Құс шаруашылығының маңызы және құстардың биологиялық қасиеттері. Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары. Құс шаруашылығының өнімін өндіру технологиясы


Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары



бет2/3
Дата03.11.2022
өлшемі16,57 Kb.
#156418
1   2   3
Байланысты:
lektsiya 10

2 Құс тұқымдары және асылдандыру жұмыстары. Құс тұқымдары негізгі өндірілетін өнім түрі бойынша жұмыртқалағыш, етті-жұмыртқалағыштық, еттік, әсемдік және спорттық бағыттарға бөлінеді. Шаруашылықта әдетте тауықтардың жұмыртқалағыш және етті-жұмыртқалағыштық тұқымдарын, үйрек, қаз және күркетауықтардың етті тұқымдарын өсіреді.
Тауық тұқымдары. Тауық тұқымдары жұмыртқалағыш, етті-жұмыртқалағыш және етті бағытқа бөлінеді. Жұмыртқалағыштық тауық тұқымдары шапшаң, жеңіл сүйекті, тығыз қауырсынды келеді. Әдетте 4-5 айлықтарында мекиендері сақа таықтардың тірідей салмағының 75 пайызына жетіп, жұмыртқалай бастайды. Елімізде ең көп тараған тұқымдары леггорн және орыстың ақ тауығы.
Леггорн тауығы. Тауықтардың тұлғасы үшбұрыштанып келеді. Түсі негізінен ақ. Басы орташа, мойныұзын, қайқы, қораздарының мойын қауырсыны өскен. Кеудесі шығыңқы, дөңгелектеніп келеді. Жотасы ұзын, қайқы, сирақтары жүнсіз, тік келеді. Мекиендері 4,5-5 айлығында жұмыртқалай бастап, жылына 200-дей жұмыртқа береді. Жұмыртқадан балапан шығымы жоғары (80-90%). Мекениінің тірідей салмағы – 1,2-1,8 кг, қоразынікі – 2,0-2,5 кг. Жұмытқасының салмағы 50-60 г.
Орыстың ақ тауығы. Жергілікті тауықтарды леггорн тұқымымен шағылыстыру арқылы шығарылған. Леггорндарға қарағанда ауыр салмақты, етті келеді. Мекиендері 5-5,5 айлығында жұмыртқалай бастайды. Сыртқы түр-түсі леггорндарға ұқсаған, тек бастары олардікінен үлкенірек болады.
Етті жұмыртқалағыштық тауық тұқымдарына мекиендерінің тірідей салмағы – 2-2,6 кг, қораздарынікі – 3,0-3,6 кг, жылына әрқайсысы 56-60 г тартатын – 160-180 жұмыртқа табатын тұқымдар жатады. Оларға роз-айленд, нью-гемпшир, плимутрок, сусекс және оларды жергілікті тұқымдармен шағылыстыру жолымен шығарылған мәскеу, бірінші май, ливен, юрлов тұқымдары жатады.
Етті тауық тұқымдарына корниш тұқымы жатады. Бұл тұқым ағылшын жерінде шығарылған. Оның денесі ірі, төртбақ келеді. Жуас, сирақтары қысқа, қауырсындары сирек. Кеуде бұлшық еттері өте жетілген. Мекиендерінің тірідей салмағы 3-3,5 кг, қораздарынікі 4-4,5 кг. Жұмыртқасының әрқайсысы 38-60 г тартады. Жылына 130-150 қоңыр түсті жұмыртқа береді. Балапан шығымы – 70%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет