11 сурет- Хлорлау кезіндегі өнімдерді НСL-дан тазарту
Радикал-тізбекті сұйық фазалы хлорлаудың технологиялық схемасын метилхлороформды 1,1-дихлорэтаннан (12 сурет) синтездеудің мысалымен көрсетуге болады. 1,1,2-трихлорэтаннан 1,2-дихлорэтанды синтездеуге де осы әдісті пайдалануға болады.
Екі жинғыштың 1 біреуінде парофордың 1,1-дихлоэтандағы керек концентрациясын дайындайды. Алынған ерітіндіні насос 2 арқылы хлоратордың 3 үстіңгі бөлігіне жіберіледі. Ал төменгі жағына газтектес хлорды жібереді. 1,1-дихлорэтанның НСL тогында булануында бөлінетін жылу 0,2-,5 МПа қысымда жүреді. Оның булары кері тоңазытқышта 4 және 5 конденсирленіп, қайтып конденсат реакторға барады.
1-жинағыш;2-насос;3-хлоратор;4,5-кері тоңазытқыштар;6,8-скрубберлер;7,9- тоңазытқыш;10,12-ректификациялық колонналар;11-12 конденсатор-дефлегматорлар;14-сепаратор;15-қайнатқыш.
12 сурет- 1,1,1-трихлоэтанның алудың технологиялық сызба-нұсқасы
Газ 1,1-дихлорэтанның буын алып,оның шығынын төмендету үшін кері конденсаторда 5 рассолмен салқындатады. Арықарай конденсат қайтып хлораторға түседі. Органикалық қосылыстардан тазартылған газ НСL мен абсорбциялау үшін скрубберге 6 барып түседі. Қалған НСL қалдығын скрубберде 8 сумен жұтып, кетіп бара жатқан газ атмосфераға түседі. Ал скруббер 8 алынған тұз қышқылын (5-7%) салқындатқаннан кейін тоңазытқышқы жібереді. Хлоратордың 3 төменгі бөлігіндегі реакционды колонна ректификациялық колоннаға 10 барып түседі. Ол қайнағыш пен конденсатор-дефлегматормен 11 жабдықталған. Онда 1,1-дихлорэтан мен НСL-ды айдайды. Тұз қышқылын конденсаттан айырады. Кубты сұйықты 10 колоннадан 12 колонаға жібереді,мұна дистиллят ретінде метилхлороформ алынады. Ректификациядан қалған қалдық 1,1,2-трихлоэтаннан және тертахлорэтаннан тұрады. Олардан трихлорэтанды бөліп алуға болады,ал тетрахлорэтандарды трихлорэтиленді немесе басқа органикалық қосылыстарды алу үшін пайдаланады.
Газфазды хлорлаудың технологиясы. Газды фазада хлорлау кезінде аз мөлшерде өнімдер алынады, соның ішінде метанның хлортуындылары , аллил- және металлилхлорид,дихлорбутендерді айтуға болады.
Метанның хлортуындылары маңызды туындылардың бірі. Мысалы,хлорметан CH3CL (атм. Қысымда газ,конденсациялау температурасы -23,7ОС) метил агент ретінде пайдаланады. Метиленхлорид (дихлорметан) CH2CL2 (сұйық,қайнау темп. 39,8оС). Хлороформ (трихлорметан) CHCL3 (сұйық, қыздыру темп. 61,5оС) фреон CHCLF2 және тетрафторэтиленді CF2=CF2 алу үшін қолданады. Тетрахлорметан (төртхлорлы көміртек) CCL4 (сұйық, қайнау темп. 76,5оС) еріткіш ретінде, кейбір пестицидтер мен фреондардың CCL2F2,CCL3F компонентті ретінде қолданады.
Хлорметанды синтездеу үшін – метанолды гидрохлолирлеу қолданады:
CH3OH + HCL = CH3CL + H2O
Аллилхлорид CH2=CHCH2Cl (сұйық, қайнау темп. 45,5оС) эпихлоргидринді CH2CLCH-CH2O алуда қолданады. Пропиленді хлорлау кезінде пайда болатын дихлоридтерді пестицид ретінде қолданады. Оны немесе «ДД препарат» деп те атайды. Металлилхлорид CH2C(CH3)CH2CL (сұйық,қайнау темп. 72,2оС) пестицид болып табылады.
1,4-дихлорбутен-2 CLCH2CH=CHCH2CL 1,2-дихлорбутен-3 CLCH2CHCLCH=CH2 аддитивті радикалды-тізбекті хлорлау арқылы алады. Бастапқы шикізат ретінде 1,3-бутадиен алынады. Басында дихлорбутен алынады, арықарай қос байланыстың қануы жүріп, тетрахлорбутан алынады. Бұл реакцияның жүруі 1,3-бутадиеннің мөлшері хлордан жоғары болу керек.
Органикалық синтезда дихлорбутандар аралық өнім ретінде пайдаланылады. 1,4-изомерді адиподинитрил алуда пайдаланады, ал гескаметилендиамин мен адипин қышқылын полиамидти талшық алуда пайдаланады. Ең тиімді жолмен синтезделетин зат ол – 1,2-изомер болып табылады. Ол тез хлоропренге ауысып өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |