| Түстің саны | Рұқсат етілген | драйвер файлы |
Константа аты
|
Константа мәні
|
CGA
|
1
|
CGAC0
|
4
|
320x200
|
CGA.BGI
|
CGAHi
|
2
|
640x200
|
EGA
|
3
|
EGALo
|
16
|
640x200
|
EGAVGA.BGI
|
EGAHi
|
16
|
640x350
|
VGA
|
9
|
VGALo
|
16
|
640x200
|
EGAVGA.BGI
|
VGAHi
|
16
|
640x350
|
Графикалық режимде монитор экранымен жұмыс істеуге арналған функцияларды қолдану үшін graphics.h тақырыптық файлын қосу керек.
2. Инициализация және графикалық режимнен шығу
Мүмкін графикалық режимдердің біреуін орнататын функция.
initgraph(&d,&m,p);
мұндағы d –драйверді береді, m –режимді береді, p – драйвер файлына жолды береді, яғни BGI кеңейтіліміндегі сәйкес файлға (Ескерту: Егер драйвер файлы ағымдағы каталогта болса, онда жол ретінде келесіні береді "").
Мысал:
initgraph(9,VGALo,"c:\");
Бұл функция 16 әр түрлі түстерді көрсету мүмкіндігімен 640х200 пикселді рұқсатымен режимді орнатады.
Ескерту: Сонымен қатар, Detect стандартты константасы бар. Оны драйвер түрінде көрсеткенде автоматты түрде қажетті драйверді және мониторға сәйкес келетін режимді орнатады.
Мысал:
Графикалық режимді инициализациялау
int d,m;
d=DETECT;
initgraph(&d,&m,"");
Графикалық режимнен шығу үшін closegraph функциясы қолданылады;
3. Координат жүйесі
Бейнені экранда бейнелеу үшін координат жүйесі қолданылады.
Графикалық режимде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ көрінбейтін ағымдағы нұсқағыш бар. Ағымдағы нұсқағыштың орынын ауыстыру үшін келесі функцияларды қолдануға болады:
moveto(x,y); - ағымдағы нұсқағышты (x,y)координатындағы нүктеге әкеледі
moverel(x,y); - ағымдағы нұсқағышты горизонтал бойынша х нүктеге, вертикал бойынша у нүктеге әкеледі.
Орнатылған режимге рұқсаты бар вертикал және горизонтал бойынша нүктелердің максималды санын анықтау үшін келесі функцияларды қолдануға болады:
getmaxx() – Орнатылған режим үшін х-тің максималды мүмкін мәнін анықтайды.
getmaxy() - Орнатылған режим үшін у-тің максималды мүмкін мәнін анықтайды.
4. Негізгі фигураларды құру
1. putpixel(x,y,c);
(x,y) координаттарымен нүкте салу, c түсті білдіреді.
2. Сызық салу
line(x1,y1,x2,y2);
(x1,y1)нүктесінен (x2,y2) нүктесіне дейін сызық сызады.
lineto(x,y);
ағымдағы көрсеткіштен (x,y)нүктесіне дейін сызық сызады.
Сызықтың түсі келесі функциямен беріледі
setcolor(c);
Сызықтың стилі келесі функциямен беріледі
setlinestyle(l,p,t);
l тұрған жерге сызықтың стилін береді;
Сызық стилдерінің кестесі
Константа аты
|
Константа мәні
|
Жазылуы
|
SolidLn
|
0
|
|
DottedLn
|
1
|
|
CrnterLn
|
2
|
|
DashedLn
|
3
|
|
UserBitLn
|
4
| Қолданушы типі |
t сызықтың қалыңдығын көрсетеді;
сызықтың қалыңдығының кестесі
Константа аты
|
Константа мәні
|
Жазылуы
|
NormWidth
|
1
|
орташа(1 пиксель)
|
ThickWidth
|
3
|
қалың (3 пикселя)
|
P үлгіні береді
Егер қолданушы стандартты стиль қолданылса, онда р-ның мәні 0-ге тең.
Егер қолданушы өз стильін қолданса, онда р-ның мәні 4-ке тең.
3. Төртбұрыш салу
rectangle(x1,y1,x2,y2);
Боялмаған тіктөртбұрыш салу, мұндағы
Төртбұрыштың сызығын бояу үшін setcolor функциясын қолданамыз, ал қалыңдығы мен стилін өзгерту үшін setlinestyle функциясын қолданамыз.
bar(x1,y1,x2,y2);
Боялған тіктөртбұрыш салу
Бояғанда келесі функциямен өрнектелетін шаблон және түс қолданылады:
setfillstyle(n,c);
мұндағы, n- толтыру стилі, c – түсі.
толтыру стилі кестесі
Константа аты
|
Константа мәні
|
жазылуы
|
EmptyFill
|
0
|
Фон түсімен боялады
|
SolidFill
|
1
|
Ағымдағы түспен боялады
|
LineFill
|
2
|
|
LtslashFill
|
3
|
|
SlashFill
|
4
|
|
BkslashFill
|
5
|
|
LtbkslashFill
|
6
|
|
HatchFill
|
7
|
|
XhatchFill
|
8
|
|
InterLeaveFill
|
9
|
|
WideDotFill
|
10
|
|
CloseDotFill
|
11
|
|
UserFill
|
12
|
Қолданушының анықтауы бойынша толтырылады
|
4. Параллелепипед салу
bar3d(x1,y1,x2,y2,d,t);
мұндағы,
d үш өлшемді контурдың тереңдігін береді, t тік төртбұрышты параллелепипедке төбені қосу(t=1) керек пе, жоқ (t=0) па соны анықтайды.
Сызықтың түсі setcolor функциясымен анықталады. Сызықтың стилі setlinestyle функциясымен анықталады. Бояудың стилі мен түсі setfillstyle функциясымен анықталады.
5. Дөңгелек,дога,, эллипс салу
circle(x,y,r);
радиусы r, центрі (x,y) нүктесінде орналасқан дөңгелек салу.
түс setcolor функциясымен беріледі.
arc(x,y,b,e,r);
b бастапқы бұрыштан e соңғы бұрышына дейін,
радиусы r, центрі (x,y) нүктесінде орналасқан
дога салу.
Ескерту: Егер b=0, e=360 болса, онда дөңгелек сызылады.
ellipse(x,y,b,e,xr,yr);
b бастапқы бұрыштан e соңғы бұрышына дейін(x,y) нүктесінде центрі орналасқан эллипс салу, xr – X бойынша радиус, yr –Y бойынша радиус.
6. Бояу түсі және фон түсі
setbkcolor(c);
Графикалық режимде фонның түсін анықтайды.
cleardevice();
Графикалық режимде экранды тазалау функциясы.
floodfill(x,y,c);
setfillstyle функциясымен анықталатын ағымдағы түспен және толтыру стилімен белгіленген аймақты бояйды.
(x, y) – белгіленген аймақтың ішінде орналасқан нүкте, c – белгіленген аймақтың шекарасының түсі.
7. Графикалық режимде мәтін шығару
outtext(s);
Нұсқағыштың ағымдағы орынынан бастап мәтіннің жолын шығарады.
s – жолдық типтің айнымалысы немесе тұрақтысы.
outtextxy(x,y,s);
(x, y) – мәтіннің басы орналасатын нүкте.
Ескерту: Экранға сандық берілгендерді шығару үшін алдымен санды жолға айландыру қажет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Экранмен жұмыс істеуге арналған қандай графикалық режимдер бар?
Графикалық обьектілерді сызуға арналған қандай функциялар бар?
Достарыңызбен бөлісу: |