3. Меншіктеу (өрнектр мен операторлар) Си тіліндегі "=" символы өрнекте екі операнда болуы керек – сол (әдетте айнымалы болатын, модифицирленетін атаулы өрнек ) және оң (әдетте өрнек) бинарлы операцияны білдіреді. Егер z – айнымалы болса , онда
z= 2.3+5.1
мәні 7.4 ке тең өрнек бар. Сонымен бірге бұл мән z айнымалысына меншіктеледі. Тек егер меншіктеу операциясы бар өрнектің соңынан ";" символы қойылса, сонда ғана өрнек меншіктеу операторы болып табылады. Сөйтіп,
z= 2.3+5.1;
мәні 7.4– ке тең z айнымалысына меншіктеу операторы .
Оператор – нақты бір әрекеттен тұратын программалау тілінің сөйлемі. Меншіктеу операциясымен өрнектің типі мен мәні '=' белгісінен кейінгі оң жақтағы өрнектің мәнімен анықталады. Бірақ, бұл тип өрнектің сол жағындағы айнымалалардың типімен сәйкес келмеуі мүмкін Бұндай жағдайда айнымаланың мәнін анықтауда типтердің түрленуі орындалады.
'=' белгісінің оң жағындағы өрнек өз кезегінде меншіктеу операциясынан тұруы мүмкін болғандықтан, бір меншіктеу операторында бірнеше айнымалыны меншіктеуге болады, яғни көп меншіктеу ұйымдастыруға болады, мысалы:
с = х = d = 4.0 +2.4;
Табиғи шектеу - '=' белгісінің сол жағында әр меншіктеу операциясында тек солжақмүмкін өрнек болуы мүмкін (айнымалы өрнек) .
Си тілінде "меншіктеудің құрама операторының" жиыны бар. Меншіктеудің құрама операцияларының әр қайсысы қандай да бір бинарлы логикалық немесе арифметикалық операцмяларды және өздік меншіктеулерді біріктіреді.Меншіктеудің құрама операциясы меншіктеудің құрама операторының негізгісі болып табылады:
Айнымалы аты ор=өрнек; Мұндағы ор - *, /, %, +,- операцияларының бірі. Егер "ор*" конструкциясын екі операция ретінде қарастырсақ, онда алдымен ор орындалады, содан кейін '='.