Кеме жүргізу ережелерін бұзу (393-бап)
Қылмыстық кодекстің осы бабында абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әскери кемелерді жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Объективтік жағынан қылмыс:
кеме жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу;
абайсызда кісі өлімінің немесе өзге де ауыр зардаптардың болуы;
көрсетілген ережелерді бұзу мен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады.
Кеме жүргізу немесе оны пайдалану ережелерін бұзу кеме жүргізудің белгіленген ережелерін сақтамау, оның жылдамдығы мен бағытын өзгерту, тірекеуге алу тәртібін бұзу, оның жекелеген агрегаттарын, бөлшектерінің жұмыс істеу тәртібін сақтамау арқылы орын алуы мүмкін. Қылмыс құрамы жөнінен материалдық. Кеме жүргізу ережелерін бұзу мен одан туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыстың болуы шарт. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлының абайсыздық нысаны арқылы (менмендік немесе немқұрайдылық) жүзеге асырылады.
Белгіленген тәртіп пен әскери құпияны сақтауға қарсы
қылмыстар.
Әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (386-бап)
Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарына қабылданған әрбір әскери қызметші әскери құпияны қатаң сақтауға, әскери құпиясы бар құжаттарды заңда белгіленген тәртіппен қорғауға ант қабылдайды. Қылмыстың заты әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттар. Мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды немесе заттарды осы құжаттар немесе заттар қызметі бойынша сеніп тапсырылған адамның жоғалтуы, егер жоғалту аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген ережелерін бұзудың салдары болып табылса, онда мұндай іс-әрекет үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-тармағында көзделген. Мұнда мемлекеттік құпиясы жоқ әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттар мен заттарды жоғалту туралы сөз болып отыр. Жоғалту осындай құжаттар мен заттар өзіне сеніп тапсырылған әскери қызметшінің салақтығынан немесе жауапсыздығынан болады. Аталған құжаттар мен заттарды ұстаудың белгіленген ережелерін бұзуға-осы құжаттар мен заттарды сақтаудың алып жүрудің, жөнелтудің сақтық шараларын сақтамау жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады, ол көрсетілген заттар мен құжаттар жоғалған сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс абайсыздықпен жасалады. Әскери сипаттағы құпия мәліметтердің тізімі арнаулы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілді. Әскери сипаттағы құпияға мәліметтерді осы мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған немесе қызметі бойынша белгілі болған адам жариялауға құқылы емес. Қылмыс құрамы формальдық, сондықтан да ол осындай құпияны жариялаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен де, абайсыздықпен де істелуі мүмкін. Ауыр зардаптарға белгіленген әскери шаралардың іске аспауы, әскери бөлімнің қызметіне ірі материалдық залал келу, әскери құрылымның қызметіне елеулі нұқсан келу т.с.с. жатады. Әскери лауазымды қылмыстар.
Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (380-бап)
Қылмыстың тікелей объектісі-әскери басқару аппаратының белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан бастықтың немесе лауазымды адамның билікті немесе қызмет бабын теріс пайдалануы, билігін немесе қызметтік өкілеттігін асыра қолдануы, сол сияқты пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделілікте жасаған және елеулі түрде зиян келтірген биліктің әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Яғни қылмыс объективтік жағынан үш түрлі жеке қылмыс құрамынан құралады:
қызмет бабын теріс пайдалану;
қызметтік өкілдігін асыра қолдану;
биліктің әрекетсіздігі.
Көрсетілген қылмыс құрамдарының түсінігі Қылмыстық кодекстің 307,308, 315-баптарында берілген. Олардың объективтік және субъективтік жақтарының белгілері ұқсас. Қылмыстық кодекстің 380-бабындағы қылмыстың субъектісі әскери лауазымды адамдар.
Қызметке селқос қарау (381-бап)
Бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауынан елеулі түрде зиян келтірілсе-кінәлы адам Қылмыстық Кодекстің 381-бабының 1-тармағы бойынша, ал ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет үшін жауаптылық осы баптың 2-тармағы бойынша белгіленген.Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер үшін жауаптылық көрсетілген баптың 3-бөлігінде белгіленген. Қызметке селқос қарау құрамының объективтік және субъективтік белгілері Қылмыстық Кодекстің 316-бабындағы осындай құрамға ұқсас. Бұл құрамдар бір-бірінен құрамның объект және субъект белгілері бойынша ажыратылады. Қызметке селқос қарау (381-бап) объектісі әскери басқару аппаратының белгіленген қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың субъектісі әскери лауазымды адамдар және әскери мекеме бастығы. Қылмыстық кодекстің 381-бабының ескертуіне сәйкес осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекетті алғаш рет жасаған әскери қызметші қылмысты жеңілдететін мән-жайларда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Шайқас даласында және соғыс жүріп жатқан ауданда әскери қызметті атқару тәртібіне қарсы қылмыстар. Құрып бара жатқан әскери кемені бейберекет тастап кетудің қоғамға қауіптілігі сол мұндай ретте кеме ішінде бейберекетсіздік пайда болып, кеме экипажы мүшелерінің қаза болуына, әскери техниканың күйреуіне әкеп соғуы мүмкін. Қылмыс объективтік жағынан:
құрып бара жатқан әскери кемені өзінің әскери міндеттерін ақырына дейін орындамаған кеме командирінің, сол сияқты;
командирдің оған тиісті өкімінсіз қызмет атқаратын кеме командасы құрамындағы адамның тастап кетуі арқылы сипатталады. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субъектісі кеме командирі немесе кеме командасындағы адам.
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе
тастап кету (383-бап)
Жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету әскери борыш пен антты бұзудың ауыр түрі болып табылады. Осыған орай бастықтың өзіне сеніп тапсырылған әскери жүктерді жауға беруі, сол сияқты ұрыс жағдайы мәжбүр етпеген ретте бекіністерді, әскери техниканы және соғыс жүргізудің басқа да құралдарын жауға қалдырып кету, егер аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында жасалмаса ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 383-бабында көзделген. Бұл жерде қылмыс бастықтың жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кетуі арқылы көрініс табады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен сипатталады. Қылмыстық ниет әдетте қорқақтықтан немесе жігерсіздіктен болуы мүмкін. Аталған әрекеттер жауға жағдай туғызу мақсатында істелмеуі керек. Қылмыс субъектісі арнаулы, өзіне сеніп тапсырылған әскери күштерді жауға берген, әскери техниканы, басқа құралдарды жауға қалдырған бастық.
Тұтқынға өз еркімен берілу (384-бап)
Тұтқынға өз еркімен берілу мемлекетке опасыздықтың арнаулы түрі, әскери қызметтен жалтарудың ең қауіпті нысаны болып табылады. Әрбір әскери қызметші ең қиын деген жағдайлардың өзінде Отан алдындағы борышын адал атқаруға, тұтқынға өз еркімен берілмеуге міндетті. Қорқақтық немесе жігерсіздік салдарынан өз еркімен тұтқынға берілгендік үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 384-бабында көзделген. Қылмыс әрекет арқылы өз еркімен тұтқынға берілу жолымен жүзеге асырылады. Әскери қызметшіні қарсылық көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда күшпен тұтқынға алу тұтқынға өз еркімен берілуге жатпайды, яғни мұндай ретте адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс тұтқынға өз еркімен берілген сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субъектісі кез келген әскери қызметші.
Тонаушылық (385-бап)
Шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын талан-таражға (тонау) салу- тонаушылық деп танылады (Қылмыстық Кодекстің 385-бап). Қылмыс объективтік жағынан алғанда өлгендердің, жараланғандардың заттарын талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Талан-тараж ашық, жасырын түрде бөтеннің мүлкін өз меншігіне айналдыру мақсатында жүзеге асырылады. Мұндай тонаушылық жәбірленушіге (мысалы контузия алғандарға, жаралыларға) зорлық әрекеттері де көрсетілуі мүмкін. Тонаушылық әрекеттері өлгендерге де, жараланғандарға да қолданылуы мүмкін. Тонаушылықтың жасалатын орны ұрыс әрекеті жүріп жатқан немесе болған шайқас даласы. Тонаушылық әрекеттері жәбірленуші өлтіру немесе оған әр түрлі дене жарақаттарын келтірумен ұштасса, кінәлының әрекеті қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың мақсаты пайдакүнемдік, жәбірленушінің мүлкін иемдену. Қылмыс субъектісі-кез келген әскери қызметші.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР :
1-тақырып. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің түсінігі, оның маңызы және жүйелері
ӘДЕБИЕТТЕР :
Уголовное права Республики Казахстан 1998; Уголовное право России. Особенная часть. Учебник под ред. Б.В. Здравомыслова М. Юрист. 1996.; Уголовное право Росийской Федерации. под ред. Козаченко И.Я. Особенная часть. М. Юрист. 1996.; Уголовное право Особенная часть. Учебник для вузов М. Норма. 1998.; Курс советского уголовного права. Л. 1973-1981. 3-5 т.; Курс советского уголовного права. М. 1970-1971. 4-6 т., А. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті жарғы, 2000 ж.
2- тақарып. Қылмысты саралаудың ғылыми негіздері
ӘДЕБИЕТТЕР :
Брайнин Я.М. Уголовная ответственность и ее основание в советском уголовном праве. М. 1963.; Бурчак Я.Г. Квалификация преступлений. Киева. 1983; Карпушин М.П., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М. 1974.; Кудрявцева В.Н. Уголовная ответственность и состав преступления. М. 1974.; Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификаций преступления. М. 1972.; Куринов Б.А. Научные основы квалификаций преступлений. М. 1984.; Пинотковский А.А. Учение о преступлений по советскому уголовному праву. М. 1961., Трайнин А.Н. Общее учение о составе преступления. М. 1957.
3-тақырып. Жеке адамға қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін Заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» 1993 жылдың 23 сәуіріндегі №1 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Жаршысы. 1993, №2).; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттардың қолдану туралы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Жаршысы. 1994, №1).; Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказания по российскому праву. М. 1994.; Загородников Н.И. Преступления против жизни по советскому уголовному праву. М. 1961.; Ткаченко В.И.Квалификация преступлений против личности. М.1981.; Саркисов Г.С. Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни, здоровье, свобода и достоинство личности. Еревечи. 1990.; Читлов Д.С. Охрана здоровья граждан от тяжких насильственных посягательств: уголовно-правовые и криминологических исследования. Саратов. 1974.; Чечель Г.И. Жестокий способ совершения Преступления против личности. Нальчик. 1992 Половые извращения и их профилактика. М. 1990.
4-тақырып. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар.
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» // Сәуір, 2002 ж жылғы № 6 нормативтік қаулысы (Заң газеті, 15 мамыр 2002 жыл).
Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть. М. Юрист. 1196.; Уголовное право. Особенная часть. М. Норма. 1998.; Практикум по уголовному праву. Учебное попосбие. из-во Бек. М. 1997.
5-тақырып. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Борисов В.И. Уголовная ответственность за нарушение правил охраны труда. Харьков. 1990.; Булатов С.Я. Ответственность за преступления против порлитических, трудовых и других прав граждан по Уголовному Кодексу Казахской ССР. Алма-Ата 1962.; Иванов В.Н. Уголовно-правовая охрана основных прав граждан. М. 1967.
6-тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы. Егемен Қазақстан, 19-наурыз 1999 ж.; Андрюхин М.Н. Геноцид-тягчайщее преступление против человечества. М. Госюриздат 1961.; Демидов Ю.М. Уголовная ответственность за нарушение национального и рассового равноправия. Ж. «Государство и право». 1994. №7.; Ромашкин П.С. Преступления против мира и человечества. М. Наука 1967.; Плешаков А.М. Экологические преступления против мира и безопасности человечества. Ж. «Государство и право» 1994.; Трайнин А.Н. Защита мира и уголовный закон. М. Наука. 1969.; Уголовное право Российской Федерации. Особенаая часть. М. Юрист. 1996.; Уголовное право. Особенная часть. Учебник для вузов. М. Норма 1998. Панов В.П. Международное уголовное право Особенная часть. Учебник для вузов. М. Норма. 19989 Панов В.П. Международное уголовное право. Учебное пособие М. ИНФРА. 1997.
7-тақырып. Мемлекеттің конституциялық құрылысы және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Анашкин Г.З. Ответственность за измену Родине и шпионаж. М. 1964.; Турецекий М.В. Особо опасные государственные преступления. Из-во МГУ. 1965.; Особо опасные государственные преступления. Госюризд. 1961.; Тельнов П.Ф. Иные государственные преступления М. 1970.; Дьяков С.В. Игнатьев А.А., Карушин М.П. Ответственность за государственные преступления. М. 1988.
8-тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» 1996 жылғы 26 шілдедегі қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Жаршысы. 1996, №3).; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Қорқытып алушылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 11 қаулысы (Жоғарғы Сот Жаршысы. №1, 1996); Борзенков Г.Н. Уголовно-правовые проблемы охраны имущества граждан от корыстных посягательств. М. 1991.; Владимиров В.А. Квалификация похищений личного имущества граждан. М. 1974.; Владимиров В.А. , Ляпунов Ю.И. Ответственность за корыстные посягатьельства на социалистическую собственность М. 1986.; Горбачев А.В. Тенчов Э.С. Рахмер хищения и его доказывание Горький. 1986.; Кригер Г.А. Квалификация хищений социалистического имущества. М. 1974.; Пинаев А.А. Уголовно-правовая борьба и хищениями. 1975.; Тенчов Э.С. Уголовная ответственность за хищение государственного или общественного имущества путем мошенничества. СЮ. 1982, №18.; Алауов Е.О. Проблемы уголовно-правовой борьбы с вымогатальством. Алматы. 1997.
9-тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
«Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсанындағы заңы (Егегмен Қазақстан. 1996ж. 27 желтоқсан). «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы заңы «Егемен Қазақстан. 1997 ж. 25 қаңтар») Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 сәуірдегі заңы. Егемен Қазақстан 4 сәуір. 2001 жыл. Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысы (Юридическая газета. 1997 ж.23 шілде). Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» қаулысы (Жоғары Сот Жаршысы, 1996, №3).; Гладышев Ю.А., Головлев Ю.В. Ответственность за преступления в сфере предпринимательства Н. Новгород. 1995; Уголовное право Российской Федерации. Особенаая часть. М. Юрист. 1996.; Уголовное право Особенная часть М. Норма. 1998.; Практикум по уголовному праву. Из-во БЕК. М. 1997.
10-тақырып. Коммерциялық және өзге ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңы. Егемен Қазақстан, 26 қаңтар 2001 жыл. Қазақстан Республикасындағы аудиториялық қызмет туралы 1993 жылғы 18 қазандағы заңы (Халық Кеңесі. 2 желтоқсан, 1993 жыл). «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасындағы аудиториялық қызмет туралы 1993 жылғы 18 қазандағы заңы (Халық Кеңесі. 2 желтоқсан, 1993 жыл).; «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 5 желтоқсанындағы заңы (Егемен Қазақстан. 11 желтоқсан, 1997 жыл).; «Ноториат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы шілденің 14-індегі заңы (Егемен Қазақстан. 23-шілде, 1997 жыл).; Уголовное право России. Особенная часть (под ред. А.И. Рарага М. 1966; Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть.(отв.ред. Б.В. Здравомчслов М. 1996.; Уголовное право Особенная часть) под ред. Казаченко И.Я. М. 1998.
11-тақырып. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі» 1995 жылғы 25 шілдедедгі №4 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Жаршысы. 1995, № 3).; Қазақстан Республикасы Жоғары Сотв Пленумының Бұзақылық істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы« 1995 жылғы 25 шілдедедгі №5 қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғары Сот жаршысы 1995, №3).; Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының 2001 жылғы 27 шілдедегі № 2 «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелрі туралы» нормативтік қаулысы. Заң газеті. 18 шілде, 2001 ж. Даньшин И.Н. Уголовно-правовая охрана общественного порядка. М.Ю.. 1973.; Тихий В.П. Ответственность за хищение огнестрельного оружия, боевых припасов и взрывчатых вещетсв по советскому уголовному праву. Харьков 1976.; Гришанин П.Ф. Владимиров В.А. Преступления против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения. М. ВШ МООП. РСФСР. 1963.; Дурманов Н.Д. Уголовная ответственность за преступления против общественной безопасности и здоровья населения. М. Госюризд. 1962.; Ефимов М.А. Борьба с преступлениями против общественного порядка, общественной безопасности и здоровья населения. Минск. 1971.; Матышевский П.С. Ответственость за преступления против общественной безопасности, общественного порядка и здоровья населения. МЮЛ. 1964.; Яценко С.С. Ответственность за преступления против общественного порядка. Киев. 1976.
12-тақырып. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Музыка А.А. Уголовно-правовая борьба с наркоманией. Киев 1988.; Смитенко В.Н. Уголовно-правовая охрана здоровья и населения в СССР. Киев . 1989.; Смитенко В.Н. Объект преступления против здоровья населения. Омск. 1973.
13-тақырып. Экологиялық қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы «Жер туралы» Заңы. «Егемен Қазақстан», 6 ақпан, 2001 жыл.
Постановление Пленума Верховнорго Суда СССР от 7 июня 1983. «О практике применения судами законодательства об охране природы» (сборник постановлении Пленума Верховного Суда СССР 1924-1986 гг.; М. 1987. 64-80 б.; Жевлаков Э.Н. Экологические преступления. М. 1995.; Колыско А.Ю.; Маляев Е.О. Экологические пресупления. Н. Новгород. 1993.; Бушуева Т.А. Уголовная политика в области охраны окружающей природной среды. Проблемы советской уголовной политики. Владивосток. 1985.; Ляпунов Ю.И. Уголовно-правовая охрана природы органами внутренних дел. М.Акад. МВД СССР. 1974.; Пакутин В.Д. Уголовно-правовая охрана внешней природной среды (объект и система преступлений). Уфа. 1977.; Повелицына П.Ф. Уголовно-правовая охрана природы в СССР. М. Юрид. Литература. 1981.; Курс советского уголовного права. М. Наука. 1971. Т.5.; Шемученко Ю.С. Мунтян В.Л., Розовский Б.Г. Юридическая ответственность в области охраны окружающей среды. Киев. Наука думка. 1978.; Эффективность юридической ответственности в охране окружающей среды. М. Наука. 1985.
14-тақырып. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Постановление Пленума Верховного Суда СССР от 30 марта 1990 г. «О судебной практике по делам о взятничестве», постановление Пленума Верховного Суда СССР «О судебной практике по делам о злоупотреблении властью или служебным положением, превышении власти или служебных полномочий, халатности и должностном подлоге» от 30 марта 1990 г. (Бюллетень Верховного Суда СССР. 1990.).; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Соттардың парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңды қолдану тәжірибесі туралы» 1995 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы (Жаршы №1, 1996).; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2001ж. 13 желтоқсандағы № 18 «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» нормативтік қаулысы. «Заң» газеті, 9 қаңтар, 2002 ж. Агыбаев А.Н. Уголовная ответственность за должностные злоупторебления в Республике Казахстан. Алматы, 1995, изд-во «»Жеті жарғы: Агыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы 1997.; из-во «Жеті Жарғы»; Волженкин Б.В. Квалификация взяточничества. Л. 1984.; Галахова А.В. Превышение власти или служебных полномочий. М. 1978.; Здравомыслов Б.В. Должностные преступления. Понятие и квалификация. М. 1975.; Мельников В.Е. Должностные преступления (вопросы квалификации) М. 1985.; Лысов М.Д. Ответственнность должностных лиц по советскому уголовному праву. Казань. 1972.; Коржанский Н.И. Квалификация следователем должностных преступлений. Волгоград. 1986.
15-тақырып. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Сташис В.В., Бажанов М.Х. Преступления против порядка управления. Харьков. 1971.; Владимиров В.А., Ляпунов Ю.И. Преступления против порядка управления. М. 1969.; Поленов Г.Ф. Ответственность за преступление против порядка управления. М. ЮЛ. 1966.; Поленов Г.Ф. Ответственность за похишение, подделки документов и их использование. М. Ю. 1980.
16-тақырып. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
ӘДЕБИЕТТЕР :
Рашковская Ш.С. Преступления против правосудия. М. 1978.; Хабибуллин М.Х. Ответственность за укрывательство преступлений и недоносительство по советскому угловному праву. Казань 1984.; Власов И.С. Тяжкова И.М. Ответственность за преступления против правосудия М. Госюризд. 1962.; Тихенко С.И. Преступления против правосудия. Киев. 1970.
17-тақырып.
ӘДЕБИЕТТЕР :
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 20 наурыздағы «Келісім шарт бойынша әскери қызмет туралы» Заңы. «Егемен Қазақстан» 26 наурыз, 2001 ж. Ашитов З.А. Вопросы дальнейшего укрепления социалитической законности (соотношение воинских и общеуголовных престувплений). Алма-Ата . Казахстан. 1976.: Закон об уголовной ответственности за воинсктие преступления. Комментарии. М. ЮЛ. 1969.; Научно-практичкский комментария к закону об уголовной ответственности за воинские преступления под. ред. А.Г. Горного. М. Госюризд. 1961.; Уголовное право. Особенная часть. М. под. ред Козаченко И.А. М. 1998.
Мазмұны
Алғы сөз................................................................................ .........…....3
Бірінші тарау. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің
түсінігі және оның маңызы .................. .............……...............4
Екінші тарау. Жеке адамға қарсы қылмыстар....................................8
Үшінші тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстардың жеке құрамдары. Кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық іске тарту ...........................................................53
Төртінші тарау. Адамның және азаматтың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың
түсінігі және түрлері.............................................................................62
Бесінші тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру
немесе жүргізу .....................................................................................77
Алтыншы тарау. Қазақстан Республикасының сыртқы
қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық................85
Жетінші тарау. Меншікке қарсы қылмыстар.....................................96
Сегізінші тарау. Экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстардың нақты түрлері.Заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасау 116
Тоғызыншы тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдарға
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар. Өкілеттіктерді
асыра пайдалану ..................................................................................148
Оныншы тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық
тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке
жататын қылмыстардың нақты түрлері.
Терроризм 154
Он бірінші тарау. Халықтың денсаулығына және
адамгершілікке қарсы қылмыстар.Есірткі заттарды немесе
жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу,
сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу 182
Он екінші тарау. Экологиялық қылмыстар198
Он үшінші тарау. Көліктегі қылмыстар.Көліктегі
қылмыстарға жалпы сипаттама 216
Он төртінші тарау.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстар. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері 229
Он бесінші тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты
өкімет өкілдерімен басқа адамдарға қарсы қылмыстар.
Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ұжданы
мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның
қызметіне кедергі жасау 252
Он алтыншы тарау. Сот төрелігіне және жазаларды
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар. Сот төрелігіне
және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы
қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері 274
Он жетінші тарау. Әскери қылмыстар. Әскери қылмыстың
түсінігі және жалпы сипаттамасы. Әскери қылмыстың
түрлері 304
Әдебиеттер.................................................... ..................…… ..323
Достарыңызбен бөлісу: |