Құс шаруашылығы. Құс шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы дәрістер жинағы шымкент, 2021



бет8/26
Дата13.12.2021
өлшемі402 Kb.
#125337
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Жұмыртқа өнімділігі. Жұмыртқалау құстың ең маңызды өнімділік сапасы,ол оның физиологиялық жағдайын және көбею органдары жүйесі қызметін бейнелейді.

Құстың жеделдете жұмыртқалауы ұрғашысының жыныс жолдарында жұмыртқа түзілуге қажетті уақытқа байланысты. Жұмыртқа қалыптастыруға уақытты неғұрлым көбірек шығындаса, белгілі бір құс жұмыртқаны соғұрлым азырақ табады. Егер жұмыртқа 24 сағатта немесе одан да қысқалау мерзімде қалыптасса онда тауық күнде жұмыртқалайды; егер жұмыртқа түзуге уақыт көбірек жұмсалса, онда жұмыртқа салуда үзіліс байқалады. Мысалы, 24 сағатта жұмыртқасы қалыптасатын тауық одан кейінгі күндерде 8,12,16 сағаттардан кейін жұмыртқалайды да, одан кейін үзіліс жасайды. Бір немесе 2-күндік үзілістен кейін тауық қайтадан бірнеше күн қатарынан жұмыртқалай бастайды. Құстың қатарынан үзіліссіз белгілі бір санды жұмыртқа тапқан кезеңін жұмыртқалау циклі деп атайды. Цикл ұзақ болуы да (10-15 күн және одан да ұзағырақ), қысқа болуы да (2-4 күн) ықтимал. Құс жұмыртқаламаған циклдер аралығындағы күндерді интервалдар деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет