Күрке тауық өсіру
1.Күрке тауық
2. Күрке тауық етін өндіру технологиясы
Күрке тауық – ауыл шаруашылық құстарының ішіндегі ең ірісі. Күрке тауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450 килограмм (тірілей салмағы) ет алуға болады.
Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диеталық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.
Құс шаруашылығы жақсы дамыған елдерде ұлттық салт – дәстүрді ескере отырып, көптеген күрке тауық етін өндіреді. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын үнемі 100 миллионға жуық күрке тауық балапандарын өсіреді. Құс етінің жалпы өндірісіндегі күрке тауық балапанының үлесі және оны адам басына өндіру бойынша Канада дүние жүзіндегі бірінші орын алады.
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де, құнарлы да азықтармен (ет, жұмыртқа) қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан олар күтіп-бағу жағдайына сезімталдығымен сипатталады.
Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп-бағуды, азықтандыруды санитариялық-гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді.
Күрке тауық етін өндіру технологиясы
Күрке тауық негізінен Украиннада, Қазақстанда, Ресейдің оңтүстік аймақтарында, Тәжікстанда, Молдавияда, біршама аз мөлшерде Прибалтикада және басқа да елдерде ірі құс фабрикаларында, мамандандырылған шаруашылықтарда және күрке тауық фермаларында өсіріледі.
Күрке тауық – ауыл шаруашылық құстарының ішіндегі ең ірісі. Күрке тауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450 килограмм (тірілей салмағы) ет алуға болады.
Күрке тауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3,5-4 килограмм, әтештері 4,5-5 килограмм салмақ тартады, еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89 пайыз болады, тұтынылатын бөлігінің салмағы 65-71 пайызға жетеді. Клеткаларда өсірген кезде сәйкесті көрсеткіштер: 88-89 және 72-75 пайыз, сонымен бірге бұлшық ет ұлпаларының салмағы тауықтың сойғандағы салмағының 58-59 пайызын құрайды. Күрке тауық бұлшық ет ұлпаларының негізгі бөлігі ақ диеталық етке жатады.
Құс фабрикаларында өндірістің аяқталған циклы болады, ол жылына 500-1000 миллион күрке тауық балапандарын өндіруге есептелген және цехтары: ата-аналық табын, инкубация, еттік және толықтырушы балапандар өсіру цехы және тоңазытқышы болады.
Өндірістің аяқталмаған технологиялық циклымен (инкубациялау, сою және құсты өңдеу цехы болмайды) жұмыс істейді, сондықтан олар 50-100 мың балапан өсіреді.
Шаруашылықтардың көрсетілген категория-ларынан басқа құрамына бірқатар шаруашылықтар немесе мамандандырылған күрке тауық өсіретін фермалар кіретін бірлестіктер де бар. Олар бір технологиялық схема бойынша жұмыс істейді.
Құс шаруашылығы жақсы дамыған елдерде ұлттық салт – дәстүрді ескере отырып, көптеген күрке тауық етін өндіреді. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын үнемі 100 миллионға жуық күрке тауық балапандарын өсіреді. Құс етінің жалпы өндірісіндегі күрке тауық балапанының үлесі және оны адам басына өндіру бойынша Канада дүние жүзіндегі бірінші орын алады.
Қосымша Дәріс
Қазы етін өндіру технологиясы
1.Қазы өсіру
2.Қаз түрлері
Қаз өсіру біздің мемлекеттегі жануар өсірудің дәстүрлі түрлерінің бірі болып табылады. Қаздар басқа үй құстары қарағанда тағам талғамайтын, жасыл шөпті жеп қорыта алатын, тамырлы өсімдіктерді, шөп ұнымен қоектене береді. Қаздарды су қоймалары бар, төмен бағалы жайылымдар және ыңғайсыз жерлерде (шатқалдар, жыралар) бағуға болады. Ересек қаз күніне жайылымдарда 2 кг жасыл массаны жейді. Қаздардың биологиялық ерекшеліктері оларды кішкене жеке шаруашылық фермаларда өсіруге мүмкіндік береді. Дәнді азықтарды (қымбаттары) аз мөлшерде, көктемде балапандарды өсіру кезінде қажет етеді. Қаздарды бағуға күрделі құралдардың қажеті жоқ.
Қаздың еті, оның майлы бауыры, майы адам үшін маңызды қоректік азық болып табылады. Қаздардың мамықтары жоғары сапалы болады. Олардан жастық, көрпе, кеудеше, пальто, төсек қаптары және басқа да бұйымдар жасалады. Қаздарды тірідей үш ретті қауырысындарын жұлу оған кеткен шығындарды өтейді. Қауырсындардан қалқымалар және сувенирлі қаламсаптар жасалады.
Қаз түрлері.
Жеке шаруашылықтарда итальянді, рейнді, горьковті, ірі қоңыр, обрашонды, кубандық өнімділігі жоғары түрлерін өсірген жөн. Уралдық, ромендік, халмогорлы, арзамасты, адлерлі, тулалық, псков қаздарының өнімділігі төмен болғанымен, жартылай интенсивті және экстенсивті жағдайларды таңдамайтын, өмір тұрақтылығы және әр түрлі ауруларға төзімді болып келеді. Болашақта индивидуалды шаруашылық секторларына Венгриядан венгрлі ақ қаздарды әкелу көзделді. Олар ет, мамық және майлы бауыр шығаруда универсалды қабілеттілікке ие.
Итальян қаздары Итальяда шығарылған. Кеңес одағына 1975 жылы
Чехославакиядан алып келінген. Қауырсындары ақ, басы орташа, мойыны ұзын емес, толық , кеудесі көлденең, компактті, кеудесі кең және терең орналасқан, тұмсығы мен аяқтары қызғылт сары түсті.
Аналық қаздардың тірі массасы 5,5-6 кг , ал аталық қаздардың тірі массасы 6-7 кг. Итальяндық аналық қаздың жұмыртқа туу қабілеттілігі 45-55, ал екі циклда 70-80 жұмыртқа табады. Жұмыртқа массасы 140 – 170г. Жатқызылған жұмыртқалардан балапанның шығымы 65 – 70 %. Балапандар тез өседі. 9 – 10 апталық жаста балапандардың тірі салмағы 4,0 – 4,2 кг болады.
Италяндық қаздарды семіз бауырларды алуға қолданылады. Қоректенген қаздың салмағы 8 кг болса, бауырының салмағы 500 – 600 г болады.
Рейн қаздары. Кей кезде оларды германиялық деп те атайды. Бұл түр Германиядан шығарылған.
Қаздардың бұл түрі біздің елге Венгриядан әкелінген. Қауырсын түсі ақ болады. Ол денеге иғыз жабысып тұрады. Басы үлкен емес, мойын ұзындығы орташа, кеудесі орташа көлемді, кеудесі кең және терең ораналасқан, көкірегінде екі қатарлы бүгіндісі бар, тұмсығы мен аяқтары қызғылт сары түсті болады.
Аналық қаздардың тірі массасы 5,5 – 6 кг , ал аталық қаздардың тірі массасы 6 – 6,5 кг болады. Итальяндық аналық қаздың жұмыртқа туу мөлшері 45-50, ал екі циклда 65 – 80 жұмыртқа табады. Балапандар дамуының 63 күнінде тірі массасы 3,8 – 4,0кг болады. Жұмыртқа массасы 140 – 170г. Жатқызылған жұмыртқалардан балапанның шығымы 65 – 70 %. Балапандар тез өседі. 9 – 10 апталық жаста балапандардың тірі салмағы 4,0 – 4,2 кг болады.
Реиндік қаздарды семіртіп, олардан майлы бауырларды алуға қолданылады. Семіртілген қаз бауырының салмағы 350 – 400 г болады.
Италяндық және рейндік қаздарды будандастыру арқылы жақсы нәтижелер алуға болады.
Гибридті балапанды – бройлерлерінің еттері жоғары дәмдік қасиетке ие болады.
Горьков қаздары. Бұл құстарды жергілікті қаздар мен қытай қаздарды шағылыстыруы арқылы пайда болады. Одан әрі күнгей жақтың қаздарысмен шағылыстырған. Бұл үш түрлі қаздарды өсіріп, олардың тірі массасын, жұмыртқа табуын және балапан табуын жоғарлату маұсатында сеДәріслаған. Қауырсындары ақ, қоңыр және көкшіл сұр түстес болып келеді. Басының үлкендігі орташа болып келеді және маңдайында түйіні болады. Көкірегі жоғары, кең, мойыны ұзын, еңкейген, құйрығы көтеріңкі келген болып келеді. Аяқтарының түсі қызғылт сары болып келеді. Аналық қаздардың массасы – 6кг, ал аталық қаздардікі 7,5 кг болады. Жұмыртқа туғыштығы 45 – 55 жұмыртқа, балапан шығымы – 65 – 70% салынған жұмыртқаның мөлшерінен. Балапандардың дамуының 63 – күні тірі массасы 3,5 – 3,8 кг болады.
Ірі қоңыр қаздар. Қаздардың бұл түрі роменді қаз бен тулуздық қаздарды шағылыстыру арқылы алған. Бұл қаздардың екі түрі бар, тамбовты далалы және борковты болып табылады.
Бұл қаздардың басы үлкен, тұмсығы түзу, қысқа қызғылт сары түсті, тұмсық ұшының түсі қоңыр болады. Көзінің айнала шеті сары қызғылт түсті болады. Тұмсығының астында қапшасы болмайды, кейде жағдайларда басында айдары бар қадар кездеседі, мойын ұзындығы орташа, жуан келеді. Кеудесі кең және терең келеді. Қарнында екі майлы терлі қабат болуы мүмкін, дене құрылысы мығым, қанаттары денесін тығыз жабысып тұратын, аяқтарының ұзындығы орташа, аралары ашық қызыл түсті болады. Қауырысындарының түстері әр түрлі болады. Басы, мойынының үстіңгі жағы, арқасы қоңыр, кеудесі ашық қоңыр түсті, қарыны ақ, қауырысындардың үштары да ақ түсті болып келеді.
Аналық қаздардың массасы – 5,5 – 6,0кг, ал аталық қаздардікі 6 – 7 кг
болады. Жұмыртқа туғыштығы 35 – 40 жұмыртқаны құрайды. Дамуының 60 – күні балапандардың тірі массасы 4 – 4,5 кг болады. Қаздардың бұл түрі шыдамды, көп қимылдайтын, балапандарды жақсы басатын, жайылымдық жемдермен жақсы қоректенеді. Майлы бауырдың салмағы 350 – 450 г болады.
Кубань қаздары. Бұл қаздар кубанда шығарылады, ол горковь және қытай қаздарын шағылыстыру арқылы алады. Олардың басы үлкен, ұзын болады. маңдайында тұмсығы басталатын жерлерде үлкен түйіні болады; мойыны жіңішке, иілгіш болады; кеудесі орташа көлемді, көкірегі домалақ; аяқтарының ұзындығы орташа; қауырсындары қоңыр түсті, тұмсықтан басталып, көкірегіне дейін қоңыр сызық өткен. Тұмсығы, аяқтары, түйіні қара – аспидті түсті болып келеді.
Қаздардың орташа жұмыртқа табу дәрежесі 75 – 90 жұмыртқа. Аналық қаздардың массасы – 4,5 – 5,0кг, ал аталық қаздардікі 5,0 – 5,5 кг болады. Балапандардың шығару дәрежесі 75 – 85%. Дамуының 60 – күні балапандардың тірі массасы 3,4 – 3,7 кг болады.
Достарыңызбен бөлісу: |