С++ те бағдарламалау пәнінен дәрістер


Программалық қамсыздандыруды өңдеу периоды



бет13/79
Дата07.02.2022
өлшемі380,73 Kb.
#94133
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Байланысты:
Дәріс сабақтары С каз

5. Программалық қамсыздандыруды өңдеу периоды
ПҚ-дың классикалық периодын қарастырайық.

  1. Проектіге қойылатын талаптар қалыптасып, талданады. Проектіге қойылатын талаптың қате болуы артық жұмыс істеуге әкеп соғатындықтан,бұл саты өте маңызды болып табылады. Ал күрделілікті дұрыс бағаламау уақыт пен құралдардың артық шығынына әкеп соғады. Бүгінгі таңда талапты даярлау сатысында кеткен қатеден көлемді проектілердің 60% -ы сәтсіздікпен аяқталады. Әр түрлі әдіс бойынша қойылатын талаптардың негізінен проектінің көлемі және оның еңбек сиғыштығы, болашақта кететін еңбек шығындары және оның бағасы анықталады. Проектіге қойылатын талап жұмыс барысында өзгеруі және нақтылануы мүмкін болғандықтан, ал талаптың орындалуын қадағалау керек болғандықтан, талаптарды басқару үшін арнай прграммалар қолданылады. Әдетте тапсырыс беруші өзіне не қажет екенін түсіндіре алмайды, ал жүйелік талдаудағы мамандардың тапсырмасы— талаптарды түрлендіруге жарамды түрде білдіруге көмек көрсету. Содан кейін талаптар ПҚ- ды өңдеу контрактісіне жазылады. Ары қарай өнімге қойылған кез келген талапты бұзу(тапсырыс берушінің жағынан да, орындаушы жағынан да) контракті бұзу болып саналады. Бұл этапағы жұмыстың көлемінің шамасы — барлық проектінің 5% —н құрайды.

  2. Автоматизация обьектісін проект алды тексеруі басталады. СASE- құралы көмегімен оның жұмысының формальді моделі, деректер базасының, обьектілер және ақпарат ағымының моделі құрылады. Бұл этапта тапсырма құрылатын пәндік облыспен жақсы таныс тапсырыстың мамандары және сарапшылары жұмысқа тартылады. Бұл этапағы жұмыстың көлемінің шамасы — барлық проектінің 10% —н құрайды.

  3. Формальді модель негізінде программистер үшін нақты техникалық тапсырма, жекеленген модулдердің спецификациясы , деректер базасының кестесі, басқа жетекші құжат құрылады. Жұмыстың нақты жұмыс жоспары дайындалады, онда барлық жолдар, нақты орындаушылар және орындалатын жұмыс көлемі( апта бойынша, ай бойынша) көрсетіледі. Бұл этапағы жұмыстың көлемінің шамасы — барлық проектінің 10% —н құрайды.

  4. ПҚ –ның өңдеу методологиясы таңдалады және өңдеу басталады (кодтау). Өңдеу процесінде қажет:

  • Талаптың жүзеге асуының дұрыстығын білу үшін, тапсырыс берушімен үздіксіз кері байланыста болу;

  • Жоспар бойынша жұмыстың жүруін үздіксіз бақылау және бас тартулар болған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау;

Бұл этапағы жұмыстың көлемінің шамасы — барлық проектінің 10% —н құрайды.



  1. Программа аяқталған соң(жұмыс істеуге дайын альфа-версия ) ол қатенің барын тексеретін және табылған қатені пограммистке хабарлайтын орындаушы компанияның тестеріне түседі. Талданады, дебес жағдайда , критикалық немесе дұрыс емес мәндерді енгізгенде, ақпараттың жоқтығынан, аппаратураның жаңылуынан, стрессті режимдерде және т.б жағдайларда программа жұмысының беріктігін талдайды. Анықталған уақытта (апта, ай) пайда болған қате саны эксперементальді таңдалған дәрежеге дейін т төмендеген кезде(балама проектілер негізінде), тапсырыс берушіде бета-тестілеу басталады. Бұндай тесілеуге қызеткерлердің максималды саны жұмылдырылады, және программа жұмыс режимінде бөліктей функционалдана бастайды. Бұл этапағы жұмыстың көлемінің шамасы — барлық проектінің 10% —н құрайды.

  2. Тапсырыс берушіні өнім сапасы қанағаттандырған кезде, оны ендіру—эксплуатацияға жіберуге дайындық басталады. Егер қосымша көп қолданушылық болса, көп жағдайда желіні түрлендіру және баптау керек, сервер орнату, қосымша программаларды жүктеу керек болады. Көптеген қызметкерлер бірігіп құрған және әртүрлі фирмалардан сатылынып алынған (құралған автоматтау деп аталатын) ескі программалардан(мысалы, бухгалтерлік есепке алу, еңбек ақыны есептеу, қызметкерлермен жұмыс) жаңа интеграцияланған жүйеге көшу кезінде өте көп мәселелер туындайды, өте қажетті ақпараттарды: барлық бухгалтерлік және финанстық есеп берулерді, сақтаудағы құралдар туралы ақпарат және т.б. салыстыра тексеру, енгізу, тасымалдау керек болады. Бұл саты ең еңбекті көп қажет етеді және барлық проектімен жұмыс уақытының 90% -на дейінін алуы мүмкін .

  3. Жаңа жүйе жұмысқа дайын болғаннан кейін, тапсырыс беруші компанияның жұмысшыларына осы жүйемен жұмыс істеуді үйрету керек, себебі ол туралы кітап жазылмаған және нақты кәсіпорынға ендірілген бұл жүйенің жұмыс спецификациясымен байланысты кемшіліктері көп. Оқытуға кететін еңбек шығыны барлық проектке кететін еңбек шығынының — 5% — ын құрайды.

  4. Тапсырыс беруші қабылдау актісіне қол қойған соң, проект аяқталған болып есептеледі, бірақ, орындаушымен байланыс жоғалмайды. Әдетте бастапқы уақытта жүйемен жұмыс кезінде қолданушыларда онымен байланысты біраз сұрақтар туындайды. Жөндеуге керек қателерден де қашып құтылу мүмкін емес. Сонымен қатар, орындаушы жүйенің жаңа версияларын да шығара алады және ескі жүйені жаңарту керек болады. Жүйеге қызмет көрсетуге тапсыс берушімен бірлесу деп аталады. Ол анықталған кепілдік уақытына дейін тегін.(мысалы, бір жыл)

Құру циклындағы программалау мен жөндеудің (тестілеудің) нақты көлемі көп емес. Ол барлығы жалпы көлемнің 10-20% - ын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет