ПОӘК 042-18-7.1.18/04-2013
|
№1 басылым
«___»__________2013ж.
|
беттің беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжат
|
ОӘК
|
ПОӘК 042-18-7.1.18/04-2013
|
ПОӘК
«Құс өңдеу өндірістеріндегі қалдықсыз технологиялар» пәнінің әдістемелік нұсқауы
|
№1 басылым
«___»________2013 ж
|
«ҚҰС ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНДЕГІ ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
ПӘНІНІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
6М072700– «Азық – түлік тағамдарының технологиясы» мамандығы
Cемей 2013
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының т.ғ.к доцент м.а Нұрымхан Гүлнүр Несіптайқызы_________28 тамыз 2013 ж.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің технологиясы» кафедрасының мәжілісінде
№1 хаттама 28 тамыз 2013ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Қ. Әсенова
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
Зертханалық жұмыс №1,2
Тақырыбы: Жалпы химиялық құрамын анықтау
Жалпы химиялық құрамын анықтау зерттелетін үлгінің бір өлшемдік тәсілі арқылы жүргізілді. Бұл тәсіл өнімдегі ылғал, май, күл және ақуыз мөлшерін кезекті анықтаулармен аяқталады.
1 Ылғал мөлшерін анықтау. Өнімдегі ылғал мөлшерін температурасы 100÷105 ºС кептіргіш шкафта, өлшемді тұрақты салмаққа дейін кептіру арқылы анықтадық. Өнімнің құрамында судың болуы, белгілі бір дәрежеде оның тауарлық қасиетіне әсер етеді, сақтауға төзімділігіне, тағамдық құндылығы және т.б.
Ылғал мөлшерін анықтау үшін бірнеше әдістер қолданылады. Соның ішінде кептіру тәсілі (МЕСТ Р 51479-99) анағұрлым кеңінен таралған және әмбебеп болып табылады.
Қондырғылар мен реактивтер: таза, кептірілген, шыны - бюкс; тесігінің диаметрі 1-3 мм електен өткізілген және сумен шайылған, 150-160 ºС температурада кептірілген өзен құмы; шыны таяқша; кептіргіш шкаф, эксикатор, аналитикалық таразы.
Салмағы 2-3 г, 0,001 г дәлдікпен алынған, екі рет ұсақталған өнімнің өлшемін шыны таяқшасы салынған металл бюкске салып, температурасы 150С кептіргіш шкафта 1 сағат бойы кептірдік.
Ылғал мөлшерін мына формула бойынша есептеп шығардық:
-
,
|
(1)
|
мұндағы, x1 – ылғал мөлшері, %;
m1 – өлшемнің бюкспен кептіргенге дейінгі массасы, г;
m2 – өлшемнің бюкссыз кептіргеннен кейінгі массасы, г;
m – бюкс массасы, г.
2 Майдың мөлшерін анықтау. Ылғал мөлшерін анықтағаннан кейінгі кептірілген өлшемді бюкске мөлшерлеп құйып, 10-15 мл ерітінді (этилды эфир) қостық. Майды экстрагирлеуді 3-4 мин бойы 4-5 қайтара жүргіздік. Үрдіс барысында өлшемді ара-арасында араластырып және ерітіндіні артық маймен қоса төгіп отырдық. Соңғы рет төккеннен кейін, еріткіштің қалдығын ауада буландырдық. Майсыздандырылған өлшемі бар бюксты кептіргіш шкафта 105 С температурада 10 минут бойы кептірдік. Майдың құрамын мына формула бойынша анықтадық [125]:
-
,
|
(2)
|
мұндағы, x2 –майдың мөлшері, %;
m1 – өлшемнің кептіргеннен кейінгі, майсыздандырғанға дейінгі бюкспен массасы, г;
m2 – өлшемнің бюкспен майсыздандырғаннан кейінгі массасы, г;
m0 – өлшем массасы, г.
3 Күлдің құрамын анықтау. Майсыздандырғаннан кейін бюкстың ішіндегіні алдын-ала қыздырылған әрі өлшенген тигельге салдық. Бюкстың қабырғасында қалған өлшем қалдығын ерітіндінің аздаған мөлшерімен шайдық, содан кейін су моншасында қыздыра отырып тазаладық. Тигельдегі құрғақ майсыздандырылған өлшемге 1 мл магний ацетатын қостық және электр плиткасында қарыдық. Содан кейін 30 минутқа муфель пешіне қойдық (температурасы 500-600 С). Осылайша 1 мл магний ацетатын минералдадық.
Күлдің мөлшерін мына формула бойынша есептедік:
-
,
|
(3)
|
мұндағы, х3 – күлдің мөлшері, %;
m1 – күлдің массасы, г;
m2 – магний ацетаты ерітіндісін минералдағаннан кейін алынған магний оксидының массасы, г;
m0 – өлшем массасы, г.
Достарыңызбен бөлісу: |