Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.
Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.
Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі.
Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы. Үздіксіз, бір ізді, мақсатты түрде жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде айқындалған заңдылықты, педагогикалық басылымдар, арнайы ғылыми баяндамалар арқылы медодикалық құралдар, оқулықтар жасау арқылы мектептің озат тәрбиесімен дәлелденіп, тиімділігі жан жақты айқындалған зерттеулердің кепілі болуы керек. Педагогикалық жаңалықтарды, озат тәжірибені, ғылыми-теориялық концепцияларды зерттеу, эксперименттік жұмыстар арқылы байқаудан өткізіп, тексеріп, оның нәтижелерін шығару тиімділігін көрсету, педагогикалық ынтымақтастық идеясын жүзеге асыру – қазіргі мектептің, педагогикалық ғылымның, әрбір мұғалімнің борышы.