С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей оқушылары арасында 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмысының кешенді-мақсатты бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат Мақсаты



Дата20.07.2020
өлшемі58 Kb.
#63320
түріБағдарламасы

С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицей оқушылары арасында 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында

нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жұмысының

КЕШЕНДІ-МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

орындалуы туралы ақпарат
Мақсаты: жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың таралуының алдын-алу

Міндеттері:

  • Нашақорлықтың таратылуы бойынша алдын-алу жұмыс жүйесін дамыту және нығайту

  • Есірткі мен психотроптық заттарды қолдануға теріс көзқарасты дамыту

  • Есірткінің адам денсаулығына зиянды әсерлері туралы сақтандыру,құқық қорғаушылық пен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық атмосфераның күй-жайы

  • Оқушылар мен ата-аналар арасында есірткіні қолдану мен таратуға байланысты құқықтық сұрақтар бойынша ағарту жұмыстар

Күтілетін нәтижесі:

  • Жаөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын-алу жұмысының тиімділігін арттыру

  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың алкогольге және есірткіге мас күйінде жасаған қылмыспен құқықбұзушылықты төмендету

  • Оқушылар мен ата-аналардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру,салауатты өмір сүру негізін қалыптастыру.

Бұл бағыттағы жұмыс жалпы 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады.

І бағыт: Ұйымдастыру- әдістемелік жұмыс – құқық қорғау органдары, ОҚА, психоневрологиялық диспансер, СӨС орталығының қызметкерлерімен бірге жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Нашақорлықтың алдын-алу бойынша құжаттар пакетін рәсімдеу, қауіп тобында тұрған оқушылардың тізімін құрастыру, спорт секцияларының жұмысын ұйымдастыру және үнемі бақылау. Мектептегі медициналық, психологиялық-әлеуметтік қызмет жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.Нашақорлық және санитарлық постардың жұмысын ұйымдастыру, жүргізілу барысын бақылау.

ІІ бағыт: Бақылау және басқару – нашақорлықтың алдын алу тақырыптары бойынша мониторингтер, сауалнамалар алу, оқушылардың өздігінен осы тақырыпта ақпараттар дайындап, қорғауы, «Нашақорлықтың алдын алудың» кешенді-мақсаттық бағдарламасын бекіту, бағдарлама бойынша оқушылармен және ата-аналармен сауалнама жүргізу, мектептің санитарлық және нашақорлық пост жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

ІІІ бағыт: Оқушылармен және ата-аналармен жұмыс – жалпымектептік ата-аналар жиналысында «Нашақорлық құралдары туралы...» ҚР Заңымен таныстыру. «Сигарета-бірінші есірткі ме?», «Насыбай есірткі құралы ма?», «Сыра алкоголизмі», «Есірткі мен нашақорлық» тақырыптарында сынып сағаттарын, әңгімелесулер өткізу. «Биік табыстарға жеткім келеді» мектепішілік акциясын өткізу. Ішімдікті қолданудан бас тарту Халықаралық күні аясындағы іс-шаралар өтті /28 қазан/. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сынып сағаттарын әр сынып жетекшісі ай сайын өткізеді. «ПАЗ-дың баланың өсу ағзасына әсері», «Баланың тәуелділігі неге байланысты?» атты ата-аналар жиналыстарында баяндамалар оқылды. І жартыжылдық бойы ОҚА, ПНДБ дәрігерлерімен кездесулер өтті. 22 қараша күні қалалық әйелдер консультациясының акушер-гинеколог маманы Төкежанова Г. Д. 8-11 сынып қыздарымен «Қыз бала гигиенасы», «Жыныстық қатынас және сақтану» тақырыптарында әңгіме-кеңес жүргізді.

Дәріс барысында дәрігер оқушыларға зиянды әдеттер туралы бейнероликтер көрсетіп, маскүнемдіктің, шылым шегудің және нашақорлықтың адам өміріне қауіп-қатерін түсіндірді. Желтоқсан айында «Шылым шегудің пайдасы», «Шылым шегу-әлеуметтік дерт», «Мен жақсы көремін...» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп-лицей директоры Л. Ө. Мұқажанова


Орындаушы:

Д. Абдилова



Тел.6-49-63
Каталог: arc -> attach -> 738
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
738 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет