Қазақстан Республикасы
Түркістан облысы
Мақтаарал аудандық білім беру бөлімі
С.Рахымов № 4 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Табиғи таза өнім-
адам денсаулығының кепілі»
Бағыты: Таза табиғи орта-адам дамуының негізі
Орындаушы: 10 сынып оқушысы
Аты-жөні: Бабаханова Мерей
Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Тажбанова Г.Р.
2019 жыл
Мырзакент кенті
№120 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің
10 сынып оқушысы Бабаханова Мерейдің
«Табиғи таза өнім- адам денсаулығының кепілі»
тақырыбына жазылған ғылыми жұмысына
ПІКІР
Бағзы халқымыздың көшіп - қонып, жаз - жайлау, қыс - қыстауда күнелтіп жүрсе де, өзінің кір - қоңын киім - кешегін, көрпе - жастығын мұнтаздай таза ұстауының сырын, немен тазартқанын, тазартқыш табиғи заттың құрамы туралы және сабын жасаудағы жаңа табиғи әдісті ұсынуы оқушының ізденімпаздығын көрсетеді. Бабаханова Мерейдің ғылыми жұмыс жазуға, ізденуге ғылыми пайымдаулар жасауға қабілеті мол екенін байқатты. Мерейдің ұмыт болған тарихи деректерді ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятты. Ізденушінің ой - оралымдары ғылыми дәлдікке негізделген, көңілге қонымды. Зерттеу ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. Мерейдің ғылыми жобасы келешекте ізденулерімен толықтырылады деп сенемін.
№120 жом кмм химия-биология пәні мұғалімі Г.Р.Тажбанова
Аннотация
10 сынып оқушысы Бабаханова Мерей бұл жұмысында мақта өсімдігінің құрамын,оның қасиетін зерттей отырып,ұлттық тұрмыстық дәстүрдің тарихын біле отырып,тәжіриебе жүзінде іске асырып, алынған қара сабынның қасиеін зерттеп,сабынның косметикалық және медециналық түрлерін зерттеген.Оқушының бұл ғылыми жобасында иіс сабынның үй жағдайында жасалу жолдарын,құрамын,жуғыш затардың адам ағзасына зияндылығын және биологиялық жақтарының ізденісі жайында айтылған.Жуғыш заттардың түрлері мен сабынның жасалу жолы,тарихы,химиялық құрамы жайында олық қамтылған.
Annotation
10th grade pupil Babakhanova Merey investigated in her research project the composition and characteristics of coffon, its history and culture, national traditions,using it in everyday life and business, using it in defergents, and laundry soap in practice,its cosmetic and medical types. In this research project, the pupil examines the harmfui biological aspects of cleaning agents for human orgas,searches for various ways to make fragrant soap at home. The paper thoroughly reviewed the ways of making defergents, their chemical compostion and history
Аннотация
Ученица 10 класса Бабаханова Мерей в своем научном проэкте исследовала состав и признаки хлопка, его историю и культуру, национальные традиции,использование его в быту и предпринимательстве: применение моюших средств и хозяйственного мыла на практике,его косметические и медицинские виды. В данном научном проекте учиница рассматривает о вредных биологических сторонох моющих средств на органы человека, ищет различные способы изготовления душисттого мыла в домашных условиях. В работе углубленно рассмотрены пути изготовления млющих средсв, их
Мақсаты: Табиғи таза өнім- сабынның жасалу әдісін , құрамын ,пайдасын ұрпаққа жеткізу ,болашақта қолдану.
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қара сабын туралы аңыз
2. Қара сабынның жасалу жолы
3. Иісті сабынның жасалу жолы, керемет қасиеті
4. Таза өнімнің адам денсаулығына пайдасы
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе бөлім
«Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті...» Н.Ә.Назарбаев
Елбасы: « Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым» деп ұрпаққа сенім артады.
Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.
Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты болып отыр. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар екенін айта нақты міндеттерді жан-жақты айқындап берді, олар:
халқымыздың денсаулығы және әл-ауқаты, сонымен қатар жетім-жесір, түрде назардан тыс шығармау, зейнеткерлердің жағдай мәселесін арттыру;
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХғ. өмірге келген «қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.Сонымен қатар, қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі тепе-теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі – адам денсаулығына әсері.
Негізгі бөлім
Сабын - тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас
Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 - 10 ғасырларда Орта Азияның Асбара (Исфара), Бахи, Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады.
Археологтар сабынның пайда болу тарихын алты мың жылға шегерсе де, адамдар оған ұзақ уақыт бойында жуыну бөлмесінен орын бермей келді. Олар балшықпен, ағаш ұнтақтарымен, ұнмен, желіммен, кеуектаспен, жұмыртқа сарысымен жуынды. Мәселен, XIV Людовик патша шарап араластырылған сумен ғана жунып, әтірмен шыланған. Тек ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастер көптеген сырқаттың себепкері бактерия екендігін дәлелдегеннен кейін, әлем жеке гигиенаның тазалығына көңіл бөле бастады. Сабынның мәртебесі осы сәттен бастап жоғарылай түсті. Ауруға емдері :Қан шетпені адамдар қойдың терісіне салып емдеп алған,бірақ жел шетпе емдеуге ырық бермеген. Міне, сол кезде осы қара сабынмен баланы шомылдырған. Сол кезде бала жел шетпеден құлан –таза айыққан.Ал үлкен адамнан жас балаға дейін «Ілме»ауруымен ауырған. Бұл ауру кезінде адамның еш нәрсеге тәбеті тартпай,басы айналып,құсып , іші өтеді. Ол ауруды адамдар инемен адамның терісінің астындағы жіпшелерін үзу арқылы қиын тәсілмен емдеген. Бірақ, оның тағыда бір шипасы бар болған. Ол осы қара сабынмен ілме болған адам шомылса ауруынан лезде айығып кетеді. Қазақ халқы мал баққан халық , малдарының ішінде әсіресе жылқы «қата» ауруына ұшыраған. Қата ауруы кезінде жалбыршақ қарын жұмысын тоқтатқан. Осы ауру кезінде қара сабынды көпіршітіп малдың аузына құйған. Сол күннен кейін малдың шөпке тәбеті ашылып, ауруынан айыққан.
Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында «жаман ауру» деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.Тұрмыстық химиялық өнімдер өміріміздің бір бөлшегіне айналды десек, артық айтпаймыз. Алайда, бұл өнімдер ағзамызды улап, су, топырақ, ауаны, бір сөзбен айтқанда, табиғи ортаны кірлетіп отырғаны жайлы ойландық па? Тері, ауыз, асқазан аурулары мен жүйке жүйесінің бұзылуына себепкер екенін білеміз бе? Еуропа, Америка елдерінде жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде химиялық қоспасы бар өнімдердің адам ағзасы үшін қауіпті екені дәлелденді. Мысалы: Фосфат – кір жуғанда суды жұмсартып, кірді кетіреді. Оның құрамындағы кірді ағартатын химиялық қоспалар мен жуылған кірге хош иіс беретін заттар жуылған мата талшықтарында қалып қояды. Оларды шайып шығару үшін кемінде кірді 7-9 рет таза сумен шайқау керек. Шынына келгенде, жуылған кір 2-3 рет қана шайылады да, олардың бәрі матада қалып қояды, сөйтіп адам ағзасына зиянын тигізеді. Мысалы, қышыма, қотыр сияқты тері дерттері осыдан келіп шығады екен. Адам терісін де шектен тыс құрғатып жібереді. Кір жуғанда қолдың құрғап, тіпті қызарып кетуіне де осы кір жуғыш ұнтақтың құрамындағы фосфат элементі себепші.Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі.Мысалы, қарапайым май кетіретін сұйықтықтардан кейін жуған ыдысымызды сірке қышқылы қосылған сумен бір-екі рет шайқап алғанымыз жөн. Себебі, құрамында ағзаға қауіпті канцероген қоспасы бар. Айғайлап жарнамалап жататын жуғыш өнімдерінің құрамында фосфат пен хлор мөлшерден тыс екен. Кір жуу ұнтағында фосфаттың мөлшері 5 пайыздан аспау керек.
Үлкен перзентханада қысқа уақыттың ішінде оншақты жаңа туған сәби түсініксіз жағдайда қайтыс болған. Тексеріп қарағанда оларды ораған жаялықтарда кір жуу ұнтағының құрамындағы фосфаттың мөлшері 60 пайыздан артып кеткен. Дәрігер мамандар осы химиялық қоспа балалар өліміне себепші болған деген тұжырым жасады. Егер кішкентайлар ұйықтар алдында белгісіз бір себептерге байланысты жыбырлай берсе, онда оған төсеніштерді жуатын ұнтақ себепші екенін ұмытпаңыз.Сонымен қатар, ыдыс-аяқ жуатын химиялық қоспаларға да назар аударған жөн. Ыдыстарда шайылмай қалған химиялық заттар тамақпен бірге ілесіп, адам ағзасына залалын тигізеді. Бүгін Европа құрамында табиғи түрдегі заттары бар ыдыс-аяқ жуатын құралдарды әлдеқашан мойындап, оларды шығаруды өндірістік жолға қойды. Яғни, химиялық қышқылдарды жойып, соның негізінде адам ағзасына тамақпен түсетін химиялық қоспаларды залалсыздандыруға көмектеседі. Ыдыс жуғанда ұнтақтың 1-1, 5 ас қасығын қосыңыз. Кір жууда көп қолданылатын ағартушы жуғыш та зиянды. Құрамында хлор, натрий гидроксиді, парфюм бар. Сонымен қатар карбон тетрахлор, хлороформ сияқты заттар бар. Бұл заттар қатерлі ісік ауруын тудыруы әбден мүмкін. Ағартушы құрамындағы аммиак тазартқыштармен қосылған кезде зиянды газдар ортаға шығады екен. Ал бұл газ адамның тыныс алуын қиындатып, өкпенің қабынуына жол ашады. Кір жуу ұнтағының құрамындағы суда ерімейтін аммиак пен мұнай қоспаларының адам денесіне залалы орасан зор. Құрамында фосфат элементі бар кір жуатын ұнтақтар қоршаған ортаға да көп залал келтіретінін ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп шықты. Кір жуғыш ұнтақтардан басқа өндірісте және ауыл шаруашылығында жүздеген мың тонна сульфат, хлорид элементтері пайдаланылады. Олар да суды залалдап отыр. Бұдан шығатын қорытынды – адам өміріне төнетін қауіп-қатер жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көреміз. Және бір мысал келтірейік. Өткен ғасырдың 70 жылдарында теңіз суының бір текше метрінде 50 грамм микроорганизмдер болған, ал бүгінде бұл көрсеткіш 1000-1200 граммға жетіп отыр. Тыныс демікпесі ауруына шалдыққандар, аллергия, экземаға сезімтал терілері барлар кір жуу ұнтақтарын қолданыстан мүлдем шығаруы керек.
Қазақтар жануар майын алабота, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен араластырып, қайнату арқылы қолдан қара сабын жасаған.
Қара сабынды жасардағы ырымдар:
1. Қайнап жатқан сабынды ешкімге көрсетпеген
2. Дайын сабынды қатқанша ешкімге бермеген
3.“Бұзаушық” сабын жасап, жас аналарға берген
4. “Сопақша” сабынды қызмет көрсеткен қыз - келіншектерге берген.
Ауыл - аймақта сабын жасау үрдісі үш - төрт ақ жаулықтыға ғана бұйыратыны бар. Өйткені, сабынды көрінген адам қайната алмайды. Мұнда халқымыздың түсінігінше, сабыны дұрыс қайнамаса, тасып - төгіліп кетсе, дұрыс жасалынбаса, сабын қайнатқан адамның жолы ауыр болады деп пайымдаған. Жақсылыққа жорымаған. Мұндай кезде сабын жасайтын адам қазан маңына бөгде кісіні жолатпаған. Көбінесе, оңаша, қалтарыс жерде қасындағы от жағып, ошақтың күлін төгіп, қолғабыс ететін адамнан басқаларға қазанға қарауға рұқсат бермейді. Бұл - ырым. Оны бұлжытпай орындау өте маңызды. Алдымен, ішіңізден «бісімілләны» айтып, Алладан игілікке істеуін сұрайсыз жасар жұмысыңызды. Әбден тазалап жуылған, майланған қазанға бір кесе сақар салсаңыз, оның үстіне дәл сол кесемен қойдың немесе басқа малдың екі кесе майын қосасыз. Бұл жерде қандай малдың немесе ненің майын қосуыңызға байланысты өзара теңшемелі бұл өлшем өзгеруі де мүмкін. Қазаныңыз үлкен болса, үш - төрт кесе сақар салып, соған сай май құясыз да, еппен қайната бастайсыз. Қазаныңыз қайнаған сайын оны арнайы ағаштан жасалған қалақшаңызбен үзбей араластырып отырыңыз. Бұл күймей, барлығы бір қалыпты қайнау үшін қажет шара. Қазан үш рет қайнайды. Р рет қайнаған сайын, бетіне суық су бүркіп, ожаумен аздап құйып отырасыз. Үшінші рет қазаныңыз тасыған соң барып, қазандағы араласпаңыз басын болды деуіңізге болады. Бір қазан сабынды ыстық күйінде сабынға бөлудің де өз жөні бар. Егер жасаған сабыныңыз көп болса, үлкен сабыннан екі - үшеуін домалақтап, арнайы матаға әдемілеп орау ләзім. Мұндай сабындар көбінесе кір - қоң жууға арналады. Жалпы, сабынды көптігіне қарай, үшке, беске, жетіге бөледі. Тақ санға бөлудің де өзіндік мән - маңызы бар екендігі анық. Кейде сабын әбден даяр болғанда оның ішіне жуылған, майдалап түтілген жүнді қосып жатады. Бұл жыл бойы істету үшін домалақтап жасаған сабыныңыз бөлініп кетпес үшін қолданатын амал.яқтарын сақарлы суға малып, жазып алатын бұрындары.Бізде мұны «қара сабын» деп атайды. Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар. Кейініректе күнбағысты соғып алған соң, оның қапағын кептіріп, соның да күлін пайдаланатын болды. Мақта қозасының күлін суытып, кендір қалтаға салады. Әсіресе, кесек - кесек боп ұйыған күл қорытпасынан сақар көп шығады. Күлің қанша көп болса, сонша жақсы, себебі, төрт - бес қалта (дағар) күлден, жарты қалта сақар алынады. Қалтадағы күлді шиден жасалған шыптаның үстіне жұқа бұл жайып, айналасын кенеулеп, ойыққа төгіп, астына үлкен тегене қояды, күлдің үстінен сақылдап қайнаған суды құяды. Сол кезде күлдің сөлі, нәрі сумен бірге
ағып, тегенеге жиналады. Сол суды тұнытып, астындағы тұнбасына қоспастан майланған қазанға құйып қайнату керек. Нілі сорғыған күлді ауыстырып, жаңалап, астындағы жиналған суды тұндырып, майланған қазанға дер уақытында құйып алу керек. Қарағай, қайың, тораңғы секілді бір қалыпты маздап жанатын ағаштармен қайнаған күлдің суы құрғақ сақарға айналады. Төрт - бес қазан күлдің сөлді суынан жарты қазан сақар жинауға болатынын ескерсеңіз, қыруар еңбектің жемісі арқылы келетінін бағамдай беріңіз. Мұнда ескеретін бір жайт, күнбағыстың яки алаботаныңнемесе мақта қозасының күлі болса да, оның үстінен құйған сумен ағатын ащы нілі көбірек болғаны өте маңызды. Әдетте, тегенедегі күл суының түсі қызылкүрең бояуға жуық. Оны қайнату барысында, алған сақарыңыз майда, уытты болады. Бұл өзара қоспалар арқылы ажырату әдісі. Бұрынғы апаларымыз күз келсе болды, алаботаны өртеп, неғұрлым көбірек сақар жинауға ұмтылатын. Себебі, алған сақары бір жыл бойы сабын жасауға жетуі керек. Сақар - сабын құрамының негізгі қоспасы. Сақар алу барысы бір күннің шаруасы емес. Бір қазанмен қайнатар болсаңыз, үш - төрт күн қатарынан нілді суды қайнатқанда, үлкен бір әулеттің бір жылдық сабынына қажетті қоспаны даярлай аласыз. Мұны үш - төрт түтін бірігіп, бірге алабота өртеп, күлдің нілін ағызып, одан сақар жасап та жатады. Есесіне, үш - төрт жерошаққа қара қазан асып, сақарды да көбірек алуға тырысады.
Қара сабынның жасалу жолы : Тәжірибе №1
Қара сабынды жасаудың бірнеше кезеңі бар.Ең әуелі сары күзде буыны пісіп,сабағы қатайған мақтаның қозасын бір жерге жинап өртейді.Мақта қозасының күлін суытып кендір қалтаға салады.Әсіресе кесек кесек боп ұйыған күл қорытпасыннан сақар көп шығады.Қалтадағы күлді шиден жасалған шыпының үсіне жұқа бұл жайып,айналасын кенеулеп,ойыққа төгіп,астына үлкен тегене қойып,күлдің үстінен қайнаған суды құяды.Сол суды тұндырып астындағы ұнбасын майланған қазанға құйып қайнатады.Қазанның астына бір қалыпта жанаын ағаштар салып күлді қайнаып сақарға айналдырамыз.Оны қайнату барысында алған сақарыңыз майда уытты болады.Сақарға айналған соң үстіне май құйып тағы қайнатамыз.Қайнап болған соң қазаннан дайын болған қоспамызды алып шүберекке суыту үшін саламыз.Шүберекте біраз тұрған соң қалыптарға құйып 4-5 сағатқа счалқын жерге қоямыз.
«Балаларға арналған» деген сөзді естісек, сабынды дәстүрлі түрде қауіпсіз, таза деп қабылдаймыз. Дұрысы – бейтарап деу, себебі, бұл сабындардың стандартты өндірілуі аллергия тудыруға қабілетті компоненттерді қосуда тартыншақтайды. Сіздердің ашық, қанық түсті балалар сабынын көрмейтіндіктеріңізді осылай түсіндіреміз. Сондай-ақ, бұл сабындарға жұмсартқыш, емдегіш (ланолин, түймедақ, календула, жебіршөп т.б.) компоненттер қосылады. Бұлардың мөлшері жеткіліксіз болғанымен, сезімтал терілі немесе аллергиясы бар адамдарға абайлап қолдануға болады. Француз тілінің сөздігіне үңілсек, toilette сөзінің екі мағынасын көреміз: біріншісі – «тазалау», екіншісі – «ретке келтіру». Иіссулық сабын (туалетное мыло) да дәл осындай қасиеттерге ие. Теріні тазарта отырып, күтім көрсетесіз. Себебі, косметикалық сабынның құрамына крем (сыртындағы орамында «крем-сабын» деген көрсеткіш болады), глицерин, дәрілік шөптердің сығындысы, ланолин, күтім көрсететін өсімдік майы кіреді. Косметикалық сабын күн сайынғы қолданыс үшін де жарайды, терінің құрғауын, қартаюын қайтарады. Алайда, бұл сабын қосымша күтімнің (крем жағу сияқты) қажеттілігін жоққа шығармайды.
Сабын-скраб.Аталған өнімді сатып алмас бұрын сабынның құрамындағы қатты бөліктерге дайын болу керек. Олар тері бетіндегі өлі жасушаларды алып тастау үшін енгізілген. Олар синтетикалық (мәселен, полиэтиленді) та, табиғи (ұсақ кофе, құлпынай сүйегі) да болуы мүмкін. Сол себепті, скрабты сабынды негізгі қолданысқа алмаңыз, онымен аптасына бір рет қана жуыну керек. Барлық ерекшелігін сөзсіз түсіндіріп тұрған әдемі атау. Яғни, бұл сабынның тек қана иісін бағалаңыз. Сізге иіс ұнап тұрса да, ұзақ уақыт сақталып, иіссудың орнын алмастыра алады деп үміттенбеңіз. Бәрібір үнемдей алмайсыз. Іш киімдерді жусаңыз ұтылмайсыз, ұйқы алдында да жуынып қоюға болады. Сөйлейтін атауы бар тағы бір сабын. Бұлардың құрамында 90%-ға дейінгі тірі организмдерді өлтіретін триклозан деген зат болады. Яғни, бұл өнім арнайы мақсатта қолданылады. Сабынды көкке шыққанда, теңізге барғанда, жараны тану кезінде залалсыздандырушы құрал ретінде пайдаңызға асырыңыз. Қиындығы көп терімен күрес үшін антибактериалды сабынды сатып алу үлке қателік. Бұл сабынды күнде қолдану арқылы терінің иммунитеті мен дымқылдылығын құртасыз. Сабындар шипалы сығындыларымен жиі мақтанғандығымен, олардың концентрациясы емдеуге қабілетсіз болып келеді. Алайда, саны көптің арасында сапалылар да бар. Тек маман кеңесімен таңдасаңыз жетіп жатыр. Мәселен, қарамайлы сабынды синтетикалық түстендіргіш, иістендіргіштерсіз дайындайды. Қайың қарамайының қою, өткір, шайырлы иісіне екінің бірі шыдай бермейді. Қарамай мен күкірт – халықтың тері қиындықтарымен күресте мойындаған құралы. Қабыну, іріңдеу, ұшыққа қарсы қолдансаңыз болады. Алайда, барлық теріге бірдей қолдануға тыйым салынады. Ең алдымен еске салатынымыз: табиғи сабын мен қолдан жасалған сабын бір емес. Қанық түстер мен жағымды иістер арнайы бояғыштар мен иістендіргіштердің (шиенің, шабдалының, жасыл алманың, құлпынайдың эфир майлары, бұлар табиғатта кездеспейді) қосылғандығынан хабар береді. Қолдан жасалатын сабындарға да күйдіргіш сода мен май қосылады. Бұл жерде сабын қайнатушының арына байланысты, ол қандай шикізат қосады, мәзірін дұрыс жасай ма? Себебі, сабын қайнату асқан жауапкершілікті, пропорция бақылауын талап ететін жұмыс. Бір грамм майдың жетіспеуінің өзі химиялық күйікке апаруы мүмкін. Екінші жағынан сабын қайнатушы нағыз маман болса, жолымыз болды дейік. Ондай сабын кокос, пальма, жүгері, манго, жожоба, майларымен, глицерин сығындысымен, бал, сүтпен байытылады. Екеуінің де сыртқы түрі сүйкімсіз болғанымен, құрамы әлдеқайда сапалы болады. Табиғи сабын алғыңыз келсе, глицериндіге тоқтаңыз, олар түссіз әрі біртегіс келеді.
Калий сабыны Бұл сабынды сұйықтардың қатарына жатқызуға болады, дегенмен сыртқы көрінісі пастаны немесе сары майды еске түсіреді. Өндіру үшін күйдіргіш сақар (поташ) мен улы калий қолданылады екен. Дәл осы әдіспен хаммамға (түрік моншасы) арналған атақты бельди дайындалады. Бельдидің 30 пайызын ұнтақталған дәрілік шөптер құрайды. Моншаға арналған сабын скрабты, нәрлендіргіш, жұмсартқыш құралдарды алмастыра алады. Бельдиді қолдану үшін моншаға бару міндетті емес, өзіңізді еркелеткіңіз келсе үйде де жуыныңыз (өте қатты қабынуларға қарсы пайдаланбаңыз). Кемшілігі – сабынды кетіру үшін едәуір уақыт жұмсайсыз.
Қарапайым иіс сабынның ортасында сілті болады, сол себепті оны тұрақты түрде қолдану бет терісінің сыртқы қорғаныс қабатын бұзады. Тері ылғалдығынан айырылып, түрлі бактерияларға төтеп бере алмай қалады. Сабынды қолдану терінің қозуына, қабыршақтану мен қабынуына әкеле алады.Сондықтан біз химиялық қоспасы жоқ таза өнім адам денсаулығына пайдалы екендігіне зерттеу жүргізіп қолдан жасауға бет бұрдық. Егер адам өмірін бағаласа барлық іске үйренуге талпынады. Ізденуі басқа оқушылардың қызығушылығын оятады екен, достарыммен біргелікте, таңғажайып табиғаттан алынатын - сабын және үй жағдайында жасалу жолдары туралы мағлұмат бермекпін
№2 тәжірибе иіс сабынның жасалуы
• Бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі - табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер. - Глицерин және Е дәрумені. Бұларды кез келген дәріханадан табасыз. Және шынымен сапалы әрі пайдалы табиғи сабын дайындағыңыз келсе, бұларды міндетті түрде қосыңыз. Себебі, Е дәрумені теріге өте жақсы әсер етеді - оны қоректендіріп, серпімділігі мен тегістігін жақсартады, құрғақтықтан қорғайды. Ал глицерин теріні жақсы жібітіп, ылғалдандырады.Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін. Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз. Мысалы, егер сабынға үгілген сұлы ұны қосылса, ол майлы теріге арналған керемет құрал болып шығады. Ал цитрустылардың қабығын қоссаңыз - целлюлитке қарсы тұруға көмектеседі. Үйде жасалған сабын құрамына какао немесе кофе салсаңыз - ол скраб-сабынға айналады. Ал егер сабынның косметикалық сипатына анық талабыңыз болмаса, қырмызы не түймедақ сияқты әмбебап шөптерді қоссаңыз болады.Үлкен және кішкентай екі ыдыс алдым. Үлкеніне толтырмай су құйып, отқа қойдым. Кіші ыдысты үлкенінің ішіне саламын - осылайша су моншасын жасаймын.Үлкен ыдыстағы су қатты қызғанда, кішкентай ыдысқа аздап зәйтүн майын құйдым - әр 100 гр сабынға 2 ас қасық май қажет. Май бірден ысиды, енді оның үстіне сабын ұнтағын себемін. Артынша 100 мл ыстық су (не шөп қайнатпасын) құйып, араластырамын.Қолдан сабын дайындау соншалықты қиын емес, сондай - ақ өте қызықты жұмыс. Мен үйде жасалған сабынды дүкеннен сатып алынған сабынмен салыстырып көріп, қайсысы ең жақсы екенін білу үшін төмендегідей бірнеше тәжірибе өткіздім
. - №1 тәжірибе. Үйде жасалған сабынның бірнеше түрімен күнделікті сабынның сыртқы түрлерін салыстырып көрдім. Қорытынды: үйде қолдан жасалған сабынның сыртқы түрі күнделікті сабыннан әлдеқайда тартымды және алуан - түрлі.
- №2 тәжірибе. Сабындардың иістерін салыстыру. Қорытынды: сабынның екі түрі де жағымды иісті.
- №3 тәжірибе. Қолды жуғаннан кейін сезімді салыстыру. Қорытынды: сезімдер бірдей, қолдың терісі жұмсақ,
Мұндай сабын жақын адамдарыңызға керемет сыйлық болары сөзсіз: пайдалы, табиғи және өз қолыңызбен жасалған...
Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындай да кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.
2. Шашыңыз қалың әрі ұзын болғанын қаласаңыз, онда мамандар шашыңызды кір сабынмен жууға
кеңес береді. Сусабынды пайдаланып болғаннан соң, артынша басты кір сабынмен жуу керек. Содан соң суға бір-екі тамшы сірке суын қосып шашты қайта жусаңыз, шаштың түбін қатайтуға көмектеседі.
3. Аптасына екі рет бетті кір сабынмен жуу керек. Ол беттің тері қабатына терең сіңіп, бетті майланудан сақтайды. Кір сабынмен жуынғаннан кейін, артынан балаларға арналған крем жағуды ұмытпаңыз.
4. Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып, денеңізді сергітуге жақсы көмектеседі.
5. Сулы беторамалды кір сабынға үйкеп, ащы иісін 5-10 минуттан күніне үш рет иіскеп тұрған адам тұмауынан айығады.
6. Іріңдеген жараларға сықпа майын жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да пайдалы. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша араластырыңыз, отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. Үш күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.
7. Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.
8. Күйіп қалған жараға (суға немесе отқа күйгенде) сабынды езіп жақсаңыз ісікті қайтарып, ауырғанын басады. Дәрі-дәрмектен, улы заттардан абайсызда уланғанда немесе сәбилер металл заттарды жұтып қойғанда, аздап сабын суын ішкізіп, ауруханаға жеткізуден бұрын шұғыл алдын алу шарасын жүргізуге болады. Оны қолдануда көңіл бөлетін тұстар: әсте көп мөлшерде ішкізіп жіберуге болмайды. Таза сабынды жұқа жапырақтап турап, қайнаған жылы суға ерітеді. Сосын, ересек адамға 300-500 мл, ал балаларға 100-200 мл ішкізсеңіз улы зат құсықпен бірге түседі. Және маталл заттардың асқазанды зақымдауынан сақтана тұруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қара сабының емдік қасиеті
Қара сабынның емдік қасиетімен танысуда «Денсаулық» журналының
1992 жылғы № 56 санында жарық көрген Өтепберген Ақылбековтың
«Сабын» атты мақаласы көмектесті.
Қара сабын қотыр, басқа да жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді:
тәнді жұмсартады, суық тигенде сылаумай ретінде қолдануға болады,
ісікке, домбыққан жарақатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады,
Ертеректе адам уланғанда құстырып, ішін тазартуға пайдаланған. Сонау
сақғұн заманынан бері атабабамыз тұрмыста химияны пайдаланған.
Қолдан жасалған қара сабын экологиялық тұрғыдан таза, кәдімгі сабыннан
кем емес. Сонымен қатар қолдан жасалған қара сабын кірді жақсы кетіріп,
қолды техногендік аурулардан сақтайды.Ұлттық технологиямен жасалған қара сабынның артықшылығы Біріншіден қолдан жасалынған сабын сізге арзанға түседі, ақшасыздық
жайлап жатқан бұл уақытта осы жаңалық сізге майдай жағатыны сөзсізе.
Екіншідн сабынға қосылатын заттар табиғи таза шикізат болғандықтан
ол тері ауруларын туғызбайды, яғни ол сіздің қазіргі таңда қымбатқа
алып, оған қоса түрлі тері ауруларын туғызатын ұнтақ пен иіс
сабыныңыздан 100 есе асып түседі
Үшіншіден оның емдік қасиетіде бар тері күйгенде, қышыма, қотырға
пайдаланады. Ал түрлі су сабынның әсеріне көнбейтін сіздің бас
теріңізге бұл таптырмайтын дәрідәрмек болмақ, себебі ол жұмсақ
және антицептик рөлін атқарады.Шын еңбектенсеңіз қара сабынның қол
жуғаннан кейін жағымды иісі шығады.
Төртіншіден, әрине бұл сабынды сіз сатып алмай оны қолдан жасайсыз
сізден шығатын шығын тек шыдамдылық пен еңбек сүйгіштік . Егер бұл
қасиеттер сізде бар болса онда қауіпсіз және пайдалы сабынның
алақаныңызда жатуы әбден мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |