Бақылау сұрақтары:
1. Құс етін өндірудегі маңызы.
2. Етті балапандарының өсу ерекшеліктері.
3. Еттің қоректік дәрежесі, дәмділігі, химиялық құрамы.
5. Бройлер етін өндіру технологиясы
4 - дәріс.
Құс тұқымдарын шығару
Мақсаты: Құс асылдандыру жұмыстарын білу
Жоспар:
1.Құстың тұқымдары мен түрлерін құс шаруашылығында пайдалану.
2. Құсты түқымына қарай жіктеу.
3. Негізгі құс тұқымдары, тұқымдық топтары, олардың сипаттамасы.
Тауықтың тұқымдары мен кросстары
Тауықтардың қазіргі тұқымдары, жұмыртқа, ет , ет-жұмыртқа ,сәндік және төбелескіші секілді тұрлерге бөлінеді. қазіргі уақтта сәндік және төбелескіш тұқымдарды шектеп қана өсіреді.тауықтардың жұмыртқалағыш тұқымы.осы тұқымды тауықтарды өсірудегі мақсат-жұмыртқа алу. сондықтан жұмыртқалаитын тауықтың негізгішаруашылық белгілері коптеп жұмыртқалауды және дене салмағының жеңілдігі болып табылады.тірілей салмақ елеулі дәрежеде организмдегі алмасыү процестерін қолдауға жұмсалатын азық шығынын анықтаиды.құстың тірілеи салмағы неғұрлым жеңіл болса,жұмыртқа өндіруге жұмсалатын азық шығыныда солғұрлым томен болады. жұмыртқалағыш тұқымды таүықтар жынысының ерте жетілетіндігімен және ұзақ мерізмде үздіксіз өнімділік қабілетімен ерекше көзге тұседі.
Ақ леггорн - дүние жұзінде анағұрлым көбірек таралған тауықтың жұмыртқалағыш тұқымы. Ол 20-ғасырда америка құрама штаттарында италиядан жеткізілген жергілікті құс базасында өсіріледі.осы тұқымды таүық экістрьерінің ерекшеліктері мынадай.бас шамасы орташа,ақ немесе крем түсті,құлақ жарғақтары жақсы жетілген жалпақтау айдары болады.
төсі жақсы жетілген,дөңгеленіп,томпаиып тұрады.қалың қауырсынды ұзынша келген кеүдесі көлбеу жатады,қанаты кең,денесіне тығыз жабысып тұрады,құйрқтары көтеріңкі келеді,әтештердің жақсы жетілген бұрымы болады.тұмсығы,табан сұиектері мен бақайлары сары болады.құс ауарайына икемді келеді,тек жетіліуімен және төзімділігімен ерекше көзге тұседі.балапндар тез жетіліп,қанаттанып кетеді.ақ тауықтан басқа құр текті,сұрғылт қара және когілдір тұсті легторндар өсіріледі,бірақ бұл құстардың өнеркәсіптік мәні болмайды.әтештер орта есеппен 2,7kr,тауықтар-1,8-2,0kr салмақ тартады. Жылына әрқайсының салмағы 57-60r тартатын 220-240 жұмыртқа табады.жұмыртқаның қауызы ақ,инкубациялық сапасы жоғары болады.жұмыртқаның ұрығы 95-95,8 пайзға жуықтайды,инкубацияға салынған жұмыртқалардан 80 пайздан астамынан балапан өсіп шығады,балапан тез өседі.бұрнғы кеңес одағына леггорн тұқымды тауықтар АҚШ пен Англиядан 1925 жылы әкелінді оларды «красный» совхозына орналастырды.1962-1968 жылдары леггорн тұқымды тауықтарды мамандырылған жүйелері мен жоғары өнімді тектері канададан,голландиядан,германиядан,жапониядан әкелінді.ғылмыи-зерттеу мекемелерінде,аймақтық тәжірибе станциялары мен асыл тұқым зауаттарда осы тұқымды құс тегі мен отандық мамандандырылған жұйелерін күту жөнінде жұмыс жүргізілуде.леггорн тауық біздің еліміздегі тағамдық жұмыртқа өндірумен шұғылданатын шаруашылықтардың барлығына таратылған.
Ет және ет-жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымдары.ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өндіру үшін өсіріледі,аталық түр ретінде корниш тұқымы,аналық түр ретінде ақ плимутрок пайдалыынылады.
Корнуэлльскілік тауықтар (корниш) Англиядағы корнузлл графында жергілікті жігерлі малайскі және азил тұқымды тауықтарды будандастыру жолымен өсірілді.қауырсындарының түсі бойынша бұл тұқымның қоңыр,ақ,қызыл және сұрғылт сияқты бірнеше түрлі болады.Ақ корништер балапан-бройлерлер өндіру үшін аталық түр ретінде пайдаланып,басқа тұқымдармен будандастырған кезде,олар өздерінің еттік жоғары сапаларын ұрпақтарына жақсы дарытады.сондықтан олар бройлерлік өнеркәсіп дамыған елдерде (Ақш-та,Англияда,канадада,жапонияда,францияда және басқа елдерде)өсіріледі.құстың басы қысқа әрі жалпақтау келеді,қысқа тұмсығы имек тартып жігерлі тұрпай береді,айдары жаңқа тәрізденіп,кеудесі мен иықтары кең,денесі аумақты келеді,тұрқы орташа,аяақтарының арасы алшақ,ширақ,қауырсындары ,денесіне тығыз жабысып түрады құйрығы қысқа,сәл салбыранқы.бұлтұқымды тауықтың төс және сан еттері өте жетілген ересек тауықтары -3,3-3,8кг,әтештері -4,5-5,0кг салмақ тартады.корнишсоншалық көп жұмыртқаламайды –жылына әрқайсының салмағы 58-60гкелетін 110-130 ғана жұмыртқа табады.жұмыртқа қабығы қоңыр түсті.бұл тұқымды тауықтың жынысы 6 айлығында жетіледі.балапан басу инстинкті жақсы дамыған.жұмыртқаның балапан басып шығаруы тым жоғары емес,орта есеппен тұқым бойынша бұл көрсеткіш 63-70 пайыз.корништер аталық түр ретінде пайдалану бройлерлер алуға мұмкіндік береді.олардың әрқайсысы 49 күндігінде 1,5-1,7кг салмақ тартып,өсімнің 1 кг-на 2,2-2,5 кг құрама жем жұмсалады.
Кезінде кенес одағына кроништер әр трлі елдерден ( 1959 жылы Ақш-тан,1963-1967жылдары канададан ,1964жылы жапониядан ,1966-1973
жылдары германядан әкелінді).будандастыру мен одан әры жүгізілген асылдандыру жұмысы нәтижесінде тауықтың мейлінше өнімді ет-жұмыртқа бағытындағы тұқымы өсірілді.алайда соңғы уақытта,ақ плимутрок негізінен бройлерлер өндіруг пайдаланып отырған шақта дене құрлысы жнінен ет-жұмыртқа бағытындағыдан гөрі ет бағытындағы түріне көбірек жақындайтын мамандандырылған жүйелер мен популяциялар құрылды.
Күрке тауықтардың тұқымдары мен кросстары
Курке тауықтарды ет алу үшіән ғана өсіреді. сондықтан өнім бағыты жөнінен оларды сұрыптамайды .
“Қола” тұқымы АҚШ-та үй күрке тауықтарын жабайы және ағылшынның қара күрке тауықтарымен будандастыру арқылы алынды. Жабаиы күрке тауықтардан олар қола түсті қауырсынды, сондай ақ дене құрлысының бітімін мирас етті қола күрке тауықтары кеңде томпақ кеудесімен, ұзын да жалпақ жауырынымен, биік, біршама жуан аяқтарымен ерекша көзге түседі. Баспен мойын терісінің құрылу түсі күрке тауық жағдайына байланысты қызылдан көгілдір-ақ түске өзгеріп отырады. Мойынының төменгі бөлігі мен жауырынның алдыңғы бөлігіндегі қауырсындардың түсі мыс-қола тәрізді келеді. Жалпы қауырсыны қара, тек қауырсын қанаттарының түсі ақ немесе көлденең жолақтары сұрғылт-ақ, құирық қауырсындары қоңыр көлденең жолақтармен қара күркң түсті болады. Ұрғашы тауықтарының қауырсындары соншалық жарқырамсайды. Олардың құйрығы қысқа келеді және тарамданбайды. Ересек еүрке тауықтар 7-9 кг, ал аталықтары 14-16кг салмақ тартады, 60-90жұмыртқа табады аталмыш тұқымның құсы қайтадан қалпына жақсы келтіру қасиеттермен, балапанды көп шығарғыштығымен және жұмыртқасының ұрықтанғыштығымен ерекше көзге түседі.
Қола түсті кең кеуде күрке тауықтар өсімінің шапшаңдығы азықтың жақсы өтелуі және дене құрлысының ет бітімі жөнінен сеДәріслардың нәтижесінде қола күрке тауықтарлың негізі құрылды. Төс еттерінің тым жақсы жетілуі әсерәнен олар кең кеуде тұқым аталды . осы алуан түсті құс едәуір ірі . тауықтары 9-12, әтештері 18-20кг салмақ тартады. әтештерінің ең жоғары тірілей салмағы 35кг-ға дейін жетеді балапандары 13апталығында орта есеппен 4,4кг, ал 17апталығында өсімнң 1кг-ға 2кг-ға жуық азық шығындағанда 6,6кг салмақ тартады. Құс жұмсақ және шырынды етінің молдығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |