Программаның мәтіні Си тіліндегі әр программа препроцессорлық дерективалардың, сипаттамалардың және глобальді обьектілерінің кезектілігі. Препроцессорлық дерективалар программа мәтінін оның компеляциясына дейін түрлендіруді басқарады. Анықтамалар функциялар мен обьектілерді енгізеді. Объектілер программада берілгендерді өңдеуді жариялауда қажет. Функциялар программаның потенциялды мүмкін әрекеттерін анықтайды. Сипаттау программаның басқа бөлігінде (мысалы, оның мәтінінен төменде немесе басқа файлда) анықталған обьектілер мен функциялардың аты мен қасиетін компиляторға ескертеді.
Си тіліндегі программа бір немесе бірнеше мәтіндік файл түрінде рәсімделуі керек. Мәтіндік файл жолдарға бөлінген.