С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың 80 жылдығына және жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдығына арналған «Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен аңыз»



Дата30.11.2016
өлшемі53,08 Kb.
#2862
С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың 80 жылдығына және жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдығына арналған

«Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен - аңыз» атты қалалық шығармашылық

байқауы туралы

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Ереже С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың 80 жылдығына және жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдығына арналған «Сәкен – сұңқар, Сәкен – сән, Сәкен - аңыз» қалалық шығармашылық байқауының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу және қаржыландыру тәртібін белгілейді.

1.2. Байқау С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхананың 80 жылдығына және жазушы, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120-жылдығына арналған ісшаралар аясында жарияланады.

Байқауды ұйымдастырушы: С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапхана
2. Мақсаттары мен міндеттері


  • Жастарды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу;

  • Жазушы, ақын С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын зерттеу және насихаттау;

  • Жастарды жазушы, ақын С. Сейфуллин туралы кітаптарды оқуға баулу;

  • Шығармашыл жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлуетін ашу.


3. Байқауды өткізу мерзімі: 2014 жылдың сәуір-қазан айлары
4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

4.1. Байқау үш кезеңде өтеді.

1 кезең (2014 ж. сәуір-мамыр айлары): Ережені әзірлеу, материалдарды қаланың оқу орындары бойынша жіберу;

2 кезең (2014 ж. тамыз-қыркүйек айлары): өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдау;

3 кезең (2014 ж. қыркүйек-қазан айлары): байқаудың қазылар алқасының жұмысы, жеңімпаздарды анықтау, салтанатты марапаттау рәсімі.
4.2. Байқауға С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы жұмыстар мынадай номинациялар бойынша ұсынылады:


  • Эссе (барлық тілек білдірушілер);

  • «Сәкенге арнау» (барлық тілек білдірушілер);

  • Әдеби-музыкалық композиция (театрландырылған көрініс, көркем сөз оқу, театрландырылған ән орындау көрінісі – ұзақтығы 30 мин. аспау керек).


4.3. Эссеге қойылатын талаптар:

  1. Мәтін стиліне сәйкес (эссе), тақырыпты ашатын болуы тиіс.

  2. Мәтінге қойылатын талаптар:

  • Компьютерлік терілім,

  • Парақ форматы А4,

  • Стандарттық параметрлер,

  • Қарпі: Times New Roman 14, жол арасы - 1,5



5. Байқаудың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы

Жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру мақсатымен байқаудың ұйымдастыру комитеті құрылады. Жұмыстарды бағалау және номинациялар бойынша жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы сайланады, оның құрамына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілдері, БАҚ өкілдері кіреді.

Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды байқаудың әр номинациясы бойынша осы ережеде белгіленген критерийлер бойынша бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.
6. Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері


  • Ұсынылған жұмыстың байқау тақырыбына сәйкестігі;

  • өзіндік шығармашылық ой-байлам, шығармашылық жаңалығы, тақырыпты таңдау мен оны дәйектеу ерекшелігі;

  • көркемдік шеберлік;

  • жалпы эмоциялық қабылдау.


7. Байқаудың шарттары

Байқауға Балқаш қаласының жастары қатыса алады. Өтінімдерді байқауға қатысушы немесе оқу орындарының өкілдері жібереді. Өтінімдер 2014 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қабылданады



Өтінім үлгісі:

  • Қатысушының аты-жөні (қатысушылардың);

  • Жасы;

  • Қысқаша өмірбаяны (эссе);

  • Кітапхана-үйлестіруші (атауы, мекен-жайы, телефоны, e-mail);

  • Номинация;

  • Жұмыстың сипаттамасы (атауы, қысқаша сипаттама, орындау техникасын сипаттау);

  • Оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), жұмыс орны (мамандығы);

  • Байланыс e-mail, мекен-жайы, телефоны.

Қатысушылардың жұмыстары С.Сейфуллин атындағы ОКЖ-ның мекен-жайына немесе электрондық адресіне жіберіледі.

Мекен-жайы: Балқаш қ., Калмыков к., 3

Электрондық пошта адресі: cbss@list.ru

Байланыс телефондары: 60488
8. Жұмыстарды тіркеуден бас тарту ережелері

    1. Байқаудың ұйымдастыру комитеті төмендегідей жұмыстарды тіркеуден бас тарту құқығына ие:

  • Қатысушының авторлығы шүбә тудырған жағдайда (мәселе айқындалғанға дейін);

  • Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен жұмыстар;

  • Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жұмыстар;

  • Қоғамдық тәртіптің этикалық нормаларына сай келмейтін, нормативтік емес лексика, адамның намысына тиетін сөздер қамтылған, зорлық-зомбылыққа шақыратын жұмыстар ж.т.б.;

  • Осы ережеде білгіленген ережелер мен техникалық талаптарды сақтамай орындалған жұмыстар.

    1. Талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қатысудан шығарылады. Байқау әкімшілігінің бұндай жұмыстарды себебін түсіндірмей, байқаудан шығаруға құқығы бар.

8.3. Авторлық құқықтардың сақталушылығы үшін жауапкершілік жұмысын байқауға жіберген қатысушыға жүктеледі.

8.4. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды, оған рецензия берілмейді.

8.5. Байқауға ұсынылған шығармаларды кейінгі кезде коммуникативтік және ақпараттық іс-әрекетте пайдалануға авторлардың рұқсаты берілді деп есептелінеді. Байқау ұйымдастырушылары жастар шығармашылығын насихаттау үшін туындыгерлікті сақтап, жұмыстарды пайдалана алады.
9. Марапаттау

Жүлде қорын қаржыландыруды байқаудың ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен, бағалы жүлделермен марапатталады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кітапхананың мерейтойын тойлау барысында өткізіледі.

Байқаудың қорытындылары туралы қатысушылар-жеңімпаздар электрондық пошта арқылы хабарланады, байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат және олардың жұмыстары С.Сейфуллин атындағы ОКЖ сайтында cbss@list.ru жарияланады, ақпарат БАҚ-ына беріледі.



Байқаудың қорытындылары бойынша байқау жеңімпаздарының эссе жинағы шығарылады, жұмыстар кітапхананың көрмесінде ұсынылатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет