8.1. Негізгі әдебиеттер 1. Нейбауэр А. Моя первая программа на С/С++ /Перев. с англ. – СПб: Питер, 1995
2. Подбельский В.В., Фомин С.С. Программирование на языке СиЖ Учеб. пособие. – 2-е доп. изд. – М.: Финансы и статистика, 1999
3. Информатика. Базовый курс. 2-е издание / Под ред. С.В. Симоновича. – СПб.: Питер, 2005
8.2. Қосымша әдебиеттер
1.Дейтел Х., Дейтел П. Как программировать на Си. – М.: Бином, 2000
2. Мейер Б., Бодуэн К. Методы программирования. Т. 1 и 2. – М.: Мир, 1984
4 апта
Тақырып 5. Меншіктеу операторы. Енгізу – шығаруды ұйымдастыру. Дәріс жоспары Берілгендерге қолданылатын операциялар.
Өрнектер.
Меншіктеу.
Типтерді келтіру. Типтерді түрлендіру ережелері.
Берілгендерді шығару функциялары.
Берілгендерді енгізу функциялары.
Дәрістің қысқаша конспектісі 1.Берілгендерге қолданылатын операциялар
"Берілгендерге қолданылатын операциялар" сөйлемі обьектінің және операциялар амалдарын қолдануының бар екенін білдіреді. Бір обьектімен жүргізілетін операция унарлы деп, ал екі обьектімен жұмыс – бинарлы деп аталады.
Негізгі унарлы операциялар
унарлы плюс, симметрия үшін унарлы минуспен енгізілген
!
ЕМЕС – операнданың мәнін логиклық жоққа шығару
++
Бірге үлкейту (инкремент немесе автоүлкейту); екі формасы бар:
префиксті операция – операнданың мәнін қолданғанға дейін 1 ге ұлғайту.
постфиксті операция - операнданың мәнін қолданғаннан кейін 1 ге ұлғайту.
Операцияның операндасы ретінде тұрақты мен өрнек болмауы керек
--
Бірге кеміту (декремент немесе автокеміту) – унарлы операция, операндасы ретінде тұрақты мен өрнек болмауы керек:
префиксті операция – операнданың мәнін қолданғанға дейін 1 ге ұлғайту.
постфиксті операция - операнданың мәнін қолданғаннан кейін 1 ге ұлғайту.
Негізгі бинарлы операциялар
+
Бинарлы плюс – операндаларды қосу.
-
Бинарлы минус - операндаларды азайту.
*
Операндаларды көбейту.
/
Операндларды бөлу.
%
Бүтінсанды операндаларды бөлуден қалған қалдық (модулі бойынша бөлу).