысты ішкі есептік-бөлушілік есептерін шешу керек. Жиі жағдайда ішкі шаруашылық бағалар өндірушінің бағаларымен сәйкес келуі мүмкін;

2) көтерме сату бағалары дайындаушының бағаларынан басқа бюджет кірісінің маңызды статьялары болып табылатын жанама салықтарды еңгізеді;

3) көтерме сатып алу (закупка) бағалары делдалдық кезеңінде құрылады. Көтерме сатып алу бағалары көтерме сату бағаларынан басқа делдалдық қосымшаларды (жеңілдіктерді) қосады. Көтерме сатып алу бағалары делдалдық звенонвң жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық шарттарды қамтамасыз етеді;

4) бөлшектік бағалар бөлшектік сауда саласында құрылады. Олар көтерме сатып алу бағаларынан басқа сауда жеңілдіктерін (қосымшаны) қосады. Бөлшектік бағалар бөлшектік сауданың пайдалы жұмысы үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етеді.

IV Бағаларды негізгі шарттарын есепке алып тоатастыру

Базистік шарттар дегеніміз өнімді тасымалдауға, көтеруге, түсіруге, сақтандыруға және тауарлар мемлекеттік шекараларды кесіп өтетін жағдайда кедендік әзірлеуге кеткен бағаларда көрінісін табатын шарттар.

Дүниежүзілік тәжірибеде (сонын ішінде Қазақстанда) бұл ережелер әдейі құжат «Инкотермс 2000» негізінде қолданылады.

Сатушылар мен сатып алушылар арасында шығындар қалай бөлінетіне байланысты бағалар базистік шарттар бойынша құрылады. Сатушы өзіне шығындар көлемін неғұрлым аз алатын болса, соғұрлым баға құрылымдық толық емес болып саналады және керісінше.

Құрылымдық толық емес бағалар, ереже бойынша, өндірісінде аз нүктелер қолданылып, ал тұтыну жүйесі өте кең болатын тауарлар бойынша келісім шарттар жасаған кезде қолданылады. Бұндай жағдайда сатушыға шығындарды базистік нүктеге (өндіріс немесе табыс нүктесіне дейін апаратын) дейін жеткізу пайдалы болады, Сатушыға өнімді әр сатып алушыға дейін жеткізу пайдалы емес, ал кейбір жағдайда ол мүмкін емес. Мұндай жағдай мұнай өнімдерін (цистерналарда), көмірді, бидайды т.б. тасымалдау кезінде пайда болалы.

Құрылымдық толығырақ бағалар келесілерді қолданады:

1) сапасы тасымалдау сапасына және тұтынушыдағы өндеу сапасына байланысты болатын әдейі жасалған өнімді;

2) әдейі көлікті қолданып, стандартты өнімді ( құбырларда мұнайды тасу);

3) егер сатушы берілген тауар нарығын жаулап алу саясатын жүргізсе, онда өнімнің кез-келген түрі.

Бұндай жағдайда сатушы сатып алушыға дейінгі тауар қозғалысының бүкіл кезендерін қамтып алуға тырысады.

Бағалар франко-жіберу және франко-тағайындау болып бөлінеді.

1) Франко-жіберу бағалары - бұл өндіріс шығындарынан және қажетті пайдадан басқа, негізгі жүк тасымалдауының бастапқы нүктесіне дейінгі көлік шығындарын қосатын баға. (Мысалы, қазып алынатын көмір шахтыдан жақын жердегі темір жол станциясына дейін апарылады, сол жерден көмір алыс жерлерге децін тасымалданады);

2) Франко-тағайындау бағалары - өздік құн және пайдадан басқа, белгіленген жерге дейінгі, тіпті тұтыну нүктесіне дейінгі шығындарды қосатын бағалар. Жіберу бағаларымен салыстырғанда, бұл бағалар негізгі көліктік құрылымдардан тұрады.




Тасымалдаушының қойма сындағы өнім бағасы

Жіберу станциясына өнімді жеткізу кезіндегі шығындар

Жіберу станциясында вагондарға өнімді жүктеу кезіндегі шығындар

Тағайындау станциясына дейін өнімді тасымалдау шығындары

Тағайындау станциясындаөнімдерді вагондардан түсіруге кеткен шығындар

Тағайындау станциясынан тұтынушының қоймасына дейін өнімді жеткізу шығындары

Тасымалдаушының франко-қоймасы




Франко- жіберу станциясы




Франко-жіберу вагон станциясы




Франко-тағайындау вагон станциясы




Франко- тағайындау станциясы




Франко- тұтынушы қоймасы

3-сурет – «Франко» шарттарын қолданылған бағалардың түрлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет