Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет6/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Құс жынысын анықтау. Сақа құстардың жыныстық айырмашылықтары бірден аңғарылады: еркегі ұрғашысынан едәуір салмақтырақ, денелі келеді, басы үлкендеу, апайтөс, бөксесі жүдеу болады. әтештер мен күрке тауықтың еркегі мекиендер мен ұрғашы тауықтармен салыстырғанда аяқтары анағұрлым биіктеу. Қауырсыны түрлі түсті еркектері ұрғашыларынан гөрі айқын бояулы келеді. Әтештің құйрығында бұрымы, желкесінде жая, ал ұрғашыларында мұндай болмайды. Күрке тауықтың еркегі ұрғашысынан ірілеу, оның төсінде қауырсын шудасы және тұмсығының үстіне өскен терісі болады.

Үйректердің еркек, ұрғашыларын дауысынан-ақ айыруға болады, ата үйрек шыжылдайды, ал ұрғашы үйректер барылдайды. Қаздарды қатпаршағын көрген кезде айны қатесіз анықтайды. Бағалаушы қазды сол жақ тізесіне құйрық жағы салбырап тұратындай етіп шалқасынан жатқызады. Қаздың мойнын сол жақ қолтығына тығып, құйрығын төмен қарай сәл қайырады, ал екі қолдың бас бармақтарымен және сұқ саусақтарымен қатпаршақты ашады: еркек қаздың жынысы бірден көрінеді, ал ұрғашысының қатпаршағы енді ғана қалыптаса бастайды. Қатпаршағын бірден ашудың сәті түспеген қазды отырғызады, шамалы уақыттан кейін оны қайтадан байқайды.

Құс балапаннының жынысын бірқатар белгілері бойынша анықтайды. Қаздарды белгілері бойынша анықтайды. Қаздардың жынысын қатпаршақтың құрылымы бойынша үш айлығында, ал үйректердің жынысын көмей құрылымы бойынша алғашқы тәулікте-ақ анықтайды. Еркегінде көмейінің төменгі бөлігі кеңдеу және қолмен оңай ұстап көруге болады, ал ұрғашысында мұндай кеңею жоқ. Жынысты анықтау үшін үйрек балапанын басын алдына қаратып, оң алақанға ұстайды, сол жақ қолымен оны тұмсығын ұстап, мойнын соза тартады, ал оң жақ қолының сұқ саусағымен желкесінен басады. Еркек балапанның дәл осы тұсында үш бұдыр білінеді: төс сүйектің алдыңғы ұшына бұғананың жалғасқан жерінде оң жағында да, сол жағында да осы бұдырлардың аралығындағы орталықта етегінде көлемі бұршақтай ғана ойнамалы бұдыр байқалады-осының өзі көмейінің керілуі.

Қатпаршақты байқаған кезде балапан жынысын жұмыртқадан шыққан соң 10-12 сағаттан кейін-ақ анықтауға болады. Балапанды сол жақ алақанға былай ұстайды, аяқтарын сұқ саусақпен ортанғы саусақтың арасына қыстырып қояды, ал мойнын аты жоқ және шынашақ арасына қыстырады. Сол қолдың бас бармағымен еппен қатпаршақты ашады. Еркегінде рудиментті көпіршік пен тарамданған екі қабат кішкентай белдеулер көрінеді. Қатпаршақты тексерген кезде балапандардың жынысын анықтау үшін арнайы стол, үш жәшіктің (ұрғашы, еркек балапандар мен жарамсыз үшін) және жарықпен жақсы қамтамасыз ету қажет. Тәжірибелі маман бір сағатта 900-1000 балапанды байқаудан өткізе алады.

Жұмыртқадан шыққанына бір тәулік болған балапандардың жынысын Чиктестер құралы көмегімен айырады. Онын бір жағында окуляр, екі жағына-ұшы үшкір емес шыны ине орналастырылған тубусы бар. Тубустың ішінде электр лампасы мен линзалар және жарықты инеге бағыштайтын айнасы болады. Инені балапанның қатпаршағына кіргізеді: окуляр арқылы балапанның жынысына байланысты аналық немесе аталық бездері айқын көрінеді. Бір сағатта 600-800 балапанды қарайды.

Ет бағытындағы да жұмыртқа бағытындағы да асыл тұқымды шаруашылықтар мен құс фабрикаларында балапан әтештер мен тауықтарды алғашқы күннен бөлек өсіру үшін балапандарды бір тәулігінде сұрыптаудың өте мәні зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет