Бақылау сұрақтары:
1. Ата- ана топтағы құстарға арналған технологияның ерекшеліктері .
2. Ата- ана топтағы құстардың жағдайын жақсарту, ауа температурасы, ьшғалдылығы т.б
10-дәріс.
Құсты азыктандыру ерекшеліктері
Мақсаты: Құс азықтандыруды үйрену
Жоспары:
1.Құнарлы азықгандырудың құс енімін ендіруге, оның сапасын жақсартуға, алынған енімге жұмсалатын шығынның төмендеуіне тигізетін өсері және маңызы.
2. Етті құстарға арналған жемнің түрлері.
Мал азығын шығу тегі мен түрі, физикалық жағдайы, физиологиялық игерімділігі, қоректік заттарының шоғырлануы мен арақатынасы секілді мал түлігіне қоректілік құнарлылығы мен жұғымдылығын анықтайтын қасиеттеріне қарай топтастырып, жіктейді.
1) Өсімдік тектес жемшөп; 2) Жануар тектес өсімдік; 3) Синтетикалық қосындылар (химиялық және микробиологиялық түзу өнімдері); 4) минералдық қосындылар; 5) биологилық әсерлі заттар (витаминдер, перемикстер);
Өсімдік тектес жемшөп. Өсімдік тектес жемшөпке табиғи және екпе (мәдени) өсімдіктердің мал азығына жегізіліп немесе шауып туралып берілетін бөліктері (жапырағы, сабағы, түйнегі, тамыры, қылқаны, бұтағы т.б) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың шоғырлануы дәрежесінде сәйкес өсімдік тектес жемшөп аумақты және құнарлы топқа бөлінеді.
Жануар тектес азық. Жануар тектес азықтарға мал азықтандыруда қолданылатын сүт пен оның өнімдері, ет пен балық өндеу орындарының қан ұны, ет ұны, ет – сүйек ұны, сүйек ұны, балық ұны секілді қалдықтар жатады. Уыз бен сүт, майсыздандырылған, яғни көк сүт, айран мен сүт сары суы, қоректенгенде маңызды рөл атқаратын болса, ал қан ұны, ет ұны, ет- сүйек ұны мен балық ұны мал азығының протеиндік, ал сүйек ұны минералдық кальцийлік қосындысы ретінде қолданылады.
Синтетикалық азықтық қосындылар. Бұл азықтық қосындылар тобына қоректік заттар өте жоғары шоғырланған химиялық және микробиологилық түзу өнімдері жатады.
Олардың қатарына синтетикалық мочевина, яғни корбамид, аммоний фосфаты, аммоний суы секілді сиететикалық азотты мен азықтық ашытқылар L – лизиннің , DL – метиониннің азықтық қосындылары кіреді.
Минералдық қосындылар. Бұл табиғи шикізаттан өндірілетің азықтық қосындылар мал азығына қосымша минералды заттар көзі ретінде қолданылады. Оларға ас тұзы, азықтық бор, азықтық әк, ұлу қабыршығы, сүйек ұны, кальций фосфорлық және калций натрийлық фосфаттар, қызыл топырақ, микроэлементер тұздары мен көп компонентері минералдық брикеттер, түйіршіктер жатады.
Биологиялық әсерлі заттар. Биологиялық әсерлі заттарға мал денесінде өздері тікелей энергия өндірмеген мен зат алмасуына қолайлы жағдай туғызудағы маңызы өте зор, ал мөлшерде болса тіршіліктік маңыздылығы өте жоғары ферментер, гормондар мен витаминдер жатады. Бұл топқа хелаттық, яғни метал энзимдік қосындылар, фермент әсерлігін өсіретін
коферментік биогенді микроэлементер организмдегі микробиологиялық үрдіске ықпал етуші антибиотиктер мен зат алмасу жылдамдығына ықпал етуші түрлі транквилизаторлар да кіреді.
Мал азығын дайындаумен мен айналысатын арнайы завоттармен өндірістік кешендердегі, айталық , құс фабрикаларында азық дайындау орындарында мал түлігі мен құс түріне, жасына және өнімдік бағытына сәйкес түрлі азықтар құрамажемде құрастырылады.
Арпа дәні. Арпа дәнінің протеиннінің суда және тұз ерітіндісінде еритін бөлігі 45- 50 % құрайтындықтан, ол жақсы қорытылып, сіңіріледі және құрамы ауыспайтын аминқышқылдарына бай келеді. Дәннің 1 кг 5,5 г лизин, 1,7 г триптофан, 2 г метионин, 1,9 г цистин болады. олармен қоса арпа дәнінде Е мен В тобының витаминдері көп жиналады. Мал жеңіл қорытылатын диеталық азық ретінде арпа дәнімен малға жегізілетін жемнің 30 – 40 % беруге болады. 1 кг да 1,21 а.ө, 81 г қорытылатын протеин бар арпа дәні мен жармасын бордақылаудағы шошқа, жұмыртқалағыш мекен мен төл азығына кеңінен жұмсайды.
Жүгері дәні. Құрамында крахмалы мол 70 % болғандықтан, жүгері дәнінің барлық мал сүйсініп жейді. Онымен малға жегізілетін жеммен жартысын берсе, бордақылаудыға бастардың семіруі жылдамдап, сиыр сүтілігі молаяды. Оның 1 кг – да 1,34 а.ө , 75 г қорытылатын протеин болады. Энергетикалық қоректілігі жағынан барлық дәннен басым түсетін жүгері дәнің құс құрама жемінің энергетикалық қуаттылығын артыруға қосады. Бірақ мал азығына жұмсағанда жүгері протеинінің аса маңызды лизин аминқышқылына кедей келетінің ескеріп, оның пртеиннінің биологиялық құндлығын артыру үшін протеині лизинге бай жем мен араластыру қажет.
Сұлы дәні. Сұлы дәнінің протеинніңде ауыспайтын аминқышқылдарына қаныққан суда және тұз ерітіндісінде еритін фракциясы жоғары болып, ас қорыту барысында көмірсулары жылдам ферменттелетіндіктен,жеңіл қорытылып,жоғары сіңірілетің бағалы диеталық мал азығына жатады.
Оның 1 кг – да 5,3 г лизин, 0,69 г триптофан, 1,65 г метионин, 2,27 г цистин болады. 1 кг – да 1,21 а.ө, 85г қорытылатын протеин бар сұлы дәнің төмен құс азығына 10 % енгізіледі.
Тары дәні. Тары дәнінің құрамы мен қоректілігі сұлы дәніне ұқсас келеді. Органикалық заты 80-82 % қорытылады. 1 кг – да 0,95 а.ө , 79 г қорытылатын протеин болады.
Бидай дәні. Астық тұқымдастар дәнінің ішінде бидай дәні протеинге бай келеді. Оны барлық мал түлігі жақсы жейді. Малға жегізілетін бүкіл 40-50% жеммен беруге болады. 1 кг-да 1,2 а.ө , 117 г қорытылатын протеин бар , бидай дәнің бұдан артық жұмсау үшін жылқыға алдын ала мыжып берді. Тритикале дәні. Тритикале - бидай мен қара бидайдың будандастыру арқылы өндірілетің малдың құнарлы азығы. Будан болғандықтан егістіктегі шығымы өте жоғары. Оның мал жеміндегі көп көлемі асқорыту барысында кедергі туғызатыны ескереді.
Астық бұршақ дәні. 33 % көлеміндегі протеинде 14,9 г/кг лизин, 1,75 г/кг триптофан, 2,5 г/кг метионин, 3,4 г/кг цистин жиналады. Басқада бұршақ тұқымдастар дәніндей азықтық бұршақ протеині суда және тұзда тез ериді. Қорыту барысында малдың ішін қатайтатындықтан, оны кебек , сірне секілді қорытуды жеңілдететің азықтармен қосып берген жөн. 1 кг – да 1,15 а.ө, 237 г қорытылатын протеин болады.
Соя дәні. Бұршақ тұқымдастар ішіндегі протеині ең жоғары дән. Дәніндегі протеин 32-45 % ға, майы 20% - ға дейін жететің азықтық және техникалық дақыл. Протеин шығымы мен биологиялық құндылығы жағынан барлық бұршақ тұқымдастар тұқымынан асып түседі. 1 кг – да 21,9 г лизин, 4,3 г триптофаны, 4,6 г метионині, 5,3 г цистині болады.
Жасымық дәні. Жасымық дәнінің көк сортында 26-27 % , сары сортанда 42,5 % протеин блады. Оның 23-50 % суда, 47-70 % тұз етітіндісінде етитің фракциялардан тұрады. Мал азығына жұмсарда жасымық дәнінің ащы кермек дәмін жойып, зиянды алколойттарының залалсыздандыру үшін ыстық суда бөктіріп, булап, ағынды сумен шаяды. 1 кг – да 1,07 а.ө , 200 г қорытылатын протеині бар жасымық дәнін сауын сиырға жегізілетің көлемін тәулігіне 1 кг – на асырмай күнжара, шрот, кебек пен араластырып берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |