Препроцессор директивасы
main( )
{
Обьектілерді _ сипаттау;
Орындалатын _операторлар;
}
Препроцессордың дерективалары тек программаның басында ғана орналаспайды. Олар қажеттілік жағдайында программа мәтінінің кез келген бөлігінде орналаса алады. Бірақ, жұмыс істеуге арналған тақырыптық файлдарды программаның мәтінінің басында орлаластыру ұсынылады.
#include <...> дерективасы программаның мәтініне компилятордың стандатты библеотекасымен бірге берілетін "тақырыптық файлы " каталогынан файл мәтінін қосуға арналған.
Си тілінің стандартымен анықталған әр библеотекалық функция сәйкес библеотекалық функция прототипін сипаттаудан плюс бір тақырыптық фйлдардың ішіндегі типтер, айнымалылар, макросипаттамалар, тұрақтылар сипаттамасынан тұрады. Стандартты библеотекалар үшін тақырыптық файлдар тізімі тілдің стандартымен анықталған. Программада
#include <тақырыптық_файл_аты >
препроцессорлы дерективасын қолдану программаға сәйкес стандартты библеотекасын қоспайды.Препроцессорлық өңдеу программаның негізгі мәтіні дәрежесінде орындалады. #include дерективасы программаның мәтініне нұсқалған тақырыптық файлдан сипаттауды қоюға мүмкіндік береді.Программаға библеотекалық функциялар кодын қосу байланыстарды редактрлеу сатысында, компиляциядан кейін, яғни, программаның машиналық коды алынғаннан кейін орындалады (компановка сатысы) .Стандартты библеотекалардың библеотекалық функцияларын сипаттаудан тұратын, файлдарда қолданылатын "тақырыптық файл" (header file) термині кездейсоқ емес. Ол бұл файлдарды программаның басында іске қосуды, яғни, сәйкес библеотекаларға ертерек байланысуды жөн көреді.
Программаның әр функциясының атының алдында функция қайтаратын мәннің типін (нәтиже типін) көрсету керек. Егер функция ештеме қайтармаса, онда void типі көсетіледі. main() функциясы операциондық жүйе командасымен орындалуға жіберілетін программаның функциясы болып табылады. main() функциясымен қайтарылатын мән операциондық жүйеге беріледі. Егер программист операциондық жүйе оның програмасының орындалу нәтижесін талдайды деп санамаса, онда қайтарылатын мін жоқ деп көрсетуі керек, яғни void типті. Егер нәтиже типі жоқ болса, онда үнсіздік бойынша main функциясы int типті бүтін санды қайтарады.
Си тіліндегі әр функция (сонымен бірге main ) параметрлер терілімінен тұрады. Бұл жиын бос болуы да мүмкін, ондай жағдайда жақш ішіндегі функция атынан кейін void қызметтік сөзі жазылады немесе жақша бос қалады.Қарапайым функциялардан қарағанда main() негізгі функциясы параметрлермен де оларсыз да жазыла алады. main() функциясының параметрі берілгендерді орындалу ортасынан құралдардан өтіп, енгізу- шығару стандартты функциясынан орындалу программасына беруді ұйымдастырады. Функцияның денесі – фигуралық жақшаларға алынған, сипаттамалар, анықтамалар және орындалатын операторлар кезектілігінен тұратын блог. Әр анықтама, сипаттама және әр оператор ';' символымен аяқталады.
Анықтамалар программада берілгендерді өңдеуді жариялауға қажетті обьектілерді енгізеді. Бұндай обьектінің мысалы ретінде атаулы тұрақтылар және түрлі типтегі айнымалылар.Анықтамалар компиляторға программаның басқа бөлімінде анықталған функциялар мен обьектілердің аты мен сипаттамаларының қасиетін ескертеді. Операторлар программаның әр орындалу қадамындағы әрекетін анықтайды..
Достарыңызбен бөлісу: |