Құс шаруашылығының маңызы және құстардың биологиялық қасиеттері. Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары. Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы


Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі16,57 Kb.
#156418
1   2   3
Байланысты:
lektsiya 10

3 Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы. Құстарды шаруашылықта өсіру үшін балапандарды көктемде сатып алуға болады. Құс қорасын кең, жарық, су өткізбейтін, жылы, басқа аң-құс алмайтындай етіп биік те түзу жерге салады. Жақсы жылытылып салынған қорада қыс уақытында құсты терең төсеніш үстінде ұстаса, оның ішіндегі жылуы 6-80С –тан төмендемейді. Балапандарды бордақылағанда еденнің әрбір шаршы метріне 15 шөже, немесе 9 аптаға дейінгі 6 қаз балапанын, немесе 8 аптаға дейінгі 8 үйрек балапанын немесе 4 айға дейінгі 4 күркетауық балапанын өсіруге болады. Тұқымға қалдырылған балапандарды өсіргенде бұл тығыздық көрсеткіштері екі есе азайтылады. Тығыз, серуенсіз ұсталған құстың бір-бірін шоқитынын (канибализм), өз қауырсынын жұлатынын, мазасызданатындығын да ойластыру керек.
Құс қорасын тегіс, құрғақ сәл оңтүстікке, күн көзіне қарай қиғаш, су ағызуға ыңғайлы жерге салады. Ылғалды жерге ұсақ тас төсеп, 15-20 см биіктетеді. Құс қорасының алдында көлемі оның жартысындай етіліп ашық алаң қоршалады. Ол құстардың серуендеп, таза ауа жұтып, күн көзіне жылынуына қажетті серуен алаңы – күншуақ. Күншуақ қоршауының биіктігі тауықтар қорасында -2,2 м, қаз қорасында -1,5 м, үйрек қорасында -0,6 м болуы тиіс.
Құс қорасына төсеніш төселетіндіктен күнделікті саңғырық шығару қажет емес. Төсеніштегі биохимиялық үрдістердің арқасында жылу бөлініп, қора ішін жылытады. Қызғандағы жоғары температура мен төсеніштегі қышқыл орта бірқатар жұқпалы індеттержің қоздырғыштарын жояды. Құс қорасына төсеніш ретінде шымтезек, ағаш үгіндісі, сабан, құрғақ ағаш жапарақтары, ірі құм пайдаланылады.Төсеніштің жұмсалу мөлшері құс түріне байланысты.
Қора аумағы жетіспеген жағдайда құсты арнайы торшаларда өсіреді. Құс ұстау үшін өндіріс металдан КБИ және КНИ маркалы торшалар шығарады. КБИ торшаларында жұмыртқалағыш тауықтардың 180 балапанын немесе 40-50 етті бройлер-балапанын өсіруге, ал КНИ торшаларында – 20 мекиен өсіруге болады. Құс денесін биттен, қауырсын жегіш түрлі паразиттерден таза сақтау үшін күлге аунатып тұру қажет.
Қорада өсірілетін құстың денсаулығы, өсіп-жетіліп, өнім беру қабілеттілігі қора ішінің микроклиматына тығыз байланысты. Микрокөрсеткіштеріне бөлме ішінің жылылығы, жарықтығы, ылғалдылығы, ауа алмасуы жатады. Бөлме температурасы өсірілетін құстың жасына байланысты өзгертіледі. Тауық балапандары өсірілетін бөлме температурасы 1-20 тәулікте 210С, ал 21-49-шы тәулікте - 160С, тауық өсірілетін бөлмеде - 80С төмен болмауға тиіс. Құс ағзасына бөлме ауасының 60-70% ылғалдылығы жайлы тиеді. Қора ішінде қажетті ылғалдылық пен ауа тазалығын сақтау үшін желдеткіш жүйесін құрастырады. Құс ағзасына физиологиялық күшті әсер ететін фактор – тәуліктік жарық мерзімінің ұзақтығы. Жұмыртқа қалыптасуы тек жарық кезде өтеді. Жарық режимін өзгерту арқылы балапандардың жыныстық жетілуін біршама баяулатуға, ал екінші жағынан өсіп-жетілуін жылдамдатып, қауырсын ауыстыруын жеделдетуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет